Сабақ Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ Құндылық



бет1/3
Дата27.04.2017
өлшемі1,55 Mb.
#15205
түріСабақ
  1   2   3
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiмі: 03.02.2015ж. №20 сабақ

Тақырып: Мөлдір бұлақ-жасыл құрақ

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: қоршаған ортаны қорғау,мейірімділік,сүйіспеншілік

Класс: 6


Сабақ мақсаты: оқушыларға адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік қиянат жасамау құндылығынан туындайтынын ұғындыру.
Міндеттері:

  • қоршаған ортаны қорғау қасиеті арқылы адам мен табиғат арасында тұтастықтың сақталатыны туралы білім беру;

  • табиғатқа деген сүйіспеншілік қасиеттерін дамыту;

  • табиғатты сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.




Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер, түрлі-түсті маркер,ватман.

Слайдтар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5 Т ережесі.

  2. Тыныштық сәтi.

«Орманға ойша саяхат»

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

А.Сейдімбектің «Бетпақдала» атты әңгімесін оқу,мазмұндау.

  • Хан қандай жарлық шығарды? Неліктен?

  • Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

  • Құнарлы жердің бетпақдалаға айналуының себебі неде?

  • Табиғатқа қамқорлығыңызды қалай білдіріп жүрсіз?

  • Адамның табиғатқа деген сүйіспеншілігі қандай әрекетке жетелейді деп ойлайсыз?

  • Табиғатқа мейірімділікпен қараудың мәні неде ?




Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйек сөз.

«Таза болса табиғат,

Аман болар адамзат!»

Ф.Оңғарсынова.

-Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіз?





  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

"Бала және інжугүл қоңыраулары"

(Ертегі)


В. Сухомлинский

Көктем келді. Жерден жебе тәрізді екіге бөлінген көк жапырақша көрінді. Оның жапырақтары тез өсіп, көлемі үлкейе бастады. Ал олардың арасынан кішкентай өскін өсіп шықты. Өскін бой көтеріп, басын жапырақтың біреуіне қарай бұрып, бір күні таңмен аппақ қоңырауларға толып, гүлденді.

Бұл інжугүл қоңыраулары болатын.

Бұл аппақ қоңырауларды кішкентай бала көріп, олардың әдемілігіне таңырқай қарады. Ол көзін гүлдердің қоңырауларынан ала алмай, ұзақ тұрып, оны жұлып алуға қолын соза бастаған кезде гүл былай деп сыбырлады:



  • Сен бізді не үшін жұлғың келеді?

  • Сендер маған ұнайсыңдар. Сендер сондай әдемісіңдер, мен өте қызығып тұрмын, – деп жауап берді бала.

  • Жарайды, - деп күрсінді інжугүл қоңыраулары.

  • Жұлып ал, бірақ жұлмастан бұрын біздің қандай әдемі екенімізді айтшы.

Бала інжугүл қоңырауларына қарап, олардың соншалықты кереметтілігіне таңдаңды. Бала оларды аппақ бұлттарға, ақ көгершіннің қанаттарына сонымен бірге таңқаларлық кереметке ұқсатты. Осының бәрін сезінген бала ештеңе айта алмай үнсіз тұрып қалды.

  • Өсіңдер інжугүл қоңыраулары, - деп сыбырлап жәй ғана үн қатты.

1. Бала нені көріп таңқалды?

2. Бала неліктен інжугүлді жұлмады?

3. Сендердің өмірлеріңде осыған ұқсас жағдайлар кездесті ме?

4. Баланың іс әрекеті дұрыс па?

5. Інжугүлді неге теңеді?

6. Баланың орнында болсаң сен не істер едің?







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылардың адам мен табиғаттың бір-бірімен байланыстылығы туралы пікірлері шығармашылық жұмыс арқылы тыңдалады.

Балалар «Жер,су,ауа,өсімдік» сөздерін айта отырып, топқа бөлінеді. Әр топ атына сәйкес өзінің жақсы қасиеттерін,адамға пайдасын және адамның оларға тигізер пайдасын әңгімелейді.






  1. Топпен ән айту.

Әні: А.Кенжебекова Сөзі: М.Мақатаев.

«Жас қайың» әні





  1. Үй тапсырмасы.

21-сабақ. А.Сейдімбектің табиғат туралы ой толғамын оқып, мазмұндап келу.





  1. Соңғы тыныштық сәтi. (Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Балалар бүгінгі сабақтан үйренген, жақсы қасиеттерді жүректеріңізге түйіп алыңыздар, рахмет балалар барлықтарыңызға ризамын.

Сау болыңыздар!






Сабақ сәттерінен көрініс








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет