Сабақ Тақырып: Сыр мен сымбат Құндылық: Сүйіспеншілік



Дата11.01.2017
өлшемі74,98 Kb.
#6636
түріСабақ
Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Мерзiм: 9.11.15

№ 1 сабақ



Тақырып: Сыр мен сымбат

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сұлулық, жақсы көру, аялай білу, мейірімділік, адалдық

Мұғалiм: Мамбетова Назгул Далубековна

Сыныбы: 7

Оқушылар саны: 11


Сабақ мақсаты: Оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

1. Оқушыларға сұлулық ұғымын түсіндіру.

2. Оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге, жақсы көруге үйрету.

3. Оқушыларды адалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

Мультимедиялық тақта, оқулық, мақал-мәтел, дәйексөз, маркер, аққағаз, жүрек.



Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу

ә) оқушылар назарын сабаққа аудару

б) Тыныштық сәті



Тыныштық сәті.

Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Терең тыныс алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Міне, біз «Саялы орман» еліне келе жатырмыз. Барлығымыздың көңіліміз көтеріңкі, асығып келеміз. Бәріміз бірге шат көңілмен келе жатқандықтан болар аз не көп жүргенімізді байқамай да қалдық, бірақ шаршағандаймыз. Алдымыздан іздеген «Саялы орман» елі кездесті. Аспан тіреген қалың жасыл ағаштар, сансыз гүлдер мен шөптер, саңырауқұлақтар... Осы елге енгеннен-ақ тынысымыз одан да кең ашылып, бойымыздағы күш-қуат тасығандай. Шаршағанымыз басылып, әлдебір жақсы, ізгі әдеттер мен әрекеттер туралы ойлар ақыл ойымызды толтырғандай. Осындай жақсы ойлардан денеміз айрықша жеңілденіп, айналамызбен өз қуанышымызды, осы бақытты сәтімізді бөліскіміз келгендей. Қалың майсалы жасыл шөпке аунап-қунап, жұпар иісті гүлдерді қайта-қайта иіскейміз. Махаббат пен бақытқа толы таза ауа бүкіл денемізді бойлап бара жатқандай. Шынында да табиғаттың саялы орманының денсаулық мекені екендігін шын сезініп тұрмыз.

Ал енді сыныбымызға оралып, көзімізді ашайық.

Саялы орманнан қандай әсер алдыңдар?

Сендер осындай табиғат аясында серуендеп көрдіңдер ме?

Үй тапсырмасы:

1. Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінісіңдер?

2. «Сұлулық» деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?


Сабақ барысын талдау:

Оқушылар көңіл күйін көтеру мақсатында



Дәйексөз.

«Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс».



А.П. Чехов



Әңгiмелеу

Өткен сабағымызда ішкі жан сарайы сұлулығы мен сымбат сұлулығы адамға тән құндылықтар болса, бүгінгі сабағымызда қоршаған орта сұлулығын сөз қылмақпыз. 
Сұлулық – бұл ең алдымен адам баласына тән сипат, әйтсе де сұлулықты айнала қоршаған ортадан, табиғат тынысынан да кездестіруге болады. Жазиралы кең дала келбетінің тамашасы тұтас бір сұлулықты көрсетіп, желегі жайқалған жасыл ағаштар мен құлпырған гүлдер сұлулығы жүрегіңді қуанышқа бөлейді. Айдын көлде жүзген сұлу аққудың сыңсып салған сазды әуені жүрек қылын шертеді. Еркелеп соққан самал жел де, сол желге тербетілген қайың жапырақтары да сұлу. Осындай сұлулықтың арасында жүрген әрбір адам сұлу. Сол себебті сұлулықты бағалай, аялай білген жөн. Әсемдікке ,әдемілікке көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Халықта «жүзінен нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар. 

Мәтінмен жұмыс 

О .Бөкейдің «Тәңірісі сұлулықтың марал деген…» әңгімесін оқи отырып оқушылар табиғаттағы сұлулықтар туралы өздері әңгімелеу. 

Талдау сұрақтары: 

- Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды? 

- Сұлулық адамға ғана тән бе? 

- Еліктің баласы құралайдың, түйенің баласы ботаның сұлулығы  туралы не айтар едіңіздер? 

- Табиғат сұлулығы туралы қандай пікір білдіре аласыңдар? 


Оқушыларға әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1-топ «Менің ойымдағы сұлулық» тақырыбына сурет салу 

2-топ «Сұлу Күләш» өлеңін оқи отырып әнші туралы өз ойларын дәптерлеріне жазу. 

3-топ Сахналау «Сұлулықпен сырласу.» 

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Топпен ән айту. «Сыр сұлуы»

  1. Жайраңдап жазда ағатын еді

Есімде қайран Сыр сұлу

Таңертең сонда баратын еді

Толқынға құмар бир сұлу

Қайырмасы:

Аңсатса Сыр өңірі

Ән тербер жүрегімді

Өзіңнен туған ұлың айналсын

Жайқалған ақ күрішің

Жаралған шаттық үшін

Қайран сол Сыр сұлуы қайдасың


  1. Тұрғандай қарап толқынды Сырға

Бір сұлу әсем жан сыры

Сәуле боп ойнап жатқандай суда

Көзінің ерке жарқылы

Қайырмасы:


  1. Қайта ма сол қыз жайраңдап Сырдан

Толқынды шашын күн қағып

Қала ма қарап жағада тұрған

Күріштің басы ырғалып

Қайырмасы:


  1. Сыр бойы түгел сол қызды мақтап

Жігіттер әнін шертеді

Тізілген тісі күріштен аппақ

Сырдан да жаны ерке еді

Қайырмасы:


Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді

Аңыз әңгіме. «Әйел сұлулығы»

Кішкене бала анасынан былай деп сұрайды:

— Неге жылайсың?

— Өйткені мен — ӘйелМІН.

— Мен түсінбедім!

Анасы ұлын құшақтап, былай дейді:

— Мұны сен ешқашан түсінбейсің. Сол кезде бала әкесінен сұрайды:

— Неге анам кейде еш себепсіз жылайды?

— Әйелдердің барлығы кейде себептен себепсіз жылайды, — деп қана жауап бере алады әкесі.

Баласы ержеткен соң да таңғалысын тоқтатпайды: «Неге әйелдер жылайды?»

Ақырында ол мұны Құдайдан сұрайды. Құдай былай деп жауап береді. «Әйелді жаратқанда мен оның жан-жақты болғанын қаладым.

Мен оған бүкіл әлемді ұстап тұру үшін мықты күш және баланың басына сүйеу болу үшін сондай нәзік алақан бердім.

Мен оган босанғандағы және басқа кездерде ауырлыққаа шыдайтын мықты рух бердім.

Оған басқалар сүрінгенде, қайыспай алға жүретін мықты ерік-жігер бердім және ол сүрінгендерге, науқастарға және шаршағандарға пана болады.

Мен оған қандай жағдайда да, тіпті балалары өзін ренжітсе де, балаларын сүйетін мейірімділік бердім.

Мен оған күйеуіне оның олқылықтарына қарамастан арқау болатын күш бердім.

Мен оның жүрегін қорғап жүрсін деп әйел адамды ер адамның қабырғасынан жараттым.

Мен оған жақсы ер әйел көңіліне әдейі қаяу түсірмейтінін, бірақ кейде оның күші мен қай кезде де қасынан табыла кететінін сезінетін ақыл бердім.

Ақыр соңында мен оған қашан, қайда болмасын төгіп алатын жас бердім.

Ал ұлым сен Әйел Сұлулығы оның киімінде, шашы немесе тырнағында емес екенін түсінуің керек. Оның сұлулығы махаббат өмір сүретін өз Жүрегіне жол ашатын кездерінде».







Үй тапсырмасы.

«Сыры мен сымбаты келіскен адам әрдайым да табиғаттың сұлулығын сезіне, көре білуі қажет» (пікір жазу)

Күнделіктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу музыка қосылады



—        Көзімізді жұмсақта болады, тыныштықта бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейік. Бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді жүрегімізге түйейік. Әр уақытта шындықты айтып, ақиқатқа көз жеткізейік. Енді тыныштық күйде отыра тұрыңыздар. Көздеріңізді ашуға болады.

Оқушылар көздерін жұмып демалады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет