көнек сиыр – сауын сиыр
2. Аласа дөңестің ар жағы өзен танабы ылди. (Т.Ахтанов «дәрігер Галя»)
танабы – алқабы, жағасы
3. Галя ең жақын тұрған аласа үйге келді. Шоланға кірді. (Т.Ахтанов «Дәрігер Галя»)
шолан – ас үй
4. Артынан әлгі зәнталақ сұлап жатған бәйтеректің басын тепкілеп: «Кімнің мықты екенін көрдің бе?!» - депті. (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
зәнталақ – қу, пәле
5. Менің әкеммен көжетамырлығы бар болатын. (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
көжетамыр – дос
6. Өйткені қол-аяғы сықырлаған тарамыс шал олардың ондай-ондай бопсасына құлақ аса қоятындай қай бір қайнағалары не жезделері бопты! (Ә.Кекілбай «Автомобиль»)
бопсасына – еркелігіне
7. Салқындау болар деп, шайланы опанға тігіп еді. (Д.Исабеков «Дермене»)
шайла – күрке
8. Бұрынғы зорекерлігімен адам баласын елемейтін менмендігіне басып бұл сауалды да жүре тыңдап жауапсыз қалдырайын деп еді, малдың көзі ожаудан шығып, өзіне тесіліп тұр екен. (Д.Исабеков «Дермене»)
Достарыңызбен бөлісу: |