Сабақ тақырыбы Зертханалық жұмыс «Тағамдық заттар құрамынан с дәруменді анықтау»



бет2/7
Дата22.10.2022
өлшемі267,06 Kb.
#154546
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1542205519 (1)

Пәнаралық
байланыстар

С дәруменін анықтауда химиялық ерітінділердің қолданылуы және йодометрия әдісінің қолданысы арқылы химия пәнімен байланысады.

Алдыңғы білім



7-сыныптан әртүрлі ағзалардың қоректену типтері, азық - түлік өнімдерін органикалық заттардың болуына тестілеуді біледі.

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы
2 мин


1 мин

7 мин

1 мин

Психологиялық ахуал туғызу.  
«Кім қандай жемісті жақсы көреді?» жаттығуы. Барлық оқушы орындықтарда отырады. Кім қай жемісті, көкөністі жақсы көреді?
Мысалы: Кім алманы жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім лимонды жақсы көреді сол орнынан тұрсын… т.б. сұрақтар қоюға болады. Кімнің қандай жеміс пен көкөністі жақсы көретінін анықтай отырып;
«Жемістерден дәрумендер себетін жаса» әдісі арқылы топқа бірігеді.
Өздерінің жақсы көретін жемістері мен көкөністерін себеттерге салу арқылы 4 топтарға бірігеді.
1-топ. «С»
2-топ. «В»
3-топ. «С»
4-топ. «D»



2.Үй тапсырмасын тексеру. 8.1.2.6 Құрамында дәрумендердің маңызды мөлшері бар азық-түлік тізімін жасау.
«Попс» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын. Бұл әдіс тапсырма барысында оқушыларға белгілі бір позицияны ұстану керек болғанда тиімді әдіс.
П - позиция (жеке пікірі, ойы, көзқарасы) менің ойымша..., менің жеке пікірім.
Д – дәйектер (негіздемелер) себебі...
М – мысал (фактілер, айғақтар) мысалы...
Д - демек (қорытынды) сондықтан да ...
Бұл әдіс арқылы үй тапсырмасын сұрау барысында оқушылардың айтылым дағдысы мен сыни ойлау жүйесі қалыптасады. Сонымен бірге өз ойларымен еркін бөліседі. Яғни, топ алдында сөйлеу, пікір алмаса білу сияқты қасиеттері артады. 

Дескриптор




- дәрумендердің түрлеріне қарай азық-түлік тізімін жасайды;
- дәрумендердің түрлеріне қарай азық-түлік тізімін анықтайды;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет