Сабақ типі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: таблицалар, суреттер Сабақтың барысы


Тақырыбы:Құттықтаймын, мама,туған күніңмен



бет3/10
Дата27.12.2016
өлшемі1,98 Mb.
#5461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Тақырыбы:Құттықтаймын, мама,туған күніңмен.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету.

2.Оқушыларды сауатты жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларды сыйласымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Малдың төлін сүюі” өлеңін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Құттықтаймын, мама,туған күніңмен.Әже” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңдерді мәнерлеп оқу,талдау.

-Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар.

-Олардың құрамындағы дауыстылар жуан ба,жіңшке ме?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Жіңішке дауысты дыбыс” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Өө \сөздер жазу\.



Есте сақта:

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке айтылса,сөз жіңішке айтылады.

мысалы:дәптер,терезе,киік,өзен,күрек.

41-жаттығу.1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Әр сөзде неше дауысты дыбыс бар?

3.Олар жуан ба,жіңішке ме?

42-жаттығу.1.Өлеңді жаттап алыңдар.

2.Жіңішке айтылған сөздерді атаңдар.

3.Олардың құрамындағы дауыстылар жуан ба,жіңішке ме?

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау,жаттау.

9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Әжесі мен немересі .

Мақсаты: 1.Өлеңді оқып ,талдау.Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы

білімдерін жетілдіру

2.Оқушыларды өздігінше жұмыс жасауға машықтандыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Үлкендерді сыйлауға ,

құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер,таблица.

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен мәтіндерді оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау . .

Өздерінің әжелерінің қалай еркелететіні туралы өздеріне айтқызу.

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

«Әжесі мен немересі» өлеңін мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

Өлеңдегі жуан және жіңішке айтылатын сөздерді ажырату, себебін анықтау.

Тапсырмалар:

1)Жұп дауыстылар.

Сөз ойлап жаз: а-ә о-ө ұ-ү ы-і

Сан-сән тор-төр тұр-түр ыс-іс

Сал-сәл тол-төл бұр-бүр тыл-тіл


2) Әріптердің тиістісін қойып жаз:

Көлік,ілгіш,ұшқыш,астық,ойын,қиып,үштік,әнші.


3)”Ө,ә,а,ұ,і”дыбыстарын қатыстырып туыстықты білдіретін сөздер ойлап жаз:

Бөле,әже,әке,ана,әпке,іні,құда,құдағи,жекжат.


7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. \қайталау,тексеру\.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау.

”Менің әжем”тақырыбына әңгіме жазу. 9.Бағалау

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

24



Тақырыбы:Не тәтті? Ф.Оңғарсынова.43-45 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтінді мәнерлеп оқи білуге,мазмұнын,өз ойымен айта білуге үйрету.

2.Оқушылардың сауатты жаза білуіне,сұраққа толық жауап беруіне

машықтандыру.

3.Оқушыларды аналарды сыйлауға,құрметтеуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: “Құттықтаймын,мама,туған күніңмен ”өлеңін әнімен айтқызу,”Әже”өлеңін тізбек бойынша оқыту,мазмұндау.

3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. 43-жаттығу. Ана.

Адамда не қасиет болса,бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.

2.Әр оқушының өз анасы туралы білетінін айтып өту.

3.Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Не тәтті?” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Не жұмсақ? -Ананың қолы.

-Не тәтті? -Ананың сүті.

-Бірінші баланың жауабы қандай болды ?

-Не тәтті? -Бал.

-Не жұмсақ? -Мамық.-деп жауап берді ол.

-Шешен не себепті екінші баланың жауабына риза болды?

4.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Пп Ана,ата,апа,аға. Өздік жұмысы дәптері бойынша жұмыс



1.-Әкеңнің шешесі саған кім болады? 2.Сөйлемді аяқта. Әке –

-Әже.Апа. Әке-

-Шешеңнің шешесі саған кім болады? Әке-

-Нағашы апа.

3.-Өмірде не тәтті? -Ананың сүті -Өмірде не жұмсақ? -Ананың қолы.

4.Жіңішке айтылатын туыстықты білдіретін сөздерді теріп жаз.

Әпке,әже,әке,жиен,бөле,сіңлі,іні,жекжат,келін,күйеу,ене.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау.45-жаттығу.”Менің атам”тақырыбына әңгіме құрау. 9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________
25

Тақырыбы:Бесік жыры. Әдептілік әліппесі. С.Асылбеков.44-45 жаттығу.

Мақсаты: 1.Оқушыларды мәтінді, өлеңді мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын

айта білуге үйрету.

2.Оқушылардың сұраққа толығымен жауап бере білуіне, өз ой-

пікірін айта білуіне машықтандыру.

3.Кішіпейіл, әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасын сұрау.

«Не тәтті?» мәтінінің мазмұнын сұрау.



  • Жиренше шешен қандай сұрақ қойды?

  • Бірінші баланың жауабын айт

  • Бал тәтті, мамық жұмсақ,

  • Екінші баланың жауабын айт.

  • Ананың сүті, ананың қолы.

  • Шешен қай баланың жауабына риза болып, батасын берді.?

3. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

«Үлкенге құрмет- кішіге міндет» тарауын бастау.

«Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.



  • Кішіпейіл бол, мақтанба!-

  • Бауырмал, тіл алғыш, мейірімді, жасы үлкенге жол бер,

  • Ынтымақшыл, бірлік болса, шын бақыт- деген осы екенін түсіндіру.

  • Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

  • Ақыл сөздерді қалай түсінесіздер?

  • Саған ата-анаң қандай ақыл айтты?

4.Көркем жазу минуты Рр Кішіпейіл, көпшіл

5.Оқулық бойынша жұмыс.Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар.

44-жаттығу.1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Алдымен жуан айтылатын сөздерді,соңынан жіңішке

айтылатын сөздерді атаңдар.

3.Аналарың сендерді не деп еркелетеді?

45-жаттығу.1.Өлеңді оқып,үшінші шумағын көшіріп жазыңдар.

2.Жуан айтылатын сөздердің астын-бір рет,жіңішке айтылатын

сөздердің астын екі рет сызыңдар.

Қорытындылау

6.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 45-жаттығу.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

27



Тақырыбы: Ақсақалдың ақ батасынан Мұзафар Әлімбай.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге, ақ батаның мазмұнынын түсіне білуді

үйрету.


2.Жуан, жіңішке жұп дауыстыларды салыстыра білуге, сауатты да

көркем жаза білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды үлкендердің батасын түсінуге, мазмұнын аша

білуге, үлкендерді құрметтеуге тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: суреттер, баталар.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



  1. «Әдептілік әліппесі» өлеңін мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру.

  • Атасы немересіне қандай ақыл айтты?

  • Ақыл сөздерді қалай түсінесіздер?

  • Саған ата-анаң қандай ақыл айтты?

  • Атаңның ақыл сөздерін айтып бер.

2. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау «Әке көрген оқ жонар»тарауы бойынша

«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін талдау.

Тізбек бойынша өлеңді оқу.

Көркем жазу минуты.

Сс \сөздер жазу\. Бата, еңбек, сабыр, шебер, батыл, берік.

Мақалдар


  1. Ата балаға сыншы.

  2. Ата бәйтерек,

Бала жапырақ..

  1. Батаменен ер көгерер,Жаңбырменен жер көгерер.

  2. Атадан бала туса игі, Ата жолын қуса игі.

46-жаттығу.1.Сөздерді салыстырып оқыңдар.

2.Берілген сөздердегі а-ә,о-ө,ы-і,ұ-ү дауысты дыбыстарының

өзара ұқсас дыбысталуын байқаңдар.

Сан-сән тор-төр тұр-түр ыс-іс

Сал-сәл тол-төл бұр-бүр тыл-тіл

47-жаттығу.1.Жаңылтпашты тездетіп,дұрыс оқыңдар.

2.Сөздердегі ә дыбысының жіңішке естілуін байқаңдар.

Қорытындылау. Есте сақта!



А-ә, о-ө, ы-і, ұ-ү -жуан және жіңішке жұп дауыстылар.

Олар өзара ұқсас дыбысталады.

5.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 6.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

28



Тақырыбы: Әке мен бала. А-Ә 49 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқи білуге, мазмұнын аша білуге үйрету.

2.Мәтін желісімен сұрақ қоя білуге, өз ой- пікірін айта білуге

машықтандыру, сауатты да көркем жазуға дағдыландыру.

3.Оқушыларды әрдайым үлкендерді тыңдауға, еріншек болмауға

тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Ақсақалдың ақ батасы» өлеңін жатқа сұрау.

Батаменен ер көгерер

Жаңбырменен жер көгерер- мақалының мазмұнын ашу.


  1. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау .”Әке мен бала” мәтінімен танысу.

Мәтінді толығымен оқу, талдау.

Сұрақтар:


  • Әкесі тағаны неліктен баласына алдырғысы келді?

  • Баласы тағаны неге алмайды деп ойлайсыңдар?

  • Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

  • Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең, көптен де құр қаласың» - деген екен

3.Сергіту минуты.

4.Көркем жазу минуты

Тт \сөздер жазу\.

Еңбекқор, еңбекшіл, елгезек, еріншек.

Мақалдар.

1.Еріншек екі істер.

2.Еріншектің ертеңі бітпес.



49- жаттығу. 1.Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқыңдар.

2.Берілген сөздердегі а,ә дауысты дыбыстарының өзара ұқсас

дыбысталуын байқаңдар.

