Сабақ Тақырыбы: Тірі жасуша біртұтас динамикалық жүйе. Прокаритотты және эукариотты жасушалар



бет15/41
Дата10.11.2023
өлшемі4,1 Mb.
#190901
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
Байланысты:
Семинар сабақтары-молек.биология
7сынып 3тоқсан 382 бұйрық
Пысықтау сұрақтары:

  1. Нуклеин қышкылдарына сипатама беру

  2. ДНҚ қандай қызмет атқарады?

  3. ДНҚ-ның екі еселенуі (репликациясы) дегеніміз не?

7практикалық сабақ
Тақырыбы: Ақуыз биосинтезі: (ДНҚ, м-РНҚ, и-РНҚ, р-РНҚ тізбегі)
Мақсаты: Биосинтез процессінің өтуіне қатысатын рибонуклеин қышқылдарының құрылымы және атқаратын қызметтерімен танысу. Генетикалық код. Прокариоттар мен эукариоттардағы тРНҚ трансляциясы, трансляция кезеңдері, оның механизмдері мен регуляциясы. Ақуыздардың трансмембрандық көшуі, ақуыздың котрансляциялық және посттрансляциялық модификациясы.
Жұмыстың орындалуына түсініктеме: Ақуыз биосинтезіне қатысатын нуклеин қышқылдарының тізбегі орнын және атқаратын қызметтеріне сипаттама беріп сызба ұүсқасын салу
Қажетті құрал-жабдықтар:ДНҚ репликациясының аша тұрпатында кескінделген сызба.
Қысқаша сипаттама: Ақуыз синтезі - өте күрделі процесс. Ақуыз синтезінің негізінде жатқан молекулалық процестер өте күрделі. Олардың көпшілігі жазылып суреттелгенмен толық мазмұнын, айталық транскрипция, репарация және ДНҚ-ның репликациясы тәрізді түсіндіру әзір мүмкін емес. Мысалы, белок синтезінде РНҚ молекулаларының кез келген бір класы емес, үш класы (иРНҚ, тРНҚ және рРНҚ) қатысады, бірақ неге бұлай болатыны айқын түсінікті емес. Сондықтан ақуыз синтезінің егжей-тегжей негізінен, әліде белгілі бір теорияда жалпыланбаған жалаң факты ретінде қабылдауымыз керек.
Ақуыз синтезінің процесінде басты агент рөлін тРНҚ молекулалары атқарады. Оларға полимеризацияланбай тұрып, яғни полипептидтерге бірікпей тұрып, амин қышқылдары жалғасады. тРНҚ-ның молекуласына карбоксилдік ұшымен қосыла отырып, амин қышқылдары белсенді түрде энергияға бай түрге айналады, ол өз бетімен пептидтік байланыс түзе алады, сөйтіп полипептидтерді синтездеуге мүмкіндік туады. Бұл белсенділік процесі - ақуыз синтезіне қажетті кезең, себебі бос амин қышқылдары полипептидтік тізбекке тікелей жалғаса алмайды. Өсіп келе жатқан полипептидтік тізбекке дәл сол амин қышқылы қосылуы керектігі амин қышқылына байланысты емес, оны тіркеп алған тРНҚ молекуласына тәуелді. Мұны бір ерекше әсем тәжірибенің көмегімен анықтауға мүмкін болды, онда ерекше тРНҚ-ға жалғанған амин қышқылын химиялық әдіспен басқа амин қышқылына (цистеинді аланинге) айналдырған. Кейін мұндай будан молекулалар клеткасыз жүйеде жұмыс істегенде, дұрыс емес амин қышқылы ақуыз тізбегіне сол тРНҚ "қызмет" жасағанда үнемі қосылып отырған.
Ақуыздардың синтезделуі негізінен екі кезеңнен тұрады:
1. Ядролық кезең немесе транскрипция. Мұнда ДНҚ қос тізбегінің біреуінің комплементарлы көшірмесі болып табылатын и-РНҚ синтезі жүреді. Осы жолмен синтезделген и-РНҚ әрі қарай синтезделетін ақуыздың негізі болып табылады.
2. Цитоплазмалық кезең яғни трансляция. Цитоплазмада 4 әріптік генетикалық информацияның триплеттік кодтың көмегімен 20 әріптік амин қышқылдарынан тұратын ақуыздың тізбегіне айналу процесі жүреді.
Сонымен бірге онда ақуыздың үшінші, төртінші реттік құрылысының кеңістікте орын алуы және олардың клетка метаболизміне тікелей қатынасуына мүмкіндік туады. Осы айтылған әрбір кезеңге қажет өзінің ферменттері, факторлары, индукторларымен тежеушілері болады. Клеткасыз жүйелер тіршілігін зерттеу осы факторларды ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл қандай факторлар?
1.Белоктардың синтезі рибосомада жүреді;
2. Белоктардың синтезі үшін қажет энергия АТФ және ГТФ арқылы қамтамасыз етіледі, айта кету керек, бір пептидтік байланыс түзілу үшін 4 макроэргтік қосылыс қажет; 3.20-ға жуық амин қышқылдары; 4.20-дан астам аминоацил - т-РНҚ синтетаза ферменті; 5.20-ға жуық т-РНҚ; 6.Мg2+ ионы, конц 5-8 тМ қажет.
Сонымен барлығы 200-ге жуық макромолекулалар, ақуыздық факторлар қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет