3 – жаттығу. Мына диалектілерді кірістіріп, мәтін құрастырыңыздар.
Адуын-ашулы. Зәрезет – қорқып. Әдепкіде – алғашқыда. Ықылым – ерте. Маңдыта – түсіндіре. Делбеп – аулап. Бәдірен – қияр. Әмәнда - қай кезде де Немике – жаман. Әлемет – керемет
4 – жаттығу. Мына сөйлемдердің ішінен диалект сөздерді табыңыздар, әдеби баламасын жазыңыздар.
Бастары қауқиған күнбағарлардың алтын шаштары түсіп қалыпты да жиі-жиі пістелері біздиіп, ойлы адамның маңдайындай дөңес тартқан (Ғ.Сланов. «Барлаушылар» 210 б.). Арланды ақыры сойылға жығып, атқа өңгергендегі жігіттердің қау-қауы бұның құлағын қытықтайды (Ә.Кекілбаев, Аш бөрі. 29-б.). Инженер біресе алдымыздағы қайқаңның арғы басындағы өркеш тасты, біресе сол жағымыздағы қабақты, біресе ойда иреңдеген өзенді нұсқап тұр (Қ.Сланов, өзен ағысы – өмір ағысы. 5-т. 307б.). Бұршақпай қолында ұстап келген ашқышын таба алмай, үстел үстіндегі заттардың астан-кестеңін шығарды (Қ.Сланов, Замандастар. 142-б.). Тақша тақта басқандай етіп сәбет ен шыңнан, жиырма мыңнан салғыртты басқанда, арқасына шыбыртқы тиген қызып өгізше қайқаңдады деп еді пәлем. (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 2-т. 98-б.). Жарқабақты шынтақтап, әлдеқашан жауды қарауылдың ұшына алып жатқан атқыштар мылтық шаппасын тартып-тартып қатар шыққан он шақты гүрсіл жерді солқ еткізді (Х.Есенжанов, Ақ жайық. Шыңдалу. 338-б.). Көк бұйра толқын ұрған көк жайқын күздік сауранкөктің жалына ұмтылып, найқала сәлемдеседі (Қ.Сланов, Шалқар. 4-т. 240-б.). Қыз жамылғышын иығына жеңіл іле салып үйіне қайтпақ ниет білдірді (Қ.Сланов, Замандастар. 217-б.).
Достарыңызбен бөлісу: |