Сабақ тақырыбы: Вирустан сақтану жолдары /сот сабақ



Дата26.08.2017
өлшемі121,06 Kb.
#28570
Ө.Қанахин атындағы орта мектебі

АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: Вирустан сақтану жолдары

/сот сабақ/


Пән мұғалімі: Хамитов Қуанышбек

Жайсаңбай ауылы

1. Сабақтың тақырыбы: Вирустан сақтану жолдары
2. Сабақтың мақсаты: Вирустан сақтану жолдарының негізгі

мүмкіндіктерін үйрету
Білімділік: Оқушыларға компьютерлерді вирустан сақтау жолдарының негізгі мүмкіндіктері мен әдіс-тәсілдерін үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды жеке, топпен жұмыс істеу, өздігінен іздену дағдысын қалыптастыру

Дамытушылық:Оқушыларға бағыт-бағдар беру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып шығармашылыққа баулу.
3. Сабақтың түрі: Сот сабақ
4. Сабақтың әдісі: Өзіндік іздену
5. Пайдаланылған әдебиеттер: Жаңа ақпараттық технологиялар

Информатикадан 30 сабақ



Информатика 10 – Windows XP
6. Сабақтың көрнекілігі: Слайд, қаттама, тест тапсырмалары
7. Сабақта қолданылатын

құрал-жабдықтар: Компьютер, интерактивті тақта,

проектор, электрондық оқулық
8. Жүргізушілер:

Сот төрайымы: - Бауыржанұлы Нұршат

Хатшы: - Талғатқызы Аяжан

Вирус: - Жұбан Наурызбай

Операциялық жүйе: - Бәйтілеу Рахат

Айыптаушы: - Трес Руслан

Қорғаушы: - Кажығали Бейбарыс

Екі күзетші: - Асанов Нұртас, Қадыров Ғалымжан

Касперский - Қуандық Асқар

Doctor Web - Ибадуллаева Замира

NOD32 - Ибрагимов Ерсұлтан

Компьютер - Досмаилова Жанат

Сараптаушы: - Ақтаева Гүлшат
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды түгелдеу

  2. Үй тапсырмасын сұрау

  3. Жаңа сабақ

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау /тест тапсырмасы арқылы/ 5-10 минут аралығы
І-НҰСҚА

  1. Жұмыс үстелін безендіру әрекеті қалай орындалады?

А. Басты менюдегі Басқару тақталары /Панель управления/ командасын орындап; экран шарт белгісінде тышқанды шерткенде ашылған сұқбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау арқылы

В. Жанама менюден Баптау-Басқару тақталары /Настройка-Панель управления/ командасын орындап, Экран шарт белгісінде тышқанды шерткенде ашылған сұқбат терезеде тиісті параметрлерді тағайындау арқылы

С. Қажетті объектінің жарлығын Іске қосу /Пуск/ батырмасына жеткізу арқылы бас меню қатарына қосуға болады

Д. Жарлықты жұмыс үстеліне көшіріп, тиісті меню командасы аймағында кірістіру орындау арқылы




  1. Екі топқа бөлінген вирустың қай тобы жатады?

А. Стандартты, қолданбалы

В. Мәтіндік, кестелік

С. Базалық, көрмелік

Д. Резидентті, резиденттік емес

Е. Операциялық, операциялық емес


  1. Microsoft Windows операциялық жүйесіне жататын бағдарламалары...

А. Access, Power Point

В. Microsoft Windows 98, XP, Vista

C. Paint. Блокнот

Д. Nod32, Касперский

Е. WinZIP, WinRAR


  1. Windows XP жүйесінде компьютерді дұрыс өшіру үшін...

А. Экранды сөндіріп, жүйелік блокты токтан ажырату батырмасын басу қажет

В. Жүйелік блокты токтан ажыратып, экранды сөндіру қажет

С. Экранды сөндіріп, мұғалімнің рұқсаты бойынша компьютерді өшіру керек

Д. Бас меню арқылы Іске қосу-Компьютерді өшіру-Өшіру /Пуск-Выключить компьютер-Выключить/ қатарларын таңдап, рұқсат бойынша өшіру керек

Е. Жұмыс істеп тұрған барлық бағдарламалардағы мәліметтерді дискіде сақтап, олардың терезелерін жабу керек




  1. Мұрағаттау бағдарламасына жататыны...

А. Nod32, Касперский

В. Microsoft Word, Excel,

C. WinZIP, WinRAR

Д. Access, Power Point

Е. Paint. Блокнот
ІІ-НҰСҚА

  1. Вирусқа қарсы бағдарлама қайсы?

