Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет8/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

5 – жаттығу. Берілген диалектілерді әдеби мағынасымен дәптерлеріңе көшіріп жазыңыздар. Берілген диалектілерді пайдаланып әңгіме құрастырыңыздар

Жарын – келер жыл

Тұғжым – мығым, тегеурінді

Күп – сайдың тұйық, ояң жерінде иірілген су

Жібіскі – сіркіреп, майдалап жауатын жаңбыр.

Қағу – құрғақ салқын самал жел.

Сылама – қам кесектен салынған, іші-сыртын сылап тастаған үй.

Шарқат– шәйі орамал, әйелдер басына тартады, ер адамдар белбеу етіп байлайды.

Дүмше шай шығаратын ақ құман;

Бақыраш 1) кішкене шелек, 2) ожау, шөміш.

Бозым – бозөкпе.
6 – жаттығу. Сөйлемдерді оқып шығып, асты сызылған диалекті сөздердің мағынасын түсіндір Бұл адамды алғашқы кезде ұнатпағаныммен, тілдесе келе тәуір көріп кеттім. Осы кезде үстінен май иісі аңқыған тәпелтек бойлы, ойнақы көз бір адам ішке кіріп келді. Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай, жанынан өте шықтым. Кел, тез таңып берейін,- деп ол аптечкасын ашты да, мазды баттастыра жағып, шекемді айналдыра шандып тастады. Үйде ешкім жоқ, жалғыз отыр едім, тамды әлдекім дүсірлетіп, ілденеше рет айнала шапты да, ат терезенің алдына келіп осқырына тұра қалды. - Ақымақ, екінші рет біреудің қалтасына түсуші болма! – деді де, маған ызбарлана бір қарап, тамақ ішуге жүріп кетті. Даусым оған жетпейтінін білсем де, барымша айқайлап, сүдігерге сүріне-қабына жүгірдім. Сонан соң үйге кіріп бір пиялай айранды нансыз сіміре салды да әлгі матасекілін тырылдатып бір жаққа ғайып болады. Үйдегі ата-анасы түнемеге кірпік қақпай, таң атқанша дыр еткен дыбысқа құлақ түріп жатқаны сол.
7 – жаттығу. Берілген мақалдарды дәптерге көшіріп жазып, диалектілердің дұрыс баламасын төменде берілген сөздер арасынан тауып жазыңдар

1. Жақсының сөйлескені өбіскендей,

Жаманның сөйлескені тебіскендей,

2. Сегіз жасар баланың тісі түсер,

Сексен жасар ғұрыптың ісі түсер.

3. Арадағы бозбайтал анадағыны мұнда айтар,

Мұндағыны онда айтар.

4. Жылай – жылай жай қазсаң

Күле-күле су ішерсің.

5. Жақсы жүрген жеріне кент салады,

Жаман жүрген жеріне өрт салады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет