Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет39/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

2 – жаттығу. Берілген диалект сөздерге морфологиялық талдау жасап, жасалуын түсіндіріңіздер. Әрқайсысына сөйлем құраңыздар.

Пойызбынан-пойызбен Барғым бар болатын-барғым келетін Мынаусы-мынасы Біздікілер-біздердікі Сандалау-сандалу Жеткеру-жеткізу Берешек-бережақ Келатыр-келе жатыр Кетті емес пе-кеткен жоқ па


3 – жаттығу. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған диалектілерге морфологиялық талдау жасай отырып, диалекті сөздердің қалай жасалғандығын түсіндіріңіздер.

1.Біздің жаққа келулі бәрің қашып, Үш тағаннан қалың құм төрін асып. (Х.Ерғалиев) 2. Етпеске кеңес келелі, Азырақ сөйлеп берелі. (Майлықожа) 3.Мәжіліс үстінде келген кейбір ойларымды ғана ортаға салғым бар. 4.Бұндай сәт кез-келген сәтте туа бермейтіні анық,осы мүмкіндікті пайдаланған жастар кешкілік жиналып отырмақ жасады. 5.Шұбарлы жердің табиғаты әмәнда адам баласын сүйсіндіріп келеді. 6.Жүдәлі адам ешқашанда жерде қалмайды. 7.Ол өзінің әлдемділігінің арқасында қандай шаруаны да қиналмастан тындырып келеді. («Қазақ әдебиеті» газеті, 18.06.2008ж.) 8.Өмір адамға бір-ақ рет беріледі, бәрі де маңдайға жазылмыш. («Жұлдыз» журналы, 13.05.2009 ж.) 10.Қалқам, үй ішін жайғап жіберші, мына қонақ баламен әңгімелесейін. («Қазақ әдебиеті» газеті, 15.04.2011.)


4 – жаттығу. Б.Соқпақбаевтың шығармаларынан алынған мысалдарды дәптерлеріңізге көшіріп жазып алыңыздар. Қарамен берілген диалект сөздердің әдеби нормадағы мағынасын табыңыздар.

Жолдың екі жақ жағасы биік шилер. Қияқтары желкілдеп қау болып көрінеді. Адал еттіден Жүніс, Мұхамедилерде бір кәрілеу торы ат бар. Бізде түк жоқ. Екі үйдің аяқ лау етері сол ғана. Арық тізесі ағаштай сорайып, иегін тіреген аурушаң шешем жез шәугімнен ақ су құйып отыр. Мүмкін болса, бір уыс, жарым уыс ақ талқанды өзіне бөлек жасап жейді. Бір түйір, жарты түйір тәтті табылса, аузының дәмін алып, ақ суды сонымен ішеді. Қолыма ілінген бір тал кәмпитті көз ілеспейтін жылдамдықпен қағып алдым да, мен-дағы қонақтарға орын босатқан болып, түрегеп кеттім. Бәлем, түстің бе қолға, деймін де, біреуін таңдап киіп алам. Және бірнеше парын үйге әкеп, әбдіреге салып қоямын. Тамағымыз – талқан. Кәдімгі қара талқан. Кішкене пияламен таңертең бір пияла, түсте бір пияла, кешке бір пияла арпаның талқанын береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет