Туылған – туған
Күніге – күнде
Аттамағын – аттамашы
бере тұғынмын – беретінмін
Емен – емеспін
Жесей, ішсей, іштіңке, ғылмайды- жесеңші, ішсеңші, ештеңе, қылмайды
Жарадар – жаралы
Күзгі салым – күзге таман
Жүріліп – жүргізіліп
Жүргем – жүргенмін
7 – жаттығу. Берілген диалектілердің қай аймаққа жататындығын диалектологиялық сөздікті пайдалана отырып анықтаңыздар.
Үлгі: Жайбарсып (мықтысыну) - Шығыс Қазақстан.
Жамбар тарту (жақын тарту,туыс көру) –
Кәр ету (ашу шақыру) –
Жампылдап (жалтақтап қарау) –
Адақтап (орындау) –
Ада қылу (аяқта, бітіру) –
Әбессіну (қымсыну, ұялу) –
Башалау (анықтау, тәптіштеу) –
Айырбастау (ұсақтау, майдалау) –
Дағ етпеу (түкте етпеу, ештеме де қылмау, залал шекпеу) –
8 – жаттығу. Д.Исабековтың шығармаларынан алынған сөйлемдердің ішінен морфологиялық ерекшеліктерге ұшыраған диалектілерді теріп жазып, дұрыс нұсқасын келтіріңіздер.
1.Ит үрді дегенше, үйден бір адам атылып шықты дей бер. (Д.Исабеков. «Ақырамаштан наурызға дейін»). 2. Неміс генералдарының ішінде аңдысса ұтып, алысса жығатындай әлмені бар осы Шернер ғой, қауіпті жау нағыз! – деп Разумов сәл тоқтады. (Ә.Нұрпейісов. «Курляндия»). 3. Кележақ уақытта жалғасармыз. (Д.Исабеков. «Кемпірлер») 4. Құйқасының әр жерінде аламыш төбе болғандықтан, басына үнемі кестелі тақия киіп отырады. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 5. Мына есіктің баспасын ауыстыратын болыпты ғой. (Д. Исабеков. «Шойынқұлақ») 6. Тұрмысымыз берілеп келе жақсарды. (Д.Исабеков. «Социализм зәулімі»). 7. Қақтаманы біз үнемі жасап отырмаймыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 8. - Ол құлақтанып қойса қайтеміз, - деді. (Д.Исабеков. «Талахан – 186»). 9. Төр алдында шарада сабаланған қымыз. (Д.Исабеков. «Ескі үйдегі жаңа қоныс»). 10. Мақтаның шақтауы жақындап келеді. (Д.Исабеков. «Шойынқұлақ»).
10. Тақырып. Сөйленістердегі үстеу, шылау сөздердің түрлеріне байланысты ерекшеліктер
Талқыланатын сұрақтар:
1. Үстеу сөздер, түрлері, ерекшеліктері.
2. Шылау сөздер, түрлері, ерекшеліктері
Әдебиеттер: 1-10
1 – жаттығу. «Диалектология» сөзіндегі әріптерден сөз құрастырыңыздар.
Үлгі: ол, лек, тек, ток, ия, ......
2 – жаттығу. Берілген сөйлемдерден диалект сөздерді тауып, астын сызыңдар.
1. «Дәукен қарттың әңгелегі шығыпты» деген гу-гу сөз ең алдымен ауыл балаларының құлағына тиді.
2. Тілек пен қуанышты сермеп қалам,
Халқымның құттық айтам сайлауына (И.Жылқайдаров)
3. Бар – барын айтады, жоқ – зарын айтады,
Құда базына айтады, Құдағай назын айтады (мақал)
4. Әпшесі қалада оқиды екен.
5. Сасқан Асқар жүгіріп келе жатыр еді, маңдайы ашаға тарс ете түсті, есі ауысып қала жаздады, көзінің оты жарқ ете түсті (С.Мұқанов)
3 – жаттығу. Берілген сөздерді қолдана отырып жеті сөйлем құрастырыңыздар. Әр сөйлемде міндетті түрде сөйленістерде кездесетін шылаулар қатысу керек.
1. Көктем-жаңбыр. 2. Жаз-күн шықты. 3. Күз-тұман түседі. 4. Қыс-қар жауады. 5. Аспан-бұлт. 6. Су-балық. 7. Жер-шөп.
Достарыңызбен бөлісу: |