Химиялық қару — бұл кейбір химиялық заттардың уыттылық қасиеттеріне негізделген жаппай зақымдау қаруы. Оларға жауынгерлік уландырушы заттар мен оларды қолдану құралдары жатады.
Қарсыластың химиялық қаруды қолдануының белгілері:
жерде және ауада жарылған оқ-дәрілердің әлсіз, тұншыққан дыбысы мен жарылыс кезінде тез сейілетін түтіннің пайда болуы;
ұшақ соңынан ілесіп, жерге түсетін күңгірт жолақтар;
жапырақтардағы, топыраңтағы, ғимараттардағы, сондай-ақ жарылған бомбалар мен снарядтардың шүңқырларындағы майлы дақтар;
өсімдіктердің табиғи түсінің өзгеруі (жасыл жапырақтардың қоңырқайлануы);
адамдардың бұл ретте мұрын-жұтқыншақтағы, көздегі тітіркенуді, көз қарашықтарының тарылуын, кеудедегі ауырлықты сезінуі.
Достарыңызбен бөлісу: |