1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлеметсіздер ме оқушылар! Керемет көңіл – күймен қауышып отырғаныма қуаныштымын. Сабақты бастар алдында «Өзін - өзі тану» сабағының «5 - Т» ережесін еске түсіреміз. Бұл – тәртіп, талап, тыныштық, татулық, тазалық..
Тыныштық сәті (Нұрға бөлену)
Баяу әуенмен айтылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын, таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті. Көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды ата - аналарыңызға, туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз. Олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір - түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын.»
Осындай Нұр, Махаббат және тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашыңыз. Рахмет.
Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.
Сабақ барысынталдау:
2. Дәйексөз.
«Табиғатты сүю оған деген құштарлықтан, оның үйлесімділігі мен сұлулығына тәнті болудан басталады. Табиғатты сезіну арқылы адам өз табиғатының қасиетін ұға алады, денсаулығын нығайтады, шабытының қайнар көзін ашады” ».
Сара Алпысқызы Назарбаева
(Оқушылар талдап болғасын 2 рет қыздарға айтқызу 2рет ұлдарға айтқызу. Барлығы бірге 4рет айтып шығады)
Бұл дәйексөзді оқушылар дәптерлеріне түсіріп алады.
3. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.
«Табиғат» жайлы қазақша бейнебаян көрсету.
Қызығушылықты ояту : Табиғат деген ... (оқушылардың ойын тыңдау) 1-минут
Сергіту сәті. Табиғат туралы мақалдар оқылады, жартысын табулары керек. 3-минут
Оқулықтың 108 бетіндегі Б.Соқпақбаевтың «Жекпе-жек» әңгімесінен алынған үзіндіні оқып келу.
8.Соңғы тыныштық сәтi.
(ақырын музыка үнін қосу)
Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!!!!
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Көздеріңді ашуға болады. Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп-көп рахмет!