Сабақ тақырыбы: тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер. Сабақ мақсаты



бет42/151
Дата17.01.2020
өлшемі18,15 Mb.
#56040
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151
Байланысты:
11 сын поуороч
11 сын поуороч, 11 сын поуороч, 3-сынып ктж
Тәжірибе:


Саңылаудың өлшемі толқын ұзындығынан кіші болса, тосқауылдың сырт жағынан дөңгелек толқындар таралады.

Егер саңылаудың өлшемі толқын ұзындығынан үлкен болса, одан өткен толқындар өз пішінін өзгертпейді.


IV.Есептер шығару.

А.П. Рымкевич. Есептер жинағынан: №1046. 1047, №1048.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §4.1.§4.2. Толқындық қозғалыс жайлы түсінік. Толқындар интерференциясы және дифракция құбылыстары.№4.2.1.


11-сынып.

Сабақ тақырыбы: §4.3. Жарықтың интерференциясы.

Сабақ мақсаты:

1.Жарық интерференциясы , дифракциялық тор, дифракциялық тор периоды туралы түсінік беру.

2. Оқушыларды ­өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.

3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.



Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеокассеталар, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Толқындық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Толқындық қозғалыстың негізгі ерекшеліктері қандай?

  3. Толқынның таралу жылдамдығының толқын ұзындығы мен тербеліс жиілігіне тәуелділігі қандай?

  4. Қума толқындарды көлденең толқындардан қалай ажыратуға болады?

  5. Қума толқын дегеніміз не?

  6. Толқын шебі дегеніміз не?

  7. Толқындық бет дегеніміз не?

  8. Фазалық жылдамдық дегеніміз не?

  9. Интерференция дегеніміз не?

  10. Когеренттік толқын дегеніміз не?

  11. Интерфернция кезіндегі максимум және минимум шарттары қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Көрінетін жарық дегеніміз – ұзындығы 780 нм-ден 400 нм аралығында болатын электромагниттік тоқындар. Артық энергиясы бар қозған атомдар энергиясы аз күйге ауысады да электромагниттік толқындар шығарады, демек, жарық шығарады. Бұл процестің ұзақтығы 10 нс-ке созылады., сөйтіп атом синусоиданың бір үзігін шығарады. Оны толқындық цуг деп атайды.

Интерференция құбылысын 1675 жылы Ньютон, одан кейін Юнг және Френель байқаған.

Жарық толқынының интерференциясы тек когерентті толқындар қабаттасқанда ғана пайда болады.



Интерференцияны іске асыру әдістер:

Юнг әдісі.



Френель әдісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет