3-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Бюреткамен жұмыс бірінші рет жасалатын болғандықтан онымен жұмыс жасауды түсіндіру үшін көрсету қажет.
Әсіресе есептеу жолдарына тоқталу жөн.
Оқушылар алдымен азық-түлік өнімдерінен ерітінділер дайындайды. Осы ерітінділерді йодометрия әдісімен С дәруменінің болуына тестілейді. Нәтижені кестеге толтырады.
1-кесте. Әрбір шырынға жұмсалған йод ерітіндісінің көлемі
Шырындар
|
Йод ерітіндісінің бастапқы мөлшері, мл
|
Йод ерітіндісінің соңғы мөлшері, мл
|
Айырмасы, мл
|
Алма шырыны
|
|
|
|
Лимон шырыны
|
|
|
|
Апелсин шырыны
|
|
|
|
Картоп шырыны
|
|
|
|
Тапсырманың тиімділігі мен ерекшелігі: Бұл тапсырманы орындау барысында ұсынылған мәселе бойынша өз зерттеулерімен таныстыра біледі. Тақырып бойынша оқушылардың пікірі қалыптасады. Жинақталған деректердің құндылығын сипаттайды. Оқушының зерттеушілік қабілеті дамиды.
4- тапсырма. Алынған деректерді формуланы пайдалана отырып, есептеп, өңдейді.
Ерітіндідегі С дәруменінің мөлшерін есептеу әдісі
Дескриптор.
құрамында С дәрумені бар азық – түліктерді ажыратады;
азық – түлік құрамындағы С дәруменін анықтайды;
азық – түлік құрамындағы С дәруменін зерттейді, есептейді.
Тапсырманың тиімділігі мен ерекшелігі: Оқушы білімі анық бағаланады. Оқушының белсенділігі артып, қызығушылығы оянады. Ой еңбегі жетіле отырып, белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне деген сенімділігі артады. Шығармашылық деңгейге дейін жетуге ұмтылады.
Бағалау. «Температураны өлшеу» әдісі арқылы бағалаймын.
Бұл әдіс оқушылардың тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру үшін қолданылады. Ол үшін оқушылардың іс-әрекеттері тоқтатылады және ұстаз «Біз не істеп жатырмыз?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың осы сұраққа жауап беруіне қарай мұғалім олардың тапсырманың негізгі шартын түсінгендіктері немесе оны орындау барысы жайлы мағлұмат алады. Кейбір жағдайда ұстаз жұптардың немесе топтардың бірінен тапсырманы қалай орындап жатқандықтары жайлы айтып берулерін ұсынады. Ал қалғандары оларды бақылап, өздері не істеу керегі жайлы түсінік алады.
|
Үлестірме
Ромб суреті салынған үлестірме.
НұсқаулықҚара қарақат, лимон, алма, апельсин, картоп шырыны, дистелденген су, крахмал суспензиясы, немесе коллоид, дәріханалық йод, 5%-дық спирт ерітіндісі, химиялық ыдыс.
https://www.youtube.com/watch?v=xVUi5j70vN8
|