Тақырыбы: «Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері»
Оқытушы: Жумабаева И.М.
Пәні:Тамақ дайындау технологиясы
Тобы: ТҰА-201/Б
Күні: 18.02.2022ж
Ақсукент- 2022ж Сабақ жоспары
Сабақ тақырыбы: «Түйнекжемістілер мен тамыржемістілерді өңдеу және турау тәсілдері»
Модуль /пән атауы: КМ 01.01 Тамақ дайындау технологиясы
Дайындаған педагог: Жумабаева И.М.
Күні : 2022 жылғы "18" ақпан
1.Жалпы мәліметтер Курс: 2
Топ: ТҰА-201/Б
Сабақ типі: Аралас сабақ
2.Сәлемдесу: Студенттердің қызығушылығын ояту - Сәлеметсіңдер ме, студенттер!. Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын. Бүгінгі көңіл күйлерің қалай?
3. Мақсаты, міндеттер Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Көкөністер тағамдарының дайындалу әдісі туралы түсінік беру. Іскерлігін,ойлау қабілеттерін, мақал-мәтел айту арқылы танымдық белсенділіктерін, өз ойын ашық, нақты, жүйелі түрде жеткізе білуге үйрету. Студенттерді шығармашылыққа баулу, қауіпсіздік ережелерін дамыту. Оқушыларды өзара жұмыс істеу дағдысына үйрету. Қонақжайлылыққа, ас мәзірін дайындай білуге баулу. Көкөністерден тағамдар дайындай біліп, салауаттылыққа тәрбиелеу. Эстетикалық-этикалық әдістерді жетілдіру, тамақ әзірлеуге қажетті санитарлық-гигиеналық ережелерді сақтау.