Сабақ Тақырып: «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»



бет1/5
Дата04.07.2018
өлшемі227 Kb.
#46740
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ
Тақырып: «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары»


Сабақ түрі: Практикалық шеберліктерді дамыту сабағы

Сабақ типі: аралас

Көрнекіліктер: плакат «Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары», буклеттер, ребус.

Құрал - жабдықтар: дербес компьютерлер, проекциялық аппарат, жекелеме тапсырмалар

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламалары: WordPad, Paint, Қойын дәптер, Күнтізбе, Калькулятор, Сағат, Дыбыс жазу, Медиаплеер, Терминал жайлы түсінік бере отырып, олардың кеңейтілуі, ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мағлұмат беру;

Дамытушылық: Оқушылардың І курс бойынша информатика пәнінде алған білімдерін қолдана отырып, тәжірибе жүзінде Windows операциялық жүйесінің стандартты бағдарламаларымен жұмыс жасай білу дағдыларын, практикалық шеберліктерін дамыту шығармашылық қабілетін, қызығушылығын арттыруға ықпал ету;

Тәрбиелік: Оқушылардың шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, өзіндік ойын жеткізу білуге жағдай жасау.

Пән аралық байланыс: сызу, математика.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

2´-3´


ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау

15´- 17´


ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

25´

IV.Оқушылардың жаңа тақырып бойынша білімдерін қолданып, практикалық шеберлікті дамыту, дербес компьютермен жұмыс


30´

V.Жаңа тақырып бойынша білімдерін жинақтау, бекіту

10´


VI. Үй тапсырмасы

1´- 2´

VII. Оқушылар білімін бағалау, сабақты қорытындылау

3´- 4´


Сабақ барысы


Топтағы оқушылар топтарға бөлініп, отырғызылған. Қай топ сабаққа жарыса қатысып, берілген тапсырмалар бойынша фигураларды көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.


І. Ұйымдастыру кезеңі


Оқушыларды түгендеу

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушыларға дербес компьютермен жұмыс жасау кезінде техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы жайлы нұсқау беру
ІІ. Өткен тақырып бойынша қайталау жүргізу.

Оқушыларға жекелеме парақшалар таратылады. Ол парақшаларда өткен тақырыптарды қамтитын 5 – сұрақ, 3 – нұсқадан тұратын қайталау тапсырмалары беріледі. Оқушылар оларды орындай отырып, өткен тақырыптар бойынша білімдерін көрсетеді.


Информатика пәнінен қысқаша қайталау жұмысы

Оқушының аты – жөні: ___________________________________________

Тобы:___________ Нұсқасы: І


  1. Өз сөзіңмен жауап жаз:

  • Ақпараттың сипаты, қасиеттері, алыну әдістеріне сипаттама бер.

  1. Берілген сөздерден ақпараттың өңделу түрін көрсету керек.

  • қамал – қалам, қыран – нарық, кене – неке, қарта – тарақ, қасық – қысқа (Жауабы: әріптердің орнын ауыстыру);

  • балық – бал, торғай – тор, қара – қар, жолбарыс – жол, басқыш – бас (Жауабы: берілген сөздің алғашқы үш әрпі алынады).

  1. Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына толтырып жаз.

______________ ғылымында ақпаратты өлшеудiң өз өлшем бiрлiктерi бар. Ең кiшi өлшем бiрлiгi - _____. 1 ______ - сұраққа бiр мағыналы, ешқандай түсiнiктеменi қажет етпейтiн жауап беру («ие» немесе «жоқ» деген жауаптар) арқылы алынатын ақпарат. Компьютерде ақпарат ____________ санау жүйесінде кодталады, ыңғайлы болу үшiн олар 0 және 1 деген екiлiк цифрлармен белгiленедi. ________________ өлшеудiң негiзгi бiрлiгi - байт, 1 байт - 8 бит.

  1. Кестені толтыр. ДК-дің буындары бойынша келесі кестені толтыр.




Буын

Жылдары

Элементі

ОЖ көлемі

Жылдамдығы (операция/сек)

Кіргізу/шығару құрылғысы

Түрлері











































































































Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет