Сабақ Тақырыбы: «Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы»



бет1/3
Дата05.03.2023
өлшемі0,92 Mb.
#171114
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль -Ленц заңы. (8 сынып)


«Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектебі» ММ-сі


Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Токтың жұмысы мен қуаты.
Джоуль-Ленц заңы»

Пән мұғалімі: Г.Шаймаханова.




Астана, 2016ж
42 сабақ жоспары



Оқытушы:

Шаймаханова Гүлсім Шахмарданқызы

Пәні:

Физика

Сыныбы:












Мерзімі:

09.02.2016ж










Сабақтың тақырыбы:

Электр тогының жұмысы мен қуаты. Джоуль Ленц заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

Электр тогы жұмысы мен қуатын есептеуді үйрету, Джоуль – Ленц заңын қорытып шығару, алған білімдерін тұрмыста, техникада, күнделікті қажеттілікке қолдана білуге үйрету

Дамытушылық:

Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен шығармашылық ізденуге, өзіндік білім қорын жинауға дағдыландыру, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу, пікір таластыруға және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау

Тәрбиелік:

Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу, өзгенің пікірін сыйлауға тәрбиелеу

Сабақтың міндеті:

Есептеулер жүргізе отырып, ток жұмысы мен қуаты бойынша қандайда бір қорытынды жасау

Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың технологиясы:

Ақпараттық коммуникативтік технология

Қолданылатын әдістер

Миға шабуыл, фронтальды сұрау, тест, сөздікпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс

математика, ағылшын тілі, қазақ тілі, орыс тілі

Оқытудың техникалық ресурстары:

ДК, интерактивті тақта, проектор, Activote тестілеу құрылғысы, электрондықалам, Activslate басқару құралы

Программалық жабдықтамалары:

Active Studio, Power point, MS Word бағдарламалары

Көрнекіліктер:

Флипчарт, тест, үлестірмелі тапсырмалар



Сабақтың барысы және уақытының өлшемі



Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушылардың қатысуын және сыныптың дайындығын тексеру, оқушыларға сабақтың мақсаты мен міндетін және бағалау критерийлерін түсіндіру

2 мин

2

Білімдерін тексеру
Білім бағалау өлшемі

2.Үй тапсырмасын сұрау.
«Тұрақты ток заңдары» тақырыбы бойынша тест.
1.Егер тізбектегі ток күші 8А болса, 20с ішінде өткізгіш арқылы қанша заряд өтеді?
а) 0,4 Кл; б) 16 Кл; в) 160 Кл; г) 2,5 Кл;
2.Кедергісі 20 Ом өткізгіш арқылы 1мин ішінде 300 Кл заряд ағып өтсе, өткізгіш ұштарындағы кернеу қандай болғаны?
а) 50 В; б) 100 В; в) 150 В; г) 200 В;
3 .Суретте көрсетілген схема бойынша B және D нүктелеріндегі тізбектің жалпы кедергісін анықта:


а) 2 Ом
б) 9 Ом
в)6Ом
г) 12 Ом



10 мин

2




4.Кедергілері R1=20 Ом, R2=30 Ом екі резистор электр тізбегіне параллель жалғанған. Егер тізбектегі кернеу 24В болса тізбектегі ток күші қандай?
а)1А; б)1,5 А; в)2А г) 12 А;


5.Кедергілері R1=20 Ом, R2=30 Ом екі резистор электр тізбегіне тізбектей жалғанған. Егер тізбектегі кернеу 24В болса тізбектегі ток күші қандай?
а)1А; б)0,5 А; в)0,38А г) 0,48 А;
Жауабы: 1С; 2В; 3А; 4С; 5D




3

Жаңа тақырыпқа кіріспе



А) Сөздікпен жұмыс
Б) Нені білу керек:

  1. Электр тогының жұмысы.

  2. Электр тогының қуаты.

  3. Джоуль Ленц заңы.

2 мин

4

Жаңа тақырыпты меңгерту

10мин

Тогы бар тізбектегі электр энергиясының энергияның басқа түрлеріне айналуының өлшеуіші ток жұмысының, яғни өрістегі зарядтарды орын ауыстырғандағы электр күші атқаратын жұмыстың шамасы болып табылады.  A=q·U
мұндағы А  — электр өрісіндегі зарядты орын ауыстырғандағы жұмыс,
q-заряд. Осы формуладан тұрақты токтың істеген жұмысын да анықтауға болады. t уақытта өткізгіштің көлденең қимасы арқылы q=It заряд өтсін. Сонда A=I·Ut болады.
Электр тогының жұмысы – ток күші, кернеу және жұмысты істеуге кеткен уақыттың көбейтіндісіне тең.
SI жүйесінде джоульмен (Дж) өлшенеді. 1Дж=1A·1B·1c
Тізбектің бөлігіне арналған Ом заңы және U=I·R негізінде келесі формулаларды аламыз. A=I2·Rt,
II. Уақыт бірлігіндегі өндірілген токтың жұмысы электр тогының қуаты болып табылады. Электр қуаты P әрпімен белгіленеді. Олай болса қуат мынаған тең: P = А/t= I U


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет