Сабақ тақырыбы: Төле бидің шешендік сөздері Уақыты



Дата01.04.2017
өлшемі106,05 Kb.
#13274
түріСабақ


Қызылорда облысы,Арал қаласы

№262 мектеп-гимназиясы

Нұрымбетова Шолпан Маратқызы


Сабақ тақырыбы:

Төле бидің шешендік сөздері

Уақыты:

Мектеп: №262 мектеп-гимназия ,Арал қаласы Мұғалімнің аты - жөні: Нұрымбетова Шолпан Маратқызы

Сынып: 9

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты:

Мәтіндердің салыстырмалы анализі

Сабақтың мақсаты:

Мәтіннің негізгі тақырыбы мен кейіпкерлердің сөйлеу ерекшеліктерін, іс-әрекетін анықтайды және анализ жасайды.







Барлық білім алушылардың мүмкіндігі болады:мәтінді толықтай түсініп, идясын анықтай алады;

Білім алушылардың көбісінің мүмкіндігі болады: мәтінді толықтай түсініп, идясын анықтай алады; түсінгенін дәлелдер арқылы көрсете алады;

Кейбір білім алушылардың мүмкіндігі болады: мәтінді толықтай түсінгенін

дәлелдер арқылы көрсетіп, кейіпкерлердің мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері-

не талдау жасай алады;





Тілдік міндеттер:

мәтіндегі мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді анықтай алады;

омонимдер мен ауыспалы мағыналы сөздерді таба алады;



Алдыңғы оқу

5 мин

«Серпілген сауал»

1.Шешендік сөздерді алғаш жинаушы ұстаз кім? (Ы.Алтынсарин)

2.Дүние жүзіне әйгілі шешендерді атаңдар.( Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон, орыс шешендері А.И.Урусов, А.Ф.Кони, Ф.И.Плевако т.б)

3.Шешенге не қажет? 1. тапқыр 2. тәрбиелі 3. өжет 4. ақылды 5. ақын т. б

4. Шешендік  сөздердің түрлері қандай ? шешендік арнау,шешендік толғау,дау

5. Шешендік дауларды ата? Құн, жетім,жесір,жер, ар-намыс дауы;

6. «Түгел сөздің түбі бір ,түп атасы  ....... кім ?»( Майқы би )

7.Қазақ шешендік сөздерін зерттеп, жинақтаған ғалымдар кімдер? М.Әузов, Ш.Уәлиханов, Б.Адамбав, Р.Сыздықова. т.б.

8. «Риторика » дегеніміз не ? (шешендік өнердің ғылыми атауы)

9.Шешендік өнердің негізін салушы кім? (грек софист Протогор)

10.Риторика сөзінің мағынасы (сендіре білу, тыңдаушы еркін билеп алу)

11.Қазақтың би-шешендерін ата.Майқы, Аяз би, Төле, Қазыбек,Әйтеке, Досбол, Жетес би, Жиренше, Сырым,т.б.


Жоспар

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс - әрекеттер

Ресурс тар

Сабақ тың басы

3 мин

Қызығушылықты ояту «Ой қозғау»

Сабақтың ортасы

II.Мағы-наны таны

«Өкіл»

әдісін қолдану

15 мин

Топтық тапсырма

1. «Бірге ойлаймыз» әдісі

12 мин

Сабақтың қорытындысы «Ойтолғаныс»

мәтінді өз бетінше аяқтау 5 мин

Үйге тапсырма 2мин

Рефлексия 3 мин


1. І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сыныптың тазалығы мен оқушылардың көңіл-күйін табиғат құбылыстары арқылы көрсетуін өтіну;

Топқа бөлу. Оқушылар қиынды қағаздардағы нақыл сөздерді құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді. Бұл сөздер Төле бидің сөздері екенін айтып өту.

І топ:«Тарихшылар», ІІ топ: «Әдебиетшілер», ІІІ топ: «Тілшілер»

-Бүгінгі сабақта Төле бидің өмірімен, шешендік сөздерімен танысамыз.
Ассосация жасау -Шешен деп кімді айтамыз? (дәптерге)

Би - шешен, әділ, елші, батыр, тәрбиеші, ақылды, заңгер

Үш топқа берілген тапсырмалар бойынша зерттеулерімен таныстырады.



Тарихшылар

Әдебиетшілер

Тілшілер

Төле бидің тарихи бейнесі және ел басқару  қызметі

Ұлы жүз – Әзіз Төле би ХVІІ - ХVІІІ ғасырлардағы ұлы тұлғалардың бірі. Төле би Әлібекұлы1663 жылы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу өзенінің бойындағы Жайсаң жайлаудеген жерде дүниеге келіп, 1756 жылы дүние салған. Әз Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағын жасауға қатысқан, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Төле биді әділдігіне, парасаттылығына қарап «Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» деп атаған. Төле биден қалған көптеген нақыл, өсиет, шешендік сөздер, толғаулар бар.



Төле бидің төрелігі, шешендік тапқырлығын әңгімелеу

«Ата тұрып , ұл сөйлегеннен без...»

«Түлкі дауы»


Төле бидің мақал-мәтелдері,нақыл сөздері:

Арғымақ баптап не керек,

Жабы қуып жеткен соң,       
Ағайын-туған не керек,

Аңдысып күні өткен соң.


Бес күн жалған өтеді,

   Ұрыншақ ат жаз жарға,


    Қыс қарға жығар.
   Тұмау түбі құрт болар, 

Ақылдың түбі құт болар.





Үш топқа шешендік сөздер беріледі:

І. «Тарихшылар» -тақырыбын анықтау

- мәтіндегі кейіпкерлер туралы жаз

-Төле би сөзінің мәнін түсіндір

-Батырлық,ерлік жайлы үш мақал жаз

1740 жылы жоңғар қалмақ билеушісі Қалдан Цереннің қолшоқпарлары Ұлы жүздің ханы Жолбарысты өлтіреді. Төле би бастаған ел Ташкенттен қуылады. Жау жағы Ташкентке Қоқым манапты әкімдікке тағайындайды. Бұл кезде Сыр бойы қалаларының біразы жоңғарлардың қоластында қалады. Осы тұста Күлтөбенің басында үлкен жиын ашылып, оған ел басшылары түгел жиналады. Сонда Қарабек батыр:

- Жауға тізе бүгуден басқа амал жоқ, - деген пікір айтады. Қарабекке ашуланған Төле би:

Атадан ұл туса игі, 


Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын,

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені

Ортасынан қуса игі! -

деп, шырық бұзғандарды жиыннан қудырып жібереді. Сонан соң айналасындарыларға қарап:

Уа, көсіле шабар жерің бар, Арылмайтын сорың бар... 
Ту көтерер ерің бар. Құлдық ұрсаң дұшпанға, 
Қол боларлық елің бар, Еркек болып туды деп, 
Атадан қалған жолың бар, Мына сені кім айтар? 
- Құлдық ұрсаң дұшпанға - деп толғайды. Төленің осы төрелік сөзін өзгелер түгел құп алып, жауға қарсы күш біріктіріпті деседі.

ІІ. «Әдебиетшілер» -Тақырыбын анықтау

-Шешендік сөздің қай түрі?

-Омоним болатын сөздерді тап

-Мәтін идеясына сәйкес 3 мақал жаз.

Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты. Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле "Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ" дегенді сұрайды. Сонда. әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

-Балам, мынаны сындырып көрші. 
Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды. 
- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек Би: 
- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді. 
Сонда. Төле бала: 
- Түсіндім, әке, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. "Саяқ жүрген таяқ жейді" демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой. 
- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін ,алдымен, елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. "Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын" дегенінің мәнісі осы, - депті.

ІІІ. «Тілшілер» -шешендік сөздің қай түрі?

-Мәтіндегі нақыл сөздерді табу

-Мәтін мазмұнын 5 зат есіммен нақты атап көрсету.

Ертеде Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылым алқабына үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмайды. Көпшілікке еріп барған он бес жасар Төле билік айтушыларға көңілі толмайды. Ол:  - Ақты ақ деп бағалар! 


О, игі жақсы ағалар! 
Өзегі талса ел біткен, 
Өзен бойын жағалар, - деп сөз бастай бергенде: 
- "Ата тұрып, ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без" деуші еді. Мына бала кім өзі? - дейді, төрде отырған би. Төле қасқая қарап тұрып:

- О, би ата, он үште отау иесі демес пе, Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске? Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа, Алакөз болу ағайын адамға лайық па? - деп, бір тоқталады да, төрде отырған биге былай деп сауал қояды: 


- О, игі асқар тауымыз, Әділ ме осы дауымыз? Жар астында тұрғанда, Жасырынып жауымыз? 
Сонда әлгі би: 
- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:

- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:

- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

Үш топқа үш түрлі мәтін беріледі. Мәтін бөлігінің үзілген жерін өз бетінше аяқтау тапсырылады ( 3 сөйлем болуы және 1 мақал болуы шарт)
І. «Тарихшылар»

Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне - саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады. Төлеге келіп шағым айтады. Төле байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады. Бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.

- Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? - дейді байға.Сонда бай тұрып: (мәтінді өз бетіңше жалғастыр)

ІІ. «Әдебиетшілер»

Іргелес отырған Жанту жөне Жантас аулының екі жігіті шабындыққа таласып қалады. Ақырында бірін-бірі көрмеуге серт берісіп, екеуі ат кекілін кеседі. Ай өтеді, жыл өтеді. Бірақ екеуі татуласпай қояды. Әкелері мен аталарының ақыл-кеңесіне мойынсұнбайды. Осыны естіген би араздасқан жігіттерді шақыртады. (Араздасқан жігіттерді сіздер қалай татуластырар едіңіздер?)



ІІІ. «Тілшілер»

Той-тамашада бір жас келіншек төңірегінен именіп, өлең айта алмай отырады. Еріне жаутаңдап қарай береді. Күйеуі жайсыз, оған өлең айтуға тыйым салып қойған екен.

- Қыз кезінде алдына жан салмайтын әнші еді, енді суға түскен тауықтай боп отырғаны, - дейді Төлеге жақын отырған біреу сыбырлап. (бұл оқиға қалай аяқталуы мүмкін?)

Төле бидің шешендік сөздерін оқып келу

Төленің нақыл сөздерінің мазмұнына лайықтап сұрақтар дайындап келу

«Шығу билеті» 1.Бүгінгі сабақта қиын болған 1 тапсырма:

2.Оңай болған не?

3.Сіз бүгін қандай әрекеттерге қатыстыңыз? (Берілген сұрақтардың жауабын стикерге жазып тапсырады)



«Шешен-дік сөздер»

кітабы


Мақал-мәтелдер кітабы

Төле бидің шешендік сөздерінен алынған мәтіндер




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет