Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
1-4
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Сабақ мақсатын анықтау.
|
Анықтамалық
карточкалар
|
5-12
|
Активити. Қойылатын сұрақ.
Физикалық шама дегеніміз не?
Физикалық шамалардың қайсысы скаляр, қайсысы векторлық шама.
Скаляр шама дегеніміз не?
Вектор шама дегеніміз не?
Математика курсынан векторларға қолданылатын қандай амалдарды білесіңдер?
|
Векторлық және скалярлық шамаларды бағандарға бөліп жазу
|
13-28
28-40
|
Физика курсында векторлық шамаларға қолданылатын амалдарды бүгінгі сабақта үйренеміз.
W Жаңа тақырып. Бүкіл сыныппен жұмыс
Вектор. Векторларды үшбұрыш және параллелограмм ережесі бойынша қосу және азайту.
(T/D) Векторларды азайту.
Мұғалім оқушылардан бір-біріне қарама -қарсы немесе бір бағытта, әр түрлі жылдамдықпен қозғалатын екі машина қаншалықты жылдам жақындайтындығын сұрауы мүмкін. Бұл сыныпта бір- біріне қарама- қарсы және бір бағытта жүретін оқушылар арқылы көрсетілуі мүмкін. Бұл бізге салыстырмалы векторлық жылдамдықты табу үшін жылдамдықтарды қосу немесе азайту амалдары қажет екендігін көрсетеді. Содан кейін мұғалім азайту теріс векторды қосу болып табылатындығын (қарсы бағыттағы вектор) түсіндіруі мүмкін.
Векторлық және скалярлық жылдамдықтардың айырмашылықтары (speed and velocity).
Жол және орын ауыстырудың айырмашылықтары.
|