Сабақ тақырыбы: Тұлпар-Тальго. Сөз дәлдігі (19-20 сабақ). Модуль /пән атауы Қазақ тілі



Дата24.10.2023
өлшемі23,77 Kb.
#188112
түріСабақ
Байланысты:
19-20-сабақ Тұлпар-Тальго. Сөз дәлдігі.


МКҚК «ЖОҒАРЫ АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

Оқу сабағының жоспары


(теориялық немесе өндірістік оқыту)
Сабақ тақырыбы: Тұлпар-Тальго. Сөз дәлдігі (19-20 сабақ).
Модуль /пән атауы Қазақ тілі
Педагог - Акишева Заурет Исаевна дайындады .
2022 жылғы « »

  1. Жалпы мәліметтер

Курс, топ: МГ-311.1қ, МГ-411.1қ, МГ-511.1қ, СТ-211.1қ
Сабақтың түрі: теория.

  1. Мақсаты, міндеттері

Оқыту нәтижесі: Мәтіндегі негізгі ойды анықтау. Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану.
Бағалау өлшемдері: 1) Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жазады; 2) Логикалық және стильдік түзетулер енгізеді, редакциялайды.

Сабақ мақсаты: – жеке жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға дегени құрмет;
– жұмыстарды орындау барысындағы ынтымақтастық;
– өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;
– жеке жұмыстар, кретаивті шығармашылық ізденістер барысындағы еңбек және шығармашылық;
Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі
Қажетті ресурстар: Презентация. Таныстырылым арқылы тапсырмалармен танысады. Ғаламтормен жұмыс.
Сабақтың барысы
Лексикалық минимум: аграрлық мемлекет, индустралды мемлекет, бір орталыққа бағынған мемлекет, модернизация стратегиясы, туризм т.б
І. Сабақтың басы ( минут) Білу; түсіну:
Қызығушылығын ояту.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Мақсаттар туралы айтылады. Күтілетін нәтижелер белгіленеді.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын, бағалау криетрийлерін талқылау. Оқылым алды тапсырмасы: «Миға шабуыл»
Венн диаграмасы арқылы тыңдалым мен оқылым мәтінін салыстырыңыздар.
ІІ. Сабақтың ортасы ( минут) Қолдану және талдау: Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс. «Ой шақыру» әдісі. Оқулықтағы тапсырмаларды оқи отырып, берілген тапсырмаларды жазады.
Оқылым тапсырмасы:
Тұлпар-Тальго туралы деректер.
Дескриптор:
– Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
– Көтерілген мәселеге баға береді, мәселені талқылайды,
– Әртүрлі жанрдағы мәтіндерге болжам жасай алады, стильдік ерекшелігін ажыратады; - Жазба жұмысын абзац пен бөліктерге бөледі, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп жаза алады; - Көтерілген мәселеге баға беріп, талқылайды.
Тілдік бағдар: Сөз дәлдігі. Тіл ғасырлар бойы, замандар бойы жасалып қалыптасады. Халықтың әр кезеңдегі тарихының, шаруашылық, тұрмысының көрінісі. Ұлттың дәстүр, салт, әдет-ғұрып, тарих, шаруашылық-тұрмыстық өзгерістер, ерекшеліктер, таным, сенім тілде сақталады. Тіл - сонысымен қадірлі. Онда біздің ата-бабаларымыздың ойы, пікірі, жаны мен қаны бар. Тарих тілдің сол тілде сөйлеуші ұлт ерекшелігіне қарай жүйесін қалыптастырады. Тілдік жүйені дыбыстың айтылуы, өзара үндесуі, сөз мағынасы, оның өзгеруі, мағына өзгеруінің әдіс-тәсілдері мен жолдары, қосымша, сөздердің тіркесуі, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі т.б. құрайды. Адам ойы тіл арқылы айқындалады. Сөздің өзі - адам санасындағы ұғым, түсініктің көрінісі. Сондықтан да сөз бен ұғымның арасында алшақтық, қарама-қарсылық болмауы керек. Сөз дәлдігі сол сөздің ұғымына сай келетін мағынаны дәл тауып беруімен анықталады. Сөз дәлдігін айтар, жазар ойға ұштастыруда төмендегі ерекшеліктер, ескерілуі керек. Әр сөздің жеке тұрғандағы мағынасымен бірге басқа сөздермен тіркескенде өзгерер ерекшеліктерін, қызметін, стильдік сипатын, қолданылу аясын да ескеру; Қазақ тілінің заңдылықтары мен ерекшеліктерін жетік білу; Орфоэпиялық норманы меңгеру: әрбір дыбысты, сөзді, тіркесті дұрыс айту, екпінді нық қою, сөздер арасындағы кідіріс, ырғақты дәл беру; Қосымша қимыл-қозғалыс, ым-ишараны дұрыс, орнымен пайдалану.


Кері байланыс: «Сұрақ ілмегі» әдісі. (Мұнда оқушылар грамматикалық тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды.)
Дескрипторға сүйене отырып мұғалім кері байланыс береді.
Оқылымнан кейінгі тапсырма:
Мәтін талдау үшін сұрақ үлгісі:

  • Мәтін қай стильде жазылған? Неліктен екенін дәлелдеңіз?

  • Мәтін қай салаға байланысты ақпараттарды ұсынады?

  • Мәтін қандай мақсатта жазылған? Мәтінде термин, кәсіби сөздер қолданылған ба? Не мақсатпен қолданылды?

  • Мәтінде әдеби көркемдегіш құралдар кездесе ме?

Кері байланыс: «Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.
Мұғалім аузша кері байланыс береді.
ІІІ. Сабақтың соңы (....... минут) Рефлексия. Бағалау:
Рефлексия
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылар сабақтағы іс-әрекеттеріне рефлексия жасайды. Мен бүгін білдім… . Менің бүгін қолымнан келді… . Мен келесі сабақта білгім келеді… Үйге тапсырма: [8] 33-бет, 11-жатттығу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет