Қарастырылатын мәселелер:
1. Септік жалғаулардың сөйлем ішінде алмасып қолданылуы.
2. Сөз тіркестері.
3. Синтаксистік түйдектер.
1 – жаттығу. Төменде берілген етістікті және есімді сөз тіркестерінің мағыналарын табыңыздар. Табиғаты алмады, жатпай тұрып , әнтенде қалды, шақаты да келмеді, тыраң асты, қолым құтаймайды, таңдайды жұлып барады, тұяқкесті болды, суы құрыды, араны жүретін, жаман дат түйді, байлауы жоқ, қол көтерілді, сыңар аяқ қалдырмау, мысы шамырқанды, жарық сәуле жанды, жауырына көбе сыймаған, маңы жібермеді, парқы білінбейді, мүсәт ет, бала шығы болды, таң көрсетпеді, жүзі шыдамады, көздері атыздай болды, зәресі қалпақтай ұшты, жарты терідей жалпылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |