Уақыты: 21.05. 2014ж
|
Пәні: Химия
|
Сыныбы: 10а (ЖМБ)
|
Сабақ тақырыбы:
|
«Зергерлік өнер»
|
Жалпы мақсат:
|
Металдарды өңдеп, өнім алу туралы түсініктің қалыптасуы
Білімдеріне сүйене отырып жоба құрып үйрену, біліктерін дамыту;
Тұрмыста пайдаланатын заттардың жасалуына іс жүзінде көз жеткізіп, мамандыққа баулып, тәрбиелеу.
|
Сілтеме:
|
Білім стандарты. Химия пәні мен қолданбалы курс бағдарламалары. Химия 9-10 сыныптар оқулықтары. Интернет пен энциклопедия материалдары
|
Оқушылар үшін оқу нәтижелері:
|
Зергерлік туралы түсініктерін тереңдету;
Жоба нәтижесі қандай болатынын болжай алады, теорияның практикада өзгеру себептерін түсіндіру;.
Өмірде қажет жағдайда қолдану.
|
Негізгі идеялар:
|
Металдар мен оларды қолдану туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы Елбасы – Н.Назарбаевтың атадан балаға мұра болып қалатын кәсіппен айналысу жөніндегі пікірін назарға алу.
|
Сабақта қолданылатын құрал – жабдықтар:
|
Интерактивті тақта, компьютер, презентациялар, интернет желісіне қосылған ноутбук.
Көрме: металдан жасалған монеталар, қолдан соғылған 19ғ.күміс білезігі, қылыш;
Оқушылардың оқу жылы барысында ғы дайындаған рефераттары мен буклеттері.
|
Оқыту әдістері:
|
Жоба қорғау
|
Дерек көздері:
|
Оқулық 9-10(ЖМБ) сынып, жұмыс дәптері, интернет желісі.
|
Тапсырмалар:
|
жеке
|
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс – әрекеті:
|
І. Ұйымдастыру кезеңі
|
Мұғалім іс – әрекеті:
«Білімнің алмайтын қамалы жоқ!» сыныпта жағымды ахуалды қалыптасытру.
Смайликтер арқылы кезектерін анықтау .
|
Оқушының іс – әрекеті:
Оқушылар бір – біріне тілектерін айтып, жобаларын №5 химия кабинетіндегі компьютерге флешка арқылы салады .
|
ІІ. Қорытынды сабақ (мақсатын айту)
|
Мұғалім іс – әрекеті:
«Қарлы кесек» сұрақ – жауап
Құймалардың анықтамасы?
Зергер дегеніміз кім?
Қолданбалы өнер дегеніміз не?
«Атакәсіп – елге нәсіп» дегеніміз не?
Алтын құймасында мыс немесе күміс бар екенін
қалай білуге болады?
Мамандықты тек қана ЖОО – да ақып қана игеруге бола ма ?
|
Оқушының іс – әрекеті:
Жауап беру барысында
өзінің ой – пікірін қоса білдіру;
Сұрақ қою арқылы қосымша мәлімет алу; т.б.
|
ІІІ. Жоба қорғау барысында
|
Оқушының логикалық қабілетін дамыту
Тапсырмалардың жүйелі орындалуын қадағалау
Оқушыны одан әрі дамыту схемасы бойынша түсінігін талдап, тыңдау
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен жұмыс, оқушылардың пікірін тыңдау.
|
Оқушылар металдар және зергерлік өнер туындылары туралы мәліметтерді таныстырады - жинақтайды;
Берілген тапсырма бойынша зерттеу, талдау, сараптау, ұсыну, дәлелдеу, қайта қарастыру жұмыстарын жүргізеді;
Компьютерлік сауаттылықтары дамиды;
Өзіне, жасаған ісіне қанағаттану сезімі пайда болып, нәтижеге көз жеткізеді
|
ІҮ. Эксперттік жұмыс
|
Сарапшылар іс – әрекеті:
Бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер жинап, өңдеуіне баға беру;
Теориялық білімдеріне баға беру;
Практикалық іс – әрекеттерін бағалау
|
Оқушының іс – әрекеті:
Тақырыпты жан – жақты таныстырады
Берілген уақыт ішінде жоба қорғайды.
|
Ү. Шығармашылық тапсырмалар
|
Мұғалім іс – әрекеті:
Металдар химиясы мен құймалардан тұрмыста және жеке бастарына қажет әшекейлік бұйымдар мен қару - жарақтар үлгілерінің тізімдемесін ұсыну, таңдату
|
Оқушының іс – әрекеті:
Компьютерде слайдтар құрып, тапсырманы тұсаукесер түрінде орындайды, қорытындыларын жазады, көрсетеді
|
ҮІ. Қорытындылау
|
Мұғалім іс – әрекеті:
Мұғалім – оқушы арасындағы диалог,
Оқушы – оқушы арасындағы диалог формаларымен пікір алмасу жасау.
|
Оқушының іс – әрекеті:
Сұраққа жауап беру, талдауға қатысу, нәтижесін дәлелдеу, т.б.
|
Келесі оқылым: «Металлорганикалық қосылыстар – жаңа технологиядағы орны», 11 сыныпқа дайындық
Үйге тапсырма: Сынаққа дайындық, курс бойынша қайталау.
|
|
|
ҮІІ. Бағалау
|
Мұғалім іс – әрекеті:
Арнайы бағалау парағында сарапшылармен бірге формативті бағалау;
«Мадақтама грамоталарын» тапсыру
|
Оқушының іс – әрекеті:
Өзін – өзі бағалау, өзгелерге баға беру.
|
ҮІІІ. Рефлексия
|
Мұғалім іс – әрекеті:
Стикерлерді тарату, «Қоржынға» жинақтау.
|
Оқушының іс – әрекеті:
«Не білдім, нені білмедім, нені білгім келеді?» стикерге өз пікірін жазып тақтаға іледі.
|