5 – жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен сөз тіркестері мен тұрақты сөз тіркестерін ажыратыңыздар. 1. Ол тағы да тұмсығын мегзеп, қара шоқпарды сілтеп кеп қалғанда, бұл бөріде тыраң асты. (С.Сейфуллин. «Таңдамалы жинақ») 2. – Қайдағы самарқандық? Ондай сорт болушы ма еді? - деді звеновод Пікәнға ала көзімен жатпай тұрып. (Д. Исабеков. «Талахан – 186») 3. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты. (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі») 4. Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») 5. Труба түбіндегі жапырақ тас үй мехцех. Бұл әншейін келешегіне қарай қойылған ат. Әйтпесе нобайы түзу бір механизм жоқ. (Ғ. Мұстафин шығ., 12.04.2009 ж) 6. Оның шапшаңдығы қолды – аяқты баладай шау бөлініп тұрады. (Әуезов «Қорғансыздың күні») 7. Соңғы екі жылда Елбасының мысы шамырқанды. (Т.Жұртбай «Сүре сөз» 7-бет.) 8. Мараттың алған әйелі зиба бойлы, ақ құба адам екен. (Ә.Кекілбаев «Үркер», 158-бет)
Достарыңызбен бөлісу: |