Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет22/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

3 – жаттығу. Диалект сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырыңыздар.

Тәуір – біршама жақсы, оңды Тәуір көрді – жақсы көрді, ұнатты Тәпелтек – аласа, тапал, бәкене Тәпелтек бойлы – аласа бойлы Қыжырлан – кектену, ызалану Қыжыры қайнап- ызаланып Шанды – шиелеп байлап тастау Шандып тастады таңып байлап тастады Там – қолдан құйған балшықтан, кірпіштен салынған шатырсыз үй Ызбар – айбат, ашу, сес Сүдігер – дәнді дақылдар егу үшін күзде жыртылған жер Пиялай - кесе, шыны-аяқ Түнеме – түнеп шығатын жай,орын; *Бұл жерде түнімен деген мағынада Сырықтай – ұзын, биік
4 – жаттығу. Мына мақал-мәтелдердегі диалект сөздердің орнына әдеби тілдегі баламасын қойып, көшіріп жазыңыздар.

Қыдырып ішкен көженің кенеуі жоқ Қыдырып айтқан биліктің беделі жок. Кенеуі жоқ – тойымы жоқ (Гур. Маңғ.) Ердің жонасы қылың болса, Аттың арқасына жайлы болады. Жона – ердің қапталының астына салатын желдік Егін жақсы шықса, Халыққа үлкен алапа. Алапа – олжа, пайда, табыс Тоқты сойған тоқалдар Шөміш алып қоқаңдар. Шөміш – ожау. (Талд.) Бір нақақты күйдіргеннен, Он қылмыстыны ақтаған артық. Нақақ-босқа,текке Көршінді ұры деме,өзіңе-өзің ықтиятты бол. Ықтиятты-зерек,ұқыпты Алсам ризамын,тойсам сыпамын. Сыпамын-құрметтеймін Жаман туыстан, жақсы қоңсы артық. Қоңсы – көрші Астың жақсысы – қазанжаппай Сөздің жақсысы – ләппай Қазанжаппай – қазанға піскен нан Аузы кіші, қарны әйдік, Қой семірсе көтерер Қарны кішік, аузы әйдік Ит семірсе құтырар Әйдік – үлкен, зор 5 – жаттығу. Қарамен берілген диалект сөздердің әдеби баламасын жазып, лексикалық мағынасын түсіндіріңіздер. Ет асса күртік қалмайды. Мал ноғайда, сіпсе тоғайда. Рақаттың түбі кеңіс, Еңбектің түбі жеміс. Құнты жоқ кісі кесеумен қамшылар. Сүдігермен жүргеннің аты майрылар. Халықтың қамын ойласаң, Қардарың соның ішінде. Шылаудың шұрайлысын балық жинайды, Жердің шұрайлысын халық жайлайды. Омаштың он орғаны-маланың бір барғаны Әкем мұрап болғанша, отырған жерің ой болсын. Жақсының ісі жәндеттін, Жаманның ісі міндеттін. Жаман жабы жемқор болса, дорбаның түбін тесер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет