Қазақ диалектологиясы
Прктикалық сабақ тапсырмалары
1. Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік
Талқыланатын сұрақтар:
1. Диалектология ғылымы, оның зерттеу объектісі, мақсаты мен міндеттері.
2. Жергілікті диалекті мен говорлар туралы ұғым, пайда болу жолдары.
3. Зерттеу сипатына қарай бөлінуі
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. Мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге көшіріп жазып, асты сызылған диалект сөздерді сөздіктен қарап, мағынасы мен жергілікті қолдану аймағын табыңыз:
Ақындардың ұстазы,
Өлеңі өрнек үн берген.
Сөздің зергек ұстасы,
Жаһанда шолып үлгерген.
Алашағым кетсе де,
Айташағым кетпесін.
Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ
Қыдырып айтқан биліктің беделі жок.
Ердің жонасы қалың болса,
Аттың арқасына жайлы болады.
Молшылық болсын десең ,
Құшырланып еңбек ет.
Тер төгіп еңбек етсең дүр тересің.
Егін жақсы шықса,
Халыққа үлкен алапа.
Ел егінді салады пұл болсын деп,
Төре жұртын жияда құл болсын деп.
Тоқты сойған тоқалдар Шөміш алып қоқаңдар.
Тоқал қатын өр келетұғыны несі?
Кеселді кісі ер келетұғыны несі?
Кедей кісінің кер келетұғыны несі?
2 – жаттығу. Мақал-мәтелдердегі диалект сөздердің орнына әдеби нормадағы баламасын қойып, дәптерге жазыңыз:
1. Қопал бөрі қой үйретеді,
Достарыңызбен бөлісу: |