№5 Алға орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
«Зат есімнің септелуі»
(7 «А» класс)
СЕПТІК
Өткізген: қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Р.О.Бектұрғанова
2015-2016 оқу жылы
Алға қаласы
Сабақ жоспары
Бекітілді _____________
1.Пән аты: Қазақ тілі.
2.Сыныбы: 7«А»
3.Күні, айы, жылы: 22 қазан 2015 ж.
4.Тоқсан: І
5.Мұғалім: Р.О.Бектұрғанова
Сабақтың тақырыбы: «Зат есімнің септелуі»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, еңбексүйгіштікке, ана тілін қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, перфокарта
Қажетті құралдар: мультимедиа, интерактивті тақта
Сабақтың әдісі: түсіндіру, жаттығу жұмысы, скт
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: Өлеңмен ашу.
Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашығым, бақытым, дара тілім.
-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы.
2.Оқушылармен амандасып, түгендеу
3. Үй тапсырмасын тексеру
1.Үйге берілген 24-жаттығу.
Жердің жүзі – оның жүзі ІІІ жақта.
Қүннің көзі – оның көзі ІІІ жақта
Хан ордасын-оның ордасын ІІІ жақта
Қазақ елі – оның елі ІІІ жақ
Еділ-Жайықтың бұйрығын –оның бұйрығын ІІІ жақ
Абылай атамыз – біздің атамыз І жақ көпше түрінде
Үш жүздің басын – оның басын ІІІ жақ
Одан кейінгі атаң – сенің атаң ІІ жақ
Кешегі әжең- сенің әжең ІІ жақ
Хандық дәрежеміз – біздің дәрежеміз І жақ көпше түрінде
Қолымда-менің қолымда І жақ жекеше түрінде келіп тұр.
2. Қайталау сұрақтары
Зат есім дегеніміз не?
Қазақ тілінде неше жалғау бар?
Қөптік жалғауларын атап, мысалдар келтіріңдер
«Елім» сөзін тәуелде
3. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту кезеңі
Слайд арқылы 7 санының суреті көрсетіледі.
Мұғалім:
Балалар, сендер жеті санының құпиясын білесіңдер ме? Қадым замандардан бері Жер бетін мекендеп келе жатқан халықтардың көпшілігі жеті санында сиқырлы күш бар деп санаған. Оны кие тұтып, қастерлеген небір ұлттар да болды. Соның бірі – қазақ халқы. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелерін жеті санымен атап, ата заңдарына, салт-дәстүріне арқау етіп келеді.
Кім маған 7 санына байланысты не білетінін айтып береді?
(Оқушылар Жеті ата, жеті қазына, жеті жоқ, жеті ғашық т.б. айтады)
Мысалы:
оқушы:
Жеті ата: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата.
2 – оқушы:
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
оқушы:
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
4 – оқушы:
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
5 – оқушы:
Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.
Мұалім:
Жеті жазба, жеті ашу, жеті шырақ, жеті басты дәу, жеті нота, жеті батыр, аптаның жеті күні, жеті жел, жеті қат жердің асты, жеті таудың арғы жағы, жеті, жеті, жеті... Ал бүгін біз қазақ тіліндегі киелі 7 санын арқалаған 7 септікті өтпекпіз.
Білімділік кезеңі
Тақтаға «Жетіген » аспабының суреті ілінеді.
Ертегі:
Өте ертеде, жаугершілік заманда кемпір мен шал өмір сүріпті. Бір күні сол ауылда жұт болады.
«Ерте-ерте ертеде, ешкі жүні бөрте де, зат есім жерінде, қазақ тілі елінде Септік деген шал болыпты. Оның жеті ұлы болыпты. Ұлдары кішкентай кезінде асық ойнағанды жақсы көріпті. Күндердің күнінде жеті ұлы ел қорғайтын үлкен азамат, батыр болып өседі. Әкесі ұлдарының ойнаған асықтарын сақтап қойыпты. Елде жұт болып, ашаршылық жайлапты. Бұл ашаршылық Септік шалдың үйіне де келіп жетіпті. Атау атты ұлы қайтыс болғанда шал ағашқа аттың қылын керіп, тиегінің орнына қойыпты да, үнсіз егіліпті. Ай өткен соң Ілік деген ұлы өлгенде тағы бір ішек тағып, «ненің зияны, кімнің көзі тиді екен ?»- деп егіледі.
Ай өткен соң Барыс атты ұлы дүниеден өтеді. Сонда шал тағы үшінші ішек тағып «кімге айтып жылайын неге ғана өлді екен ?»деп жоқтау айтады. Табыс атты ұлы өлгенде «нені айтып, кімді ғана қарғайын?»- дейді. Жатыс атты ұлы да аштықтан өлгенде ағашқа бесінші ішек тағылып, «неде, кімде екен себебі ? - деп жылайды.Шығыс ұлы да қайтыс болады, алтыншы ішек тағылып «неден қайтыс болдың, кімнен сені сұраймын ?»деп егіледі. Көмектесі де сол ашаршылықтан қайтыс болғанда «кіммен өмір сүрмекпін, немен енді шұғылданамын?»деп жоқтау айтып егіледі. Содан 7 ішек, 7 асықты тиек етіп тағылыған «жетіген »аспабы пайда болыпты. Осы аспап арқылы Шал мұңын халыққа жеткізген деседі.
Осы әңгімені оқып, ішінен қарамен жазылған сөздерге назар аударамыз.
Септіктердің сұрақтары мен жалғаулары
Септік
|
Сұрақтары
|
Жалғаулары
|
Атау
|
кім? не?
|
|
Ілік
|
кімнің? ненің?
|
-ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің
|
Барыс
|
кімге? неге? қайда?
|
-ға, -ге, -қа, -ке, -а, -е -на, -не
|
Табыс
|
кімді? нені?
|
-ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н
|
Жатыс
|
кімде? неде? қайда?
|
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде
|
Шығыс
|
кімнен? неден? қайдан? қашаннан?
|
-нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
|
Көмектес
|
кіммен? немен? қалай? -
|
-мен, -бен, -пен
|
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік түрі бар. Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдірді.Бала(кім?) жүгірді.Ілік септік зат кімнің меншігі екенін, не нәрсеге тән екенін білдіреді: Асқардың(кімнің?) қаламы.Барыс септігі іс қимылдың бағытын,мекенін, мезгілін білдіреді: Мектепке (қайда?)барды.Табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, яғни затты нұсқайды: суретті(нені?) көрді. Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді:тауда (қайда?) өседі.Шығыс септік заттық мағынаны, затт істелу тегін, әрекеттің шығуын көзін,мезгілін, мекенін білдіреді: үйден (қайдан?)шықты. Көмектес септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын, бірлестікті білдіреді: Асқармен(кіммен?) бірге істеді.
Мағынаны тану кезеңі
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған белгілі бір грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді.Қазақ тілінде 7 септік түрі бар:
Зат есім көптік, тәуелдік жалғауда тұрып та септеле береді.
Көптік жалғаулы зат есімнің септелуі оның жекеше түрде септелуімен бірдей.
Септік
|
Жекеше
|
Көптік жалғаулы
|
Атау
|
Ыдыс
|
Ыдыстар
|
Ілік
|
Ыдыстың
|
Ыдыстардың
|
Барыс
|
Ыдысқа
|
Ыдыстарға
|
Табыс
|
Ыдысты
|
Ыдыстарды
|
Жатыс
|
Ыдыста
|
Ыдыстарда
|
Шығыс
|
Ыдыстан
|
Ыдыстардан
|
Көмектес
|
Ыдыспен
|
Ыдыстармен
|
Тәуелденген зат есімнің септелуі
Септік
|
Жай септеу
|
Тәуелді септеу
|
І жақ
|
ІІ жақ
|
ІІІ жақ
|
Атау
|
Кітап
|
Кітабым
|
Кітабың
|
Кітабы
|
Ілік
|
Кітаптың
|
Кітабымның
|
Кітабыңның
|
Кітабының
|
Барыс
|
Кітапқа
|
Кітабыма
|
Кітабыңа
|
Кітабына
|
Табыс
|
Кітапты
|
Кітабымды
|
Кітабыңды
|
Кітабын
|
Жатыс
|
Кітапта
|
Кітабымда
|
Кітабыңда
|
Кітабында
|
Шығыс
|
Кітаптан
|
Кітабымнан
|
Кітабыңнан
|
Кітабынан
|
Көмектес
|
кітаппен
|
Кітабыммен
|
Кітабыңмен
|
Кітабымен
|
Дәптермен жұмыс
25 –жаттығу
Барлығына үлгі болар, қарақтар,
Байсалды да, ақылды да Марат бар.
Жеке басым ең алдымен Мараттың
Жасы үлкенді сыйлағанын жараттым.
Сенбейсің бе, күнделікті парақта:
Талай «бестік» қойылыпты Маратқа
Батыл емес дей алмайсың Маратты
Сол үйретті ауылдағы бар атты.
Алғыссыз күн болған емес Маратта
Жетеді онда ынта, жігер, талап та.
Қай өнер де табылады Мараттан
Ән салғанда жұртты аузына қаратқан.
Міне, сондай жақсы бала Маратпен
Дос бола алмай жүргендер де бар, әттен.
Оқулықпен жұмыс
27 – жаттығу (ауызша септеу)
Отан, баласы, әжесі, ата, ел
Тақтамен жұмыс
Кітаптыңсөзіне сөзіне сатылай кешенді талдау жасау
Бұл сөз екі құрамнан тұр: кітап-тың
Тұлғасына қарай – негізгі түбір( себебі, сөздің әрі қарай бөлшектенбейтін негізгі мағына беретін бөлігі)
Құрылысына қарай – дара (себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр)
Сөздеекі грамматикалық мағына бар.
Лексикалық мағынасы – заттың атына берілген атау.
Грамматикалық-мағынасы- ілік септігінің (-ның)жалғауы арқылы берілген категориялық - граматикалық мағына - иелік мағына.
Кітап – не? деген сұраққа жауап береді. Ендеше, бұл, зат есім. Зат есім дегеніміз – кім? не? кімдер? нелер? т.б. жауап беріп, заттың, нәрсенің атын білдіретін сөз табы.
Мағынасына қарай:
а) жалпы; ә) жансыз; б) деректі; в) нақты
V Сабақты қорыту
І. «Орамал тастау» ойыны
Шарты:мұғалім ең алдымен зат есім айтады, (мысалы Ақтөбе) қолындағы орамалды бір оқушыны алдына тастап, 7септіктің бірін айтқанда оқушы іркілмей сол септікке септеп беруі керек.
ІІ. Өзін-өзі бақылап, бағалау ( тест сұрақтарына жауап беру)
1 «Әке» сөзі қай септікте тұрғанын тап
А) А.с.
В) І.с.
С) Б. с.
Д) Ж. с.
2.Ілік септігінде тұрған сөзді белгіле
А) Оқушы
В) Оқушыға
С) оқушының
Д) оқушыға
3.Барыс септігінің сұрағын белгіле
А) кімге?неге?қайда?
В) кімдерге?кімді?нені?
С) кімге? кімді? нені?
Д) кіммен? немен?
4.Табыс септігінің жалғауын белгіле
А) -ны, -ні, -қы, -кі, -ғы, -гі
В) -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
С) -ны, -ні, -шы, -ші, -ды, -ді
Д) –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
5.Жатыс септігінде тұрған сөзді белгіле
А) көктемде
В) далаға
С) мектеппен
Д) мектептен
6. Шығыс септігінде тұрған сөзді табыңыз
А) Сабаққа
В) Сабақты
С) Сабақтан
Д) Сабақпен
7.Көмектес септігінің сұрақтарын ата
А) кімде?неде?
В)кімге ? неге ?
С) кімнен?неден?
Д) кіммен? немен ?
Дұрыс жауаптары
1. (А)
2. (С)
3. (А)
4. (В)
5. (Д)
6. (С)
7. (Д)
Үйге тапсырма:
32 – жаттығу
Септіктің сұрақтары мен жалауларын жаттау
Бағалау
Бестік,
Бестіктің мәселесін біз бұлаша шештік.
Бестікке сеніммен қарап көп,
Бестікті кім бүгін алады деп,
Бестікте үміті баланын,
Бестіктенбасталған қадамың
Бестікпен жалғаса берсін деп- бүгінгі сабағымызда белсенділік танытқан ..... 5 деген бағамен бағаланады.
Төрт деген баға алғандар,
Төрттің жолынан таймаңдар.
Төртке оқысаң ал енді,
Төртті бес қылып жалғаңдар.
Төртте де бар ілімің,
Төрттен ассын білімің.
Төртпен жолдас боп жүріп,
Жанашыры бол қазақ тілінің деп 4 деген бағамен ... бағаланады.
Үш,
«Үштің өзі күш»
Деп ұмтылма үшке,
Бос үшті санама күшке.
Жалқаулық жатыр сол үште.
Толмасын күнделігің үштен,
Дос болмағын оқушылар үшпен деп 3 деген бағамен ... бағаланады.
.
Достарыңызбен бөлісу: |