Сабақ тақырыбы: Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі



бет3/3
Дата19.01.2020
өлшемі462 Kb.
#56124
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Заттың тығыздығы
IMP obschee-2019-2020, Новый документ, Новый документ

Ортасы

(15 минут)


Мағынаны тану. Топпен жұмыс

Миға шабуыл. Демонстрациялық тапсырма

Сіздердің алдыңызда көлемдері бірдей екі зат берілген, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.





Қорытынды: Денелердің көлемдері бірдей, массалары әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.

V1 = V2; дене әртүрлі заттан жасалған: m1 m2.

Екі дене берілген көлемдері әр түрлі V1 V2, таразының көмегімен массаларын салыстырып, қорытынды жасаңдар.



Қорытынды: Денелердің массалары бірдей, көлемдері әртүрлі, яғни әртүрлі заттан жасалған.

m1 = m2; дене әртүрлі заттан жасалған: V1 V 2
Топ мүшелері пікірлерін тыңдау
Оқулықпен жұмыс

Бұдан заттың қасиетін сипаттайтын тығыздық деп аталатын физикалық ұғымды енгізу қажеттігі туындайды.

Заттың тығыздығы деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең физикалық шаманы айтады. Сонымен заттың тығыздығын табу үшін дененің масссасын оның көлеміне бөлу керек.

Масса тобы: Жұптық жұмыс. Анықтамалық кесте.



Негізгі ұғымдар

Формуласы

Өлшем бірлігі

1

Заттың тығыздығы

ρ= m / V

кг/м3

2

Дененің массасы

m = ρ* V


кг

3

Көлем

V= m /ρ


м3

Көлем тобы:Жұптық жұмыс. Сәйкестендіру.

1.Тығыздық


m = ρ* V



2.Масса


V= m /ρ


3.Көлем


ρ= m / V
Зат күйлері тобы: Жұптық жұмыс. Сұраққа жауа бере отырып бос нүктені толықтыр.

  1. ... деп сол заттың көлем бірлігіндегі массасына тең шаманы айтады.

  2. Заттың тығыздығын табу үшін ..массаны көлемге бөлеміз.

  3. Тығыздықтың формуласы .. ρ= m / V .

  4. Заттың тығыздығының бірлігі үшін ХБЖ-да.. м3..

Бағалау: Оқушылар жауаптарын өзара ауыстырып, бірін-бірі бағалау жүргізеді. Тақтада жауаптардың дұрыс нұсқасы шығады, оқушылар сол арқылы дұрыстығын тексереді.

«Ойлан-жұптас бөліс» әдісі: Жеке, жұптық, топтық жұмыс

деңгейлік есептер шығару

І-деңгей:

1. Тығыздықтың сан мәндерін кг/м3-пен өрнекте:

2500 кг/м3 =2,5 г/см3

0,8 кг/л=800 кг/м3

2.Ұзындығы 9 см, ені 5 см, қалыңдығы 4 см массасы 3 кг алтын кесегінің тығыздығын анықтаңдар.

3. Кірпіштің тығыздығы 1800 кг/м3,өлшемі 0,25х0,1х0,6 м екені белгілі болса, онда бұл кірпіштің массасы неге тең болады?



ІІ-деңгей

  1. Массасы 312 г тығыздығы 7800 кг/м3 білеушенің көлемін анықтаңдар.

  2. Көлемі 0,25 м3 қорғасын цилиндрдің массасы (р=11400 кг/м3) қандай болады?

Дескриптор:

- Есеп шартына сәйкес есептің берілгенін жазады

- Есепте берілген шамаларды бір жүйеге келтіреді.



- Формуласын қолдану арқылы есептің шешімін табады.

ҚБ «Басбармақ»

тығыздық кестесі, таразы лабораториялық, түрлі көлемдегі екі дене, массалары бірдей екі дене.




Аяқталуы

(13 минут

Эксперименттік тапсырма «топтық жұмыс»

  1. «Судың тығыздығын анықта»

Құрал-жабдықтар: мензурка, су құйылған стакан, таразы

  1. «Ағаш білеушенің тығыздығын анықта»

Құрал-жабдықтар: cызғыш, таразы

  1. «Қисық пішінді дененің тығыздығын анықта»

Құрал-жабдықтар: cуы бар мензурка, таразы, қисық пішінді дене

Бағалау критерий

Дескриптор

Заттардың тығыздығын, көлемін, массасын анықтайды

  • Заттың тығыздығын анықтайтын формуланы түрлендіріп қолдана алады

Құрал-жабдықтарды пайдаланып эксперименттік тапсырманы орындай алады

  • Эксперименттік тапсырмада анықталған мәліметтерді қолданып, судың, ағаш білеушенің және қисық пішінді дененің тығыздығын анықтайды.


ҚБ

«От шашу»







Кері байланыс

(2 минут


Үйге тапсырма

§12. 65-68 бет

4, 5 жаттығу 70-бет

Үлестірме материал



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Жаңа тақырыпты оқушыға игерту мақсатында тығыздықтың анықтамасын, формуласын түсініп есептер шығарады, эксперименттік тапсырмаларды орындай алады.

Қабілеті жоғары оқушыларға бірнеше формулаларды түрлендіру арқылы шығарылатын есептер, құрал-жабдықтарды қолданып эксперименттік тапсырмалар орындау арқылы анықталатын тапсырмалар беріп отырамын.



Қалыптастырушы бағалаудың «Мадақтау», «Өзін-өзі бағалау», «Басбармақ», «От шашу» тәсілін қолданамын, кері байланыс ауызша және жазбаша беріледі

Сабақтың басында сыныптағы оқушыларды сабақ барысында жасалатын эксперименттік тапсырмаларды орындаудағы қауіпсіздік ережесімен таныстырып өтемін

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?



Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?



Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет