Сабақ тақырыбы Зобалаң жылдар Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата20.12.2023
өлшемі381,07 Kb.
#197827
түріСабақ
Байланысты:
PavJM4dnSM9mOyZpeqvXlvLQWBGuM26T7OVPfgg6




Бөлім: Қазақтың Қанышы

Мектеп: Н.Нысанбайұлы

Күні: 13/12/23

Мұғалімнің аты-жөні: Әбдіқадыр Ерлан Лесбекұлы

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зобалаң жылдар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициялық ерекшеліктерін талдау.

Сабақ мақсаттары

«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің композициялық ерекшеліктерін талдау, мазмұнын терең түсіну.

Бағалау критерийлері

  • композициялық құрылымына талдау жасайды;

  • сөздердің мағынасын ашады;

  • мазмұнын терең түсінеді.

Құндылықтарға баулу

Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы (6-құндылық)

Тілдік
мақсат

Пән лексикасы және терминология
Авторлық идея, өмір шындығы, композиция
Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер:
Менің ойымша...;
Салыстыра қарғанда...;
Өмірмен байланыстыратын болсам...;
Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Алдыңғы білім

«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



І. Ұйымдастыру кезеңі. Түгендеу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру:
Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады.
Қызығушылықты ояту. «Байланыс тізбегі» әдісімен төмендегі сызбадағы байланысты ашып түсіндіріңдер.
Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне қол беру арқылы жақсы тілек айтады.



Өзара бағалау. «Комментарий жасау» әдісі


10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы

Сабақтың
ортасы


Мағынаны тану. 1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
2-тапсырма. «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі бойынша «Маңыздылық кестесін» толтырыңдар.



Маңызды оқиғалар

Кейіпкердің бейнесі







Дескрипторлар:

  • Қаныш Сәтбаев өмір жолына байланысты сұрақтарға жауап береді;

  • «Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі бойынша «Маңыздылық кестесін» толтырады;

  • Маңызды оқиғаларды жазады;

  • Сол оқиғалардағы кейіпкер бейнесін талдайды;

  • Ойларын дәлелдейді.

2-тапсырма. А) Астарлы мағынада берілген ойдың мағынасын ашыңыз:

  • Жомарт табиғаттың сезімтал балаға әсері өзгеше...

  • Қанаты қатайған қыран бүркіттің болат тұяқ балапанына ұқсап...

  • Үзіндідегі антонимдерді анықтаңыз.

Дескриптор:

  • Астарлы мағынада берілген ойдың мағынасын ашады;

  • Берілген ойды кейіпкер бейнесімен байланыстырады;

  • Үзіндідегі антонимдерді анықтайды.

Бекіту. «Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің негізгі идеясын түйіндеп жаз.
1. Пікір. Туындаған өзіндік пікіріңді бір сөйлеммен келтір.
2. Дәлел. Келтірілген өзіндік пікірді тағы бір сөйлеммен дәлелде.
3. Мысал. Енді өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуің үшін бір сөйлеммен мысал келтір. Мысалды өмірден алуың қажет.
4. Қорытынды. Өзіндік пікірді тағы да бір рет пысықтап, қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтір.

Оқушылар шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі бойынша «Маңыздылық кестесін» толтырады.


Үзінді бойынша астарлы мағынада берілген ойдың мағынасын ашады;


Берілген ойды кейіпкер бейнесімен байланыстырады;
Үзіндідегі антонимдерді анықтайды.
Төрт сөйлем» тәсілі бойынша Қаныш Сәтбаев» роман-эссесінің негізгі идеясын түйіндеп жазады.



ҚБ



«Қаныш Сәтбаев» роман-эссесі



Сабақтың соңы

Кері байланыс. «3-2-1» әдісі. Оқушылар бүгінгі сабақтағы 3-маңызды ақпаратты айтады, 2-ұсыныс білдіреді, 1-сұрақ қояды.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет