3-жүргізуші: « Язык дружбы» 10 сынып оқушысы Апақ Ақбота
1-жүргізуші: «A child´s» 10«А»- сынып оқушысы Нұралы Ақниет
(Осы сәтте есік ашылып, өңі алау-далау алқынып ішке бір бала кіреді. Басында кепе, үстінде жамау-жасқаулы ескі шапан, аяғында шоңқайма етік.)
Тазша бала: Оу, амансыңдарма, балалар, аға-әпкелер? Тіл құрметіне арналған кештеріңіз көптің көңілінен шықсын.
1-жүргізуші:Рахмет тілегіңе. Бірақ кім екеніңді танымай тұрғанымыз. «Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген бар, құрдас. Жағдайыңды баян ет, қайдан келесің?
Тазша бала:
Алда, айналайын-ау!
Баяғыда Әйтеке би «Әкемді сұрасаңыз-жетесіз,
Шешемді сұрасаңыз-некесіз.
Туа қалған бір баламын,
Тегімді сұрап не етесіз?» деген екен.
Сол айтқандай, түптеп келсек бәріңе таныс Тазшаның дәл өзі боламын. Кәдімгі Есер ханды мүдермей қырық өтірік айтып, тәубесіне келтіріп, жарты патшалығын алып байып, қызын алып, күйеу болған шонжарың мен. Жас қусақ, сендердің аталарыңның аталары маған іні болып келеді. Сендер ана тілі құрметіне орай кеш өткізіп жатыр деген соң тарих қойнауында шыдап жата алмай жеткен бетім. Бай қалпымда келсем, танымай қалар деп өзімнің сол кездегі киімдерімді киіп шығып едім.
2-жүргізуші: Оу, Тазша бала, жо-жоқ баба, жортқанда жолыңыз болсын, жолдасыңыз Қыдыр болсын. Әйтсе де сұрауға рұқсат ет, жалғыз келемісіз?
Тазша бала: Қайдан жалғыз шығайын. Халқыма асыққан мен ғана емес екенмін. Ел билеген хандар, байрақ ұстаған батырлар, аузы дуалы билер, ертегілер еліндегі өздеріңе таныс кейіпкерлер бірігіп жолға шығыпты. Шұбар ауылына беттеп бара жатып, көштен жырылып, сендерге соға кеткелі келгенмін.
Достарыңызбен бөлісу: |