Сабақ Тақырыбы:«Тіл- ғасырлық қазына»



бет5/7
Дата05.02.2022
өлшемі116,54 Kb.
#15776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Қаз дауысты Қазыбек:
Ілкі заманда қартайған Бұқар жыраудың көңілін сұрай барып едім, балаларым. Төсекте жатқан Бұқар жырау:
-Бірден онға дейін санның маңынасын маған ешкім айтып бере алмады.
Қазыбек, сен айтып берші?-деп сұрады.
Мен былай деп жауап бердім.
Бір дегенің- бірлігі кеткен ел жаман,
Екі дегенің-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің-үш бұтақты шілдерден шошынған ат жаман.
Төрт дегенің-төскейге шыға алмаған кәрілік жаман.
Бес дегенің- белсеніп шапқан жау жаман.
Алты дегенің- аймағын билей алмаған адам жаман.
Жеті дегенің-жетем деген мақсатыңа жете алмаған жаман.
Сегіз дегенің- серкесіз бастаған қой жаман.
Тоғыз дегенің-толғаныңыз.
Он дегеніңіз-өткеніңіз, о дүниеге жеткеніңіз.
Қарт жырау риза болып қалып еді. Бұл айтылған нақыл сөз – тыңдай білгеннің адастырмас темірқазығы.
Әйтеке би:
Бабаларың тыңдап, кесіміне құлдық ұрған ғибратты сөздердің біразын айтсам, сендерге жаттығы болмас.
Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң, жауға найзаң тисін.
Бай болып елге пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің күйсін.
Суалмайтын суат жоқ.
Таралмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде,
Қуармайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ.
(Үш би ұрпақтарымен қоштасып шығып кетеді. Тазша бала да бірге кетеді.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет