Уландырушы заттар (УЗ) — бұл қолданылу кезінде үлкен аумақтағы адамдар мен жануарларға зардап кел-тіруге, әртүрлі құрылыстарға енуге, жергілікті жер мен су қоймаларға залал келтіруге қабілетті химиялық қосылыстар. Олармен зымырандар, авиациялық бомбалар, артиллериялық снарядтар мен миналар, химиялық фугастар, сондай-ақ сұйықтық төгуші авиациялық аспаптар жарақтандырылады. Қолданылған кезде УЗ тамшылы-сүйықтық күйде, газ (бу) және аэрозоль (тұман, түтін) түрінде болуы мүмкін. Олар адам ағзасына тыныс алу, ас қорыту органдары арқылы түсіп, ішкі органдарды, сондай-ақ тері мен көзді зақымдайды.
Адам ағзасына әсер етуіне қарай УЗ жүйелік-салдандырушы (сал болу), тері-іріңдік, түншықтырушы, жалпы уландырушы, тітіркендіргіш, психологиялық болып бөлінеді.
Жүйкелік-салдандырушы әрекетті УЗ (ви-икс — VX, зарин — GB, зоман — GD) адам ағзасына тыныс алу органдары арқылы әсер еткенде не теріге бу түрінде және тамшылы-сұйық күйінде енген кезде, сондай-ақ тамақпен және сумен бірге асқазан-ішек жолына түскен кезде жүйке жүйесін зақымдайды. Олардың жаздағы тұрақтылығы — бір тәуліктен астам, қыста бірнеше апта, тіпті айларға созылатын уақытты қамтиды. Бұл УЗ ең қауіпті болып табылады. Адам өміріне олардың болмашы бөлігі де қауіп төндіреді.
Зақымдану белгілері: сілекей ағу, қарашықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, жүрек айну, құсу, дірілдеп-қалшылдау, салдану. Ауыр зақымдану кезінде улану белгілері өте жылдам дамиды. Шамамен бір минут-тан кейін біртіндеп салдануға өтетін қатты қалшылдап-дірілдеу мен естен тану басталады. Адам тыныс алу орталығы мен жүрек бұлшық етінің салдануынан 5-15 минут өткеннен кейін қайтыс болады.
Достарыңызбен бөлісу: |