Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік


Диалектілердің мағыналары



бет9/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

Диалектілердің мағыналары: құдық; сүйісу; қала; жақындасу; өсекші; кәрі, қария;
8 – жаттығу. Берілген сөйлемдерді көшіріп жазып, диалектілік тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын ажыратыңдар 1.Оның үнсіз тұрғанына қыжырым қайнап, қол бұлғағанына да қарамай жанынан өте шықтым (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ»). 2. Бір топ адам ауылға жұлдыз толғанда келіп түсті (Ш.Мұртаза «Жұлдыз көпір»). 3. Әйел орнынан ұшып тұрса да, әлденеден ұялып, тақтыға барар-бармасын білмей екі оқтылау болып тұрды (Б.Майлин Шығармалары, Алматы, 1962). 4.-Құдай риза, біз риза, ұлымның атына шіркеу келтірмей жыл отырды, - деді, -жас жан еді обалына қалмайық ерге шықсын... (І.Есенберлин «Көшпенділер»). 5. Күн сиыр түс болғанда қарасы мың жарымдай қойды қаптатып айдап келе жатқан жастау қойшы көлденең кезікті (І.Жансүгіров «Жетісу естеліктері»). 6. Содан кейін Жұманның назары пәс болып қалыпты (Ақ Баян «Сезім сергелдеңі»). 7. Жас мұғалім қыз жай ғана жымиды да, ішін алдырмай отырып қалды. (Ж.Аймауытов «Қартқожа»). 8. Күн кеуім тартты ма, қараңғыда жобалап жүріп екі баласын құшақтап, беттерінен сүйді (Д.Исабеков). 9. Дәукен қарт дауыстағанда селк ете қап, көздері атыздай болды (Н.Серәлиев «Әңгелек»). 10. Көккөлден күдер суды кездестіре алмайсың (Ә.Асқаров. «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын»).
3 Тақырып. Жергілікті диалектілер мен әдеби тіл

Талқыланатын сұрақтар:

1. Жергілікті диалектілердің әдеби тілге қатысы

2. Жергілікті ерекшеліктердің әдеби тілге негіз болуы жайы

3. Диалектілердің көркем әдебиетте пайдаланылуы

Әдебиеттер: 1-10




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет