Д әрпінің түсіп қалуы:
Бір кезде ел-сал болған бойын жиып алғандай шіміркене қозғалып, Нұрлыбеккке қарай бұрыла түсті. (Б.Майлин Шығармалары, Алматы, 1962)
Ел-сал – дел-сал
Бір итке жегізіп ет табанда өлді, Қан кетіп мұрынынан дірек-дірек. (Т.Ізтілеуов, Рүстем дастан)
Дірек-дірек – дірдек-дірдек
Ғ әрпінің түсіп қалуы:
Бүгінгі күні жастарымызды жұмға күнгі намаздан көп көретін болдық. («Ислам және өркениет »)
Жұмға-жұма
Й әрпінің түсіп қалуы:
Нұргүл апам бақуат па, маған сәлем айтты ма? Былай қарай аттанарда Танакөзді көрмеп пе ең? (М.Шаханов«Танакөз» )
Бақуат-байқуат
Ш әрпінің түсіп қалуы:
Өндіріс малдарына үстеп құнарлы азық, жақсы жоңыршқа береміз. (Ж.Нәжімеденов «Ақ шағыл»)
Жоңыршқа – жоңышқа
Л әрпінің түсіп қалуы:
Үшеуі бірдей «бұ кім?» десіп есікке қарағанда, бұлар отырған үйдің есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киінген екі қонақ кіріп келді. ( М.Әуезов «Қорғансыздың күні»)
бұ кім-бұл кім?
Достарыңызбен бөлісу: |