Сабақ типі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: таблицалар, суреттер Сабақтың барысы



бет1/10
Дата27.12.2016
өлшемі1,98 Mb.
#5461
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

1 Тақырыбы:Тіл және сөйлеу.Анамның тілі,аяулы