Асқар- әскер тары-дәрі Бары-бәрі сатты-сәтті

Сан-сән ар-әр Ал-әл ақ-әк

Мақалдардың мазмұнын ашу,дәптерге жазу.

Қорытындылау

5.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 6.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________ №29

Тақырыбы: Көкемнің ақылы.О-Ө дыбыстары.50-51 жаттығу.

Мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқуға, әке тілегін теріп оқып, мәнін аша білуді

үйрету.


2. Оқушылардың еркін сөйлей білулеріне, сауатты жаза білулеріне

машықтандыру.

3.Барлық мамандықтардың қыр-сырына тоқтай келе, болашақта

дұрыс жолға түсуге бағыт беру, ойнаса да, өмірге қойған мақсатына

жете беруге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: мамандық иелерінің суреттері.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

“Әке мен бала” мәтінін сұрау.

Сұрақтар арқылы қорыту.


  • Әкесі тағаны неліктен баласына алдырғысы келді?

  • Баласы тағаны неге алмайды деп ойлайсыңдар?

  • Әкесі тағаны қалай пайдаға асырды?

  • Әкесі баласына қандай ақыл айтты?

Мақал мазмұнын ашу.Еріншек екі істер.

2.Мақсатын қою кезеңі

Тақырыбын,мақсатын хабарлау .Жаңа тақырып: «Көкемнің ақылы» өлеңімен

танысу. Кім болам? Сұрағына жауап беру.

Ойна бірақ күйші бол

Ойна бірақ биші бол!

Ойна әйгілі ғалым бол,

Ойна ақылды аға боп.

Кіп-кішкентай дана боп

Жаста кім боп ойнайсың

Кім болам деп ойлайсың?

Өмірге қойған мақсатың бар ма?

Өлеңді тізбек бойынша оқып шығу, талдау.

4.Көркем жазу минуты:Уу \сөздер жазу\.

Мамандықтар: Мұғалім, дәрігер, ғалым.

Өлеңді жаттап алу.Кім үлкенді тыңдаса,кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,сыйлы болмақ өзі де!



50-жаттығу.1.Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып,сөйлемдерді көшіріп

жазыңдар.

2.Ә жуан дауысты дыбыс па,жіңішке дауысты дыбыс па?Дыбысталу

ерекшеліктерін байқаңдар.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:51-жаттығу.\аяқтау\.9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

30



Тақырыбы: О, қорқайын мен неге?

Мақсаты: 1. Өлеңді оқу барысында дауыс кідірісін дұрыс қойып оқи білуді

үйрету.


2.Оқушылардың еркін сөйлей білулеріне, сауатты жаза білулеріне

машықтандыру.

3.Нағашы аталарын сыйлауға, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: таблица

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың дайындығын тексеру.

2.«Көкемнің ақылы» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.

52- жаттығудың орындалуын тексеру.



3. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау

4 .Жаңа тақырып:

«О, қорқайын мен неге?» өлеңін оқу, мазмұнын талдау.

1.Өлеңді рөл бойынша оқу.

2.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің,сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің

дауыс ырғағын сақтаңдар.

Сергіту сәті.

5.Көркем жазу минуты.

Ұұ Ұн, ұш, ұю, тұс, тұр, сұр, ұғу

52-жаттығу.1.Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып,сөйлемді көшіріп жаз.

Өркен ерте тұрды.Ол төсегін жинады.Апасы қор сыпырып жүр

екен.Өркен күрек алды.Ол апасына көмектесті.

2.О,ө дыбыстары бар сөздердің астын сызыңдар.



53-жаттығу.1.Көп нүктенң орнына берілген жуан дауыстылардың жіңішке

сыңарларын тауып жазыңдар.

2.Жуан және жіңішке дауыстыларға қатысты сөздер тауып

айтыңдар.



54- жаттығу.1.Сөздердің дыбысталуын салыстырып оқыңдар.

2.Жұптастырып берілген сөздердегі ы,і дауысты дыбыстарының

өзара ұқсас дыбысталуын аңғарыңдар.

3.Сөздерді жуан,жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.



6.Үйге тапсырма беру кезеңі:

54- жаттығу.«Нағашы ата» туралы әңгіме жазу.

Өлеңді мәнерлеп оқу

Сабақты қорыту

7.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

31



Тақырыбы: Көрші атам. Сәлем бере білейік.Ұ-ү дыбыстары.

Мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре біліп оқи білуді,

оқығанның мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды еркін сөйлей білуге, ой- пікірлерін айта

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың «О, қорқайын мен неге?» өлеңін мәнерлеп оқып, талдауы.

Рөл бойынша ойнау. - Нағашы. -Жиені. “Нағашы ата” әңгімесін оқыту.

2. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау Жаңа тақырып:

”Көрші ата, Сәлем бере білейік Ұ-ү дыбыстары”.

Өлең шумағын мәнерлеп оқып, талдау.

Сиқырлы сөздер: Ассаламағалейкум! -Уағалейкумассалам!

Алланың нұры жаусын!- Өзіңізге де соны тілеймін!

3. Мақалдар мазмұнын ашу, талдау.

1. Сәлем- сөздің анасы.

2. Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені.

4. Көркем жазу минуты.

Үү \сөздер жазу\.

55-жаттығу.1.Сөздерді салыстырып оқыңдар.

Ұн-үн тұс-түс құз-күз

Ұш-үш сұр-сүр тұр-түр

Ұю-үю ұғу-үгу құн-күн

2.Жұптастырып берілген сөздердегі ұ,ү дауысты

дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқаңдар.

3.Сөздерді жуан және жіңішке етіп тұрған дыбыстарды атаңдар.

56-жаттығу.Өлең шумағын мәнерлеп оқып, талдау.

Жаңбыр жауар себелеп,жолға шығар ебелек.

Гүлге қонар көбелек,атқа қонар бөгелек.\Өтебай Тұрманжанов.\

1.Көбелек,бөгелек сөздерінің жазылуын біліп алыңдар.

Сиқырлы сөздер:Сәлеметсіз бе? Сау болыңыз. Қайырлы таң! Қайырлы күн.

Мақалдарды дәптерге жазу

Сақтықта қорлық жоқ,сәлемде зорлық жоқ.

Сәлемі жарасқанның,сөзі жанаспайды.

Сәлем бере білейік. \рөл бойынша оқу,талдау.\

5.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау. Шығарма:”Мен әдепті баламын”.57-жаттығу.

6.Бағалау. 7.Сабақты қорыту.




Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________ №32

Тақырыбы: Не деу керек? Буын.58-59 жаттығу.

Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуды, мәтіннің мазмұнын аша

білуді үйрету.Буын жайында түсінік беру.

2.Оқушыларды еркін сөйлеуге, өз ойларын айта білуге, сұраққа

толық жауап беруге машықтандыру.

3.Әдепті, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, кесте.

Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.



  1. «Көрші атам» өлеңін жатқа білуін сұрау.

Сәлемдесу түрлерін рөл бойынша көрсету.

  1. Мақсатын қою кезеңі

Тақырыбын,мақсатын хабарлау .Жаңа тақырып:

“Не деу керек?” өлеңімен танысу.



  1. Рахмет.

  2. Кешіріңіз

  3. Рұқсат па?

-Қандай сыпайы сөздерді білесіздер?

Әдептілік туралы мақалдар мазмұнын ашу.

1. «Сіз» деген- әдеп 2. Әдепті бала.

«Біз» деген- көмек. Ата-анасын мадақтар.

Әдепсіз бала

Ата- анасын қақсатар.

4. Буын тақырыбын талдау. Есте сақта!

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Көркем жазу минуты. Фф\сөздер жазу\.

58- жаттығу. Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.

ара қала а-ю жи-на

о-қу ба-ла о-ю қи-ю

е-кі ше-ге ұ-я и-ю



59- жаттығу.Әр сөзде неше дауысты дыбыс,неше буын барын айтыңдар.

О-рақ ө-рік ы-дыс қа-лам

Кө-мір мы-сық қи-я қо-ю

Өздік жұмысы дәптерімен жұмыс:

1)кі-ші-пе-йіл ба-уыр-мал ұ-қып-ты

тіл-ал-ғыш зе-йін-ді та-лант-ты

Сызбаға сәйкес сөздер құра:2) …-… …-… …-….

5.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.59-жаттығу. 17 бет,№4 тапсырма.6.Бағалау

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

33



Тақырыбы:Тымақ.М Дулатов.60-62 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқи білуге үйрету.

2.Оқушыларды сауатты жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларды кішіпейілділікке тәрбиелеу. .

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Не деу керек?”өлеңін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау. «Бөрік» мәтінімен танысу.

5. Буын тақырыбын талдау.

Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Көркем жазу минуты.

Аа

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Сұрақтар.:

1. Нұрмаш әкесінің бөркін не үшін кигісі келді?

2. Әкесінің бөркін киген Нұрмашты сипаттаңдар.

3. Бекбай атай неліктен бөрікке тіл қатты?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.



62-жаттығу.

9.Бағалау


Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

34



Каталог: uploads -> doc -> 03cb
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
03cb -> Бекітемін: Күні: 21. 10. 2016 ж. Тәрбие сағатының тақырыбы: Тұран өркениетінің ұлы перзенті – Жалаңтөс Баһадүр
03cb -> Оқулықпен жұмыс жасай білу. Шығармашылық қабілеттерін дамыту
03cb -> Тақырыбы: «Құстар әлеміне саяхат»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет