ЖЖ. 2-Тапсырма. Қатер көзін бағалау кестесін толтырыңыздар.
Осы құрал-жабдықтардың қайсысы қандай қатер көзі бола алады деп, қауіпсіздікті талдау қажет. Мысалы, оқушылар йод ерітіндісін атап, ол көзді тітіркендіруі мүмкін десе, оны төгіп алса киімді бүлдіреді дегенді, сынауықты атаса оның қауіптілігі орташа, сындырып алған жағдайда сынықтарын қолмен ұстамау қажет деген сияқты толықтыра отырып, кейбір қатер көздерін оқушыларға толтыру тапсырылады.
Қатер көзі
|
Қауіптілігі
|
Қауіптілікті азайту жолдары
|
Тұз қышқылының ерітіндісі
|
|
|
Шыны ыдыстар
|
|
|
Тапсырманың тиімділігі мен ерекшелігі: Жазылым дағдысы қалыптасады, сабақ барысында биология кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыланады.
«Кинометафора» әдісі. «Жеміс жидектер мен көкөністер құрамындағы С дәруменін анықтау» бейнеүзік көрсету. Жұмыс барысы түсініксіз болған жағдайда видеоматериалды көрсетуге болады.
Бір мәселе бойынша бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы баланың өз ойын, ой-пікірлерін білуге болады. Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.
«Зерттеушілік конференциясы» әдісі. 1-қадам.Тақырып беріледі. 2-қадам.Топтардың тапсырмаларын анықтау. 1.Ұсынылған мәселе бойынша түрлі адамдардың пікірін анықтау мақсатында жазбаша сауалнама өткізу. 2. Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтау. А.Берілген тақырыпқа сәйкестігі. В.жинақталған деректердің құндылығы. С.Оқушының зерттеушілік шеберлігі. 4.қадам.Топтардың тапсырманы орындауы. 5.қадам.Топтардың жұмыстарын бағалауы.
Достарыңызбен бөлісу: |