А. Paint. Блокнот

В. Microsoft Word, Excel,

C. WinZIP, WinRAR

Д. Access, Power Point

Е. Nod32, Касперский


  1. Тапсырмалар тақтасындағы сағатты /датаны да/ өзгерту үшін

А. Жұмыс үстелінде жанама менюді шақырып, Қасиеттер /Свойства/ терезесінен Дата/Время қатарларын таңдау қажет

В. Бас меню арқылы Іске қосу-Орындау-Дата/Уақытты енгізу қатарларын таңдау керек



С. Сағат көрсеткішінде /мысалы 11:25/ тышқанды екі рет шерту керек

Д. Сағат көрсеткішінде /мысалы 11:25/ жанама менюді шақырып Дата/Уақыт енгізу /Настройка Даты/Времени қатарын таңдау/ керек

Е. Бас меню арқылы Басқару тақтасы-Дата/Уақыт қатарларын таңдап уақытты енгізу қажет


  1. Жұмыс үстелінде мынадай объектілер орналасқан:

А. Word, Excel, Access, Windows XP белгілері

В. Батырмалар, меню командалары, саймандар тақтасы, жұмыс алабы



С. Менің компьютерім, Сілтеуіш, Қоржын, Желі ортасы белгілері

Д. Мәтін немесе сурет, тіке айналдыру алабы, көлденең айналдыру алабы,

Е. Тышқан курсоры, қатар курсоры, мәтін алабы, терезе жақтаулары,


  1. Компьютерлік вирус дегеніміз не?

А. Операциялық жүйе

В. Бағдарламалық қабықша

C. Мәтіндік редактор

Д. Арнайы жазылған шағын көлемді бағдарлама

Е. Тапсырыспен жазылған бағдарлама




  1. Компьютерге қандай бағдарламалар орнатылғанын қалай анықтауға болады?

А. Менің компьютерім терезесінде Бағдарламаларды орнату және өшіру батырмасын шерту керек

В. Іске қосу батырмасында тышқанды шерту керек

С. Жұмыс үстеліндегі жарлықтар бойынша

Д. Басқару тақтасы терезесінде Жүйе /Система/, одан кейін Бағдарламаларды орнату және өшіру батырмасында тышқанды шерту арқылы



Е. Басқару тақтасы терезесінде Бағдарламаларды орнату және өшіру батырмасында тышқанды шерту керек



1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

4-сұрақ

5-сұрақ

А

В

С

Д

Е

А

В

С

Д

Е

А

В

С

Д

Е

А

В

С

Д

Е

А

В

С

Д

Е











































































________________________________________________________________________


Оқушылар өздерінің қателерін слайдта дайындалған жауаптардан тексереді. Мұғалімнің өзі бағалайды.
ІІІ.Жаңа сабақ /30 минут/
Соттың жүруі:

Хатшы: - Сот келе жатыр, орындарыңыздан тұрыңыздар!
Сот төрайымы: - Айыпкерді әкеліңіздер!
Хатшы: - Айыпкер әкелінсін! /Екі күзетші айыпкер Вирусты әкеледі/
Сот төрайымы: - Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының сот отырысын бастаймыз. Сот процесіне айыптаушы Айдаев Ердос, қорғаушы Файзуллаева Сафура, жәбірленуші Операциялық Жүйе, айыпталушы Вирус қатысып отыр.

Осы сот процесі Шәуілдір ауылының тұрғыны Операциялық Жүйенің арызы бойынша жүргізіледі. Хатшы арызды оқыңыз.
Хатшы: - Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданының сотына Шәуілдір ауылының тұрғыны Операциялық Жүйеден
АРЫЗ
Менің арыз беру себебім, - 20 қаңтар 2009 жылы интернет арқылы Вирус ілесіп келіп, менің барлық жүйеме зиян келтірді, керек десеңіз жүйедеге барлық бағдарламаға еніп, өз білгенін жасап, қорлық көрсетті. Тек маған ғана емес компьютердің де жұмыс істеуіне кедергі келтіруде, өйткені, жұмыс жасар алдында бағдарламамен бірге кірісіп көптеген қиыншылықтарды тудырды. Вирусқа әділ жазасын берілуін сұраймын.
Сот төрайымы: - Сөз жәбірленуші Операциялық Жүйеге беріледі.
Хатшы: - Жәбірленуші Операциялық Жүйе шақырылады. /Windows XP салынған суретті бар оқушы шығады/
Операциялық Жүйе: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға ант беремін. Арызда жазғандарымды растаймын. Мені осындай күйге түсірген Вирус тиісті жазасын алуын сұраймын.
Сот төрайымы: - Айыпкер Вирус! Сіз өзіңіздің қылмысыңызды мойындайсыз ба?
Айыпкер Вирус: - Жоқ мойындамаймын.
Сот төрайымы: - Олай болса куәгерлер шақырылсын!
Хатшы: - Куәгер Компьютер шақырылады.
Куәгер Компьютер: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Мен, Операциялық Жүйесіз жұмыс атқара алмаймын. Иә, Вирус тек Операциялық Жүйеге ғана емес, барлық бағдарламаға еніп кедергі тудыруда. Сондықтан Вирусты бізге жібермейтіндей етіп қамауға алуларыңызды сұраймын.
Сот төрайымы: - Олай болса келесі куәгерлерді шақырыңыздар!
Хатшы: - Куәгерлер Касперский, Doctor Web, NOD32 шақырылады.
Куәгер Касперский: - Мен, тиісті заңға сүйене отырып, тек шындықты айтуға тиістімін. Компьютерге вирус жұққаннан бастап, Операциялық Жүйеге зиян келтіруде. Осы жолды қарастыра отырып, Жүйеге енген бар вирусты жойып қолымнан келгенінше жәрдем беріп келемін.
Куәгер Doctor Web: - Мен де, Касперский айтқандай Жүйеге зиян келмес үшін өз жәрдемімді аямаймын. Бірақ та Вирус ол жағдайды мүлдем түсінбейді. Тиісінше жазасын алсын.
Куәгер NOD32: - Мен де қолымнан келгенінше өз көмегімді беріп келемін. Өйткені біз болмасақ Компьютер мен Операциялық Жүйенің жағдайы қалай болар екені мәлім. Қысқасы, Вирус өз әділ жазасын алсын.
Сот төрайымы: - Барлық куәгерлерді тыңдадық, енді сараптаушыны тыңдайық.
Сараптаушы: - Мен, соттың тапсырмасы бойынша бұл жағдайды тексеріп, мынадай қорытындыға келдім. Өздеріңіз білесіздер, бүкіл әлемге Вирус айтарлықтай зиян келтіруде. Вирус өздігінен пайда болған жоқ, ол әдейі қасақана жасалынған. Вирустың кінәсі Компьютерге еніп Операциялық Жүйеге және басқа да бағдарламаларға зиян келтіргені. Сондықтан да Вирустан дер кезінде қорғанбасақ, келешекте керекті мәліметтерді жоғалтуға душар етеді. Міне, басты себебі осылай. Ал, сақтану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

  • вирустан сақтайтын арнайы бағдарламаларды пайдалану

  • вирусты жұқтыру мүмкіндігін азайту тәсілдерін қарастыру

  • дискіні физикалық зақымданудан сақтау

  • дұрыс жұмыс істемейтін бағдарламаларды қолданбау



Сот төрайымы: - Сөз айыптаушыға беріледі.
Айыптаушы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирус заң алдында жауапты. Вирус Операциялық Жүйеге және де басқа да бағдарламаға айтарлықтай зиян келтірді. Сондықтан да бүкіл әлемге танымал Вирусты, заң жүзінде өмірлікке сотталуын сұранамын.
Сот төрайымы: - Сөз қорғаушыға беріледі
Қорғаушы: - Мен, Вирусты қорғаушы ретінде айтарым, вирустың ешбір кінәсі жоқ деп айта алмаймын. Өйткені істі жүргізу барысында біраз жайттарға қанық болдым. Бірақ та ең бірінші Вирусты ойлап тапқан кінәлілерді тауып, жазалау керектігін баса айтқым келеді. Адам ойлап таппаса Вирус мұнда отырмас еді. Сол себептен Вирус «Айып пұл» төлеп, сот отырысынан босатуыңызды сұранамын.
Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот кеңесуге кетеді /сот 1-2 минут кеңесуге шығып кетеді/
Хатшы: - Тұрыңыздар! Сот келе жатыр! /Үкім оқылады/
Сот төрайымы: - Мен, Қазақстан Республикасының «Ақпараттық жүйелерді және ақпараттық ресурстарды қорғау» заңының 8 мамыр 2003 жылғы №412-2, 5-тармағы, 20-статьясы, 1-2 бөлімдерін басшылыққа ала отырып, «Ақпараттық жүйелерге рұқсатсыз ену», «Ақпараттарды ұрлау және рұқсатсыз қолдану арқылы қоғамға зиян келтіру», «Ақпараттық жүйелерді бұзу, бүлдіру арқылы компьютерлік жүйенің жұмысына кедергі келтіру» бойынша, Вирустың кінәсі бар екендігін айта келе «Айып пұл» төлеп сот отырысынан босатылады. Бұл жағдайда, негізгі кінәлілерді тауып, тергеу ісі қайта жүргізілсін. Осымен сот отырысын жабық деп жариялаймын.
Сабақты қорытындылау, бекіту:

Оқушыларға төмендегідей екі-үш сауал қойылып, білімдері бағаланды.

  • Неліктен Вирусқа «Айып пұл» төленіп сот отырысынан босатылды?

  • Вирус дегеніміз не?

  • Қалай вирустан сақтану керек?

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет