Сабақ тапсырмалары Тақырып. Диалектология туралы жалпы түсінік



бет38/52
Дата19.12.2021
өлшемі246 Kb.
#103449
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52
Байланысты:
Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары

7 – жаттығу. Мақалды жалғастырып жазыңыздар, диалект сөздерді табыңыздар.

1. Су патшасы – мұрап, ...

2. Үйдің сәні сандық болар, ...

3. Жаман адамға мал бітсе, ...

4. Құмсыз жер болмас, ...
8 – жаттығу. Өздеріңіз білетін поэзиялық шығармалардан диалекті сөз кездесетін бірнеше мысал келтіріңіздер.
11. Тақырып. Сөйленістердегі сөз тудырушы жұрнақтар

Талқыланатын сұрақтар:

1. Зат есім тудыратын жұрнақтар

2. Сын есім тудыратын жұрнақтар

3. Етістік тудыратын жұрнақтар

Әдебиеттер: 1-10


1 – жаттығу. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған диалектілерге морфологиялық талдау жасай отырып, диалекті сөздердің қалай жасалғандығын түсіндіріңіздер. 1.Олай болса құраманың хал –жағдайына қал-қадірімізше тереңінен үңіліп көрелік. 2.Өкінішке қарай, Лео мырза да өзінің отбасылық жағдайын себеп қылып Қазақстанға келуден тайсақтап шықпақ. 3.Бірақ артынан бар мәселе тек ақшада ғана емес екені, жоғарыда айтылған мамандардың бас тартқанынан барып аңдадық. 4.Біздің Футбол федерациясының басшылары бар жауапкершілікті өзіне алмай, мәселені отандық басшылармен ақылдаса отырып, шешетін адам іздеген сиықты. 5.Бұрынғы қазақ қыздары мен келіншектері бет-ауызды боямайтұғын. 6. Өзін ретті ұстаудағы істейтіндері табылса ертеңгісін жұпар сабынмен жуыну, шашты түспесін, ажарлы болсын деп қатықпен, кешкісін бетке әжім түспесін деп кілегей жағу сықылдылар ғана болатын. 7.Сүйінші хабардың елге тез тарайтыны бар емес пе."Ұлы Ғұлама бабамыз Әл-Фарабидің жаңа еңбектері табылыпты дейтұғын әңгімені естігенде ел құлағының елеңдеп қалғаны рас". 8.Айтыс өнерінің қазіргі жағдайы осындай сұрақты еріксіз тудырмақ. 9.Алматыға жұмыс сапарымен келіп, қалалық жедел және шұғыл көмек көрсету ауруханасына ат басын бұрып, осы замандық, ең озық құрылғылармен жабдықталған мекеменің хал-күйімен танысты. 10. Күзгі жиын-терін уағында да арзандатылған бағамен аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет