Сабақ тақырыбы: Ядролық қару және оның сипаттамасы. Химиялық қару. Биологиялық
9bd3b69e-e533-4e5e-934a-ba9bc1053eef (1)
Ядролық қарудың қуаттылығы жүздеген, мыңдаған (килло) және миллиондаған( мега) тоннамен есептеледі. Ядролық жарылыс болған жерді эпицентрі деп аталады.
Ядролық жарылыстан кейінгі алғашқы кезде радиоктивті бөлшектер отты шардың ішінде болады. Шар бу мен түтінге орала жоғары қарай көтеріледі де, бірнеше секунд өткен соң будақтаған бұлтқа айналады. Жоғары қарай көтеріліп бара жатқан ауа да өзімен бірге жерден топырақ бөлшектерін бұлтқа ілестіре, жоғары көтеріп әкетеді. Мұндай топырақ бөлшектері радиоактивтенеді, олардың ішіндегі ең ірі бөлшектері тікелей жарылыс болған ауданның өзіне түседі. Басқалары бұлттың ішінде қалады да ауа ағынымен ілесіп, жарылыс орталығынан жүздеген километр қашықтыққа таралады. Қозғалып бара жатқан бұлттың соңынан жерге қонатын радиоактивті заттар ауаны, жерді, егістіктерді, су қоймаларын ластайды. Радиоактивті бұлттың жолы элипске ұқсайды және біркелкі залалданған алқап болып табылады. Уақыт өткен сайын радияция дәрежесі біртіндеп бәсеңдей береді. Радиоактивті заттармен залалданған жерде барлық қорғаныс шараларын қолданып, тиісті тәртіп ережелерін қатаң сақтау қажет. Биологиялық қару (БҚ) – биологиялық заттармен жарақталған, жеткізу құралдары бар арнайы оқ - дәрілер мен ұрыс аспаптары. Ол қарсыластың тірі күшін, жан - жануарларды, ауыл шаруашылығы дақылдарын зақымдауға, кей жағдайда қару - жарақты, әскери техника мен жабдықтау материалдарын бүлдіру үшін қолданылады. Биологиялық қаруды қолданып ұрыс әрекеттерін жүргізуді биологиялық соғыс дейді. Биологиялық қарудың зақымдау әрекеті бірнеше кезекте патогендік микробтар мен олардың улы өнімдерінің ауру тудырғыш қасиетін қолдануға негізделген. Адам (жануарлар) ағзасына аз түссе де, ауру тудырушы микробтар мен олардың улы өнімдері өте ауыр жұқпалы аурулар таратады; оны дер кезінде емдемесе өлім қаупін тудырады немесе зақымдалушыны ұзақ уақыт жарамсыз етеді. БҚ ретінде мыналардың пайдаланылуы мүмкін: Адамдарды зақымдау үшін: бактериялық ауруларды қоздырғыштар (оба, тулермия, сарып, күйдіргі, тырысқақ); вирустық ауруларды қоздырғыштар (шешек, қызба, венесуэлалық энцефоломиелит); риккетсиздарды қоздырғыштар (бөртпе, сүзек, таңбалы қызба, Қу - қызба); Жануарларды зақымдау үшін: аусылдың, ірі қара обасының, шошқа обасының, күйдіргінің, маңқаның, жалған құтырудың және басқа аурулардың қоздырғыштары; өсімдіктерді құрту үшін: астық тұқымдастар таты, картоп фитофторозы, солу қоздырғыштары, және т. б. химиялық заттар. БҚ - дың зақымдаушы әрекеті бірден көрінбейді, ол ағзаға түскен микробтар мен токсиндердің түрі мен санына, ағзаның күйіне байланысты. Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 14 күнге дейін созылады, мысалы, тулермияда 6 тәулікке, ал бөртпе сүзекте 14 тәулікке дейін болады. Осы кезең бойында жеке құрам ұрысқа қабілеттілігін сақтайды. Тарихи анықтама. Патогенді микробтарды зақымдау өте ертеде туған. Мысалы, 1741 жылы Мексика мен Перудегі басқыншылық науқанға қатысушы 27 мың ағылшын солдатының 20 мыңы сары безгектен өлді. 1802 жылы көтерілісті басу үшін Гайти аралына Напалеон жіберген генерал Леклерктің 30 мыңдай армиясы түгелге жуық қырылып қалды. Еуропадағы 1733 жылдан 1865 жылға дейінгі соғыстарда 8 миллиондай адам өлді, оның ішінде шайқаста 1, 5 млн адам шейіт болса, 6, 5 млн адам жұқпалы аурулардан өлген. Барлық құрлықтағы елдер экономикасына ауылшаруашылық малдары (эпизоотияда) мен ауыл шаруашылығы өсімдіктердің (эпифитотия) жаппай ауруы едәуір шығындар әкелді. Мысалы, 1950 - 1951 жылдары Оңтүстік Африкадағы Рифт алқабында эпизоотиядан 100 мыңнан астам бас қой мен ірі мүйізді қара шығын болып, адамдар арасында ірі көлемді індет тараған, ал әр түрлі дәнді – дақылдар мен картоптың аурулары мен таттың, түбірдің шіруі эпифитотиясынан АҚШ - тың өзінде 20 млн адамды асырауға жететін астық өнімі шығын болады. 1925 жылдың 17 маусымында Женевада «Соғыста тұншықтырғыш, улағыш және сол сияқты басқа газдар мен бактериялогиялық заттарды қолдануға тыйым салу хаттамасына» қол қойылды. 1940 - 1944 жылдары жапон армиясы қытай әскері мен бейбіт тұрғындарға қарсы БҚ - дың әр түрін 11 рет қолданды, нәтижесінде Қытай қалалары мен аудандарында індет тарап, мыңдаған адам госпитальға түсіп, 700 - ге жуық адам бір ғана оба қоздырғышын қолданудан қаза болды. Биологиялық құралдардың түрлері және негізгі қасиеттері. БҚ - дың зақымдаушы әрекетінің негізін биологиялық құралдар құрайды. Оларға жататындар: Патогендік микроорганизмдер жұқпалы ауруларды қоздырушылар – көлемі өте кішкентай, түсі, дәмі, йісі жоқ, сондықтан адамның сезу мүшесі арқылы анықталмайды. Көлемі, құрылысы және биологиялық қасиеттеріне байланысты олар вирустардан басқа бактерия, риккетсия мен саңырауқұлақтар класына бөлінеді. Бактериялар – формалары мен мөлшерлері әр түрлі дара шаршылы микроорганизмдер. Олардың мөлшері 0, 5 - тен 8 - 10мкм - ға дейін болуы мүмкін. Бактериялар дара көлденең бөліктермен тұқым береді, 28 - 30мин сайын екі дербес клетка шығарады. Тікелей күн сәулесі, дезинфекциялау және жоғары температура (+60град) әсерінен олар тез өліп қалады; төмен температураға төзімді, - 25град - ты еркін көтереді. Кейбір бактерия түрлері қолайсыз жағдайларда тірі қалу үшін қорғаныш капсуламен жабылуға немесе сыртқы орта әсеріне жоғары тұрақтылығы бар ұрыққа айналуға қабілетті. Риккетсиялар - көлемі үлкен емес 0, 4 – 1мкм - ға дейінгі таяқша клеткалар, олар тек тірі тіндер клеткаларының ішінде ғана тұқым көбейтеді. Олар ұрық жасамайды, бірақ кебуге, мұздауға, жоғары температура әсеріне төзімді. Риккетсиялар адамның мынандай ауруларының: бөртпе сүзек, құзды таулар теңбіл безгегі, қу безгек және т. б. аурулардың себебі болып табылады. Саңырауқұлақтар - дара немесе көп клеткалы өсімдіктен пайда болатын микроорганизмдер, олар бактериядан мейлінше күрделі құрылысы және тұқымын көбейту тәсілімен ерекшеленеді. Вирустар - биологиялық агенттердің ең үлкен тобы. Вирустар натуралды шешек, тропикалық геморройлы безгек, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқа да аурулардың себебі болып табылады. Жануарларды зақымдау үшін БҚ ретінде жануарлар мен адамдарға тең дәрежеде қауіпті аурулар: түйнеме, аусыл, Рифт алқабының безгегі және басқалар немесе жануарларды ғана зақымдайтын: ірі тұяқты мал обасы, шошқалар обасы және басқа эпизоотикалық ауру қоздырғыштары пайдалануы мүмкін. Ауылшаруашылық дақылдарды зақымдау үшін бидайдың сызықтық сабақ таты, күріштің пирикуляриозасы, картоптың фитофторозасы және басқа мәдени өсімдіктердің бактериялық, вирустық және саңырауқұлақ ауру қоздырғыштары қолданылады. жүктеу/скачать 1,04 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |