Сабақ Тақырыбы:«Тіл- ғасырлық қазына»


Оқушылар: Апыр-ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен? Тазша бала



бет4/7
Дата05.02.2022
өлшемі116,54 Kb.
#15776
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Оқушылар: Апыр-ай, сізден өзге ешкім келмес пе екен?
Тазша бала:(жымың етіп) Асаларына таянып үш абыз емпеңдеп келе жатыр еді артымнан, енді табалдырыққа жеткен де шығар.
(Есікті үйсін Төле би, арғын Қаз дауысты Қазыбек би, алшын Әйтеке би ашып кіріп келеді. Оқушылар мәз болып, қарсы алады.)
Тазша бала: -Ассалаумағалейкум, ақылы дария бабалар! Аман-сау жеттіңіздер ме? Төрлетіңіздер! (Үш қария төрге жайғасады).
1-жүргізуші: Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тілімнен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көл ойларыңыз баршамызға аян. Сіздердің асыл ойларыңыз да асығып тұр. Аздап тыныстап алыңыздар. Ана тілінің арын арлап, мұңын жоқтап жүрген біздей ұрпақтарыңыздың да айтары бар.


сынып оқушылары Төрахмет Аяжан, Үсіпбек Дулат, Балқан Жанерке.

Қайта туды қазағымның ай-күні,


Күннен күнге асар ма екен айбыны.
Тоқсан жылда өттік талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.
Тіл дегенің тиегі ғой жырдың да,
«Ештен кештеу» түсінгендей жұртым да.
Шықпағанда республика Тіл заңы,
Елдігім де кетер еді құрдымға.
Алтын бесік-ағайын, жұрт, туғаным,
Дос бөліссе қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс жүзінде Тіл заңын.
Қазағыма көп азапты жазған ба?
Ел ішінде індет жала қозғанда,
Шәкәрімнің сақалына жармасып,
Ауыз салды Жүсіпбек пен Мағжанға.
Үсіпбек Дулат
Қырандар мен сұңқарлардан айырылдық,
Топшы сынып, бар қанаттан майырылдық.
Қалмаған соң топ бастайтын азамат,
Жалтақтардың сөзін тыңдап қайырылдық.
Ана тілім- абыройым, ожданым,
Әрқашанда мәуелі екен өз бағым.
Нанымды жеп, суымды ішіп кейбіреу,
Көре алмайды қазақ тілі озғанын.
Тіл тағдыры қабырғама батады,
Түзеу қиын бір жіберген қатені.
Күні кеше тілін сатқан арсыздар,
Мансап үшін өз Отанын сатады.
1-жүргізуші: Тілім барда қазағым бар, халқым бар, дәстүрім бар, ата жолы салтым бар. Кең даладай жиналмаған шалғайы, Тыңдайық домбыраның әсем күйін. «Ерке сылқым» орындайтын: Кенбай Ақниет, Бегман Әйгерім.


1-жүргізуші: Ақылы дария, көңілі көл балалар! Біздермен қош айтысар сәттеріңіз де таяу қалды. Мына ұрпақтарыңызға ғибрат боларлықтай бірер ауыз өсиет айтпас па екенсіздер.


Төле би:
Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім.
Ұқпасқа айтқан сөз жетім,
Өгізді өрге салма, қанатың талар,
Наданға көзіңді салма, сағың сынар.
Досыңа өтірік айтпа, сенімің кетер,
Дұшпанға сырыңды шашпа, түбіңе жетер.
Жақыным деп жаманның малы үшін,
Жақсының жағасынан алма, өрісің тарылар.
Қару жисаң мылтық жи,
Жаяу жүрсең-таяғың, қарның ашса-тамағың, менен ақыл сұрасаңдар, айтарым-осы.

Каталог: uploads -> doc -> 114b
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
114b -> Қазақ әдебиеті сабағының жоспары. 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: І. Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
114b -> Сабақтың мақсаты: «Кавказ халықтарының музыкасымен танысу»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет