V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
VІІ. Үйге тапсырма: бақылау жұмысына дайындалу.
11-сынып.
Бақылау жұмысы.
Мақсаты:
Оқушыларды І тоқсан бойы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау, тексеру.
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуге дағдылан,дыру.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: өз бетімен жұмыс
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
І нұсқа.
Тербелмелі контурдың индуктивтілігі 1,6 мГн, электр сыйымдылығы 0,04 мкФ, ал конденсатордағы ең үлкен кернеу 200 В. Контурды идеал деп, есептеп, ток күшінің максимал мәнін анықтаңдар. (Жауабы. 1 А)
Тербелмелі контур сыйымдылығы 2,5 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 1 Ге катушкадан тұрады. Конденсатор астарларындағы зарядтың амплитудасы 0,5 мкКл. Заряд тербелістерінің теңдеуін жазыңдар. (Жауабы: 0,5·10-6 соs630t ).
Индуктивтігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болма, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? ( 50Гц; 0,02 с)
Тербелмелі контур индуктивтігі 10-6 Гн катушка мен әр астарының ауданы 100 см2 ауалы жазық конденсатордан тұрады. Контур 2·107 Гц жиілікте резонансқа түстеді. Конденсатор астарларының ара қашықтығы қандай? (0,14 см).
ІІ нұсқа.
Индуктивтік катушкадағы токты 1А-ге өзерткенде 0,06 с ішінде 0,2 В ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушкадан және сыйымдылығы 14100 Ф конденсатордан тұратын генератор шығаратын радиотолқынның ұзындығы қандай болады? (77500 м).
Кернеудің әсерлік мәні 127 В тізбекке индуктивтігі 0,16 Гн, актив кедергісі 2 Ом катушка мен сыйымдылығы 64 мкФ конденсатор тізбектей жалғанған. Тербеліс жиілігі 200 Гц болса, ток күшінің әсерлік мәні қандай? (1,2 А).
Индуктивтілігі 2 Гн катушканың индуктивтік кедергісі 628 Ом болса, айнымалы токтың жиілігі мен периоды неге тең? (50 Гц; 0,02 с).
Тербелмелі контурдың сыйымдылығы 8 пФ конденсатор мен индуктивтігі 0,5 мГн катушкадан тұрады. Катушкадағы ток күшінің максимал мәні 40 мА болса, конденсатордағы максимал кернеу қандай? (317 В).
ІІІ нұсқа.
Тізбектегі ток күші i=8,5sin(628t+0,325) заңымен өгереді. Ток күшінің әсерлік мәнін, оның бастапқы тербеліс фазасы мен жиілігін табыңдар.
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор мен индуктивтілігі 4 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордағы зарядтың тербелістер амплитудасы 100 мкКл. q=q (t), i=i (t), u=u (t) теңдеулерін жазыңдар. Ток күші мен кернеу тербелістерінің амплитудаларын табыңдар.
Тербелмелі контур әрбір астарының ауданы 100 см2 ауа конденсаторы мен индуктивтігі 10-5 Гн катушкадан тұрады. Контурдағы тербелістер периоды 10-7 с. Конденсатор астраларының ара қашықтығын анықтаңдар. (3,49 мм)
Егер тербелмелі контур индуктивтілігі 2·10-3 Гн катушкадан және жазық конденсатордан тұрса, ол қандай толқын ұзындығына арналған? Конденсатор пластиналарының ара қашықтығы 1 см, пластиналардың арасын толтырып тұрған диэлектриктің диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, пластиналардың ауданы 800 см2. (2350 м).
V. Қорытындылау.
VІ. Бағалау.
11- сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.
І нұсқа.
1. Индуктивтілігі 31 мГн катушка әрбір астарының ауданы 20 см2, ал арақышқытығы 1 см жазық конденсаторға жалғанған. Егер ток күшінің амплитудасы 0,2 мА, ал кернеудің амплитудасы 10 В болса, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған ортаның диэлектрлік өтімділігі неге тең?
2. Тізбектегі ток күші уақытқа тәуелді заңы бойынша өзгереді. Ток күшінің әсерлік мәні, оның бастапқы фазасы мен жиілігі қандай? t1=0,08c; t2=0,042c уақыт мезетінде тізбектегі ток күші неге тең?
3. Кеңістіктің қайсыбір нүктесіне оптикалық жүріс айырымы 6 мкм когерентті сәлелер түседі. Егер толқын ұзындығы: а) 500 нм, ә) 480 нм болса, онда бұл нүктеде не болады? Жарық күшейе ме, әлде әлісірей ме?
4. Дене жинағыш линзаның алдыңғы фокусынан 0,1 м қашықтықта, ал дененің айқын кескіні алынған экран линзаның артқы фокусында одан 0,4 м қашықтықта орналасқан. Линзаның оптикалық күші және дененің ұлғаюы қандай?
5. Төртінші орбитадан екінші орбитаға ауысқандағы сутегі атомы шығаратын сәуленің толқын ұзындығын анықтау керек.
11- сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.
ІІ нұсқа.
Егер тербелмелі контур индуктивтігі 2ּ10-3 Гн катушка мен жазық конденсатордан тұрса, ол қандай толқын ұзындығымен сәйкестендірілген? Конденсатор астарларының ара қашықтығы 1 см, астарлар арасындағы кеңістікті толтырып тұрған заттың диэлектрлік өтімділігі 11-ге тең, астарлар ауданы 800 см2.
егер сынаптың жасыл сызығы (λ=546,1 нм) біріші реттік спектрде 1908/ бұрышпен көрінсе, дифракциялық торда ұзындық бірлігіндегі сызықшалар санын анықтаңдар. (sin1908/=0,3278).
Егер Жерге қатысты 0,99с жылдамдықпен қозғалатын ракета ішінде 5 жыл өтсе, онда Жерде қанша уақыт өтеді?
Натрийді жиілігі 4,5ּ1015 Гц жарықпен жарықтандырса, оның бетінен ұшып шығатын электрондардың жылдамдығын табыңдар.
Бор теориясын пайдаланып, сутегі атомы үшін электронның бірінші орбитасының радиусын және осы орбитадағы электронның жылдамдығын анықтау керек.
11- сынып.
Бақылау жұмысы.
І жарты жылдық.
ІІІ нұсқа.
Индуктивті катушкадағы ток 0,6 с ішінде 1 А-ге өзгергенде, онда 0,2 В-қа тең ЭҚК-і пайда болады. Контуры осы катушка мен сыйымдылығы 14100 пФ конденсатордан тұратын генератор шығаратын толқын ұзындығы қандай?
Тербелмелі контур сыйымдылығы 1 мкФ конденсатор мен индуктивтігі 4 Гн катушкадан тұрады. Конденсатордағы зарядтың тербелістер амплитудасы 100 мкКл. теңдеулерін жазыңдар. Ток күші мен тербелістерінің амплитудаларын табыңдар.
Күн бетінің температурасы 6000 К болса, онда 1 с ішінде оның 1 км2нен шығатын энергия қандай?
Еге мырышты ультракүлгін жарықпен (λ=320 нм) жарықтандырса, онда электрондар қандай ең үлкен жылдамдықпен қозғалады?
Дене мен кескіннің ара қашықтығы 0,72 м. Линазынң ұлғайтуы 3-ке тең. Линзаның фокус аралығын табыңдар.
11-сынып.
Сабақ тақырыбы: §4.1.§4.2. Толқындық қозғалыс жайлы түсінік. Толқындар интерференциясы және дифракция құбылыстары.
Сабақ мақсаты:
Оқушыларға толқындар, толықндардың сипаттамалары, толқындар интерференциясы, максимум, минимум шарттары, дифракция құбылысы туралы түсінік беру.
Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Бақылау жұмысын талдау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Тербелістердің ортада таралу процесі толқындық қозғалыс деп аталады.
Толқындық қозғалыс кезінде кеңістіктің бір аумағынан екінші аумағына бөлшектер емес, энергия тасымалданады.
Ортаның бөлшектері толқындардың таралу бағытына перпендикуляр бағытта тербеліс жасаса, толқындар көлденең толқындар деп аталады.
Ортаның бөлшектерінің тербеліс бағыты толқындардың таралу бағытына сәйкес келсе толқындар қума толқындар деп аталады.
Толқын ұзындығы бір фазада тербеліс жасайтын толқынның жақын екі нүктесінің ара қашықтығымен анықталады.
Толқынның таралу жылдамдығы:
Қ
-толқындық сан.
ума толқынның теңдеуі:
Толқын шебі дегеніміз –тербеліс процесі өтіп жатқан бетті тербеліс жоқ беттен бөліп тұратын шекаралық бет.
Толқын шебі τ+Δτ уақыт мезетінде осы ең кіші толқынды басып озады.
Достарыңызбен бөлісу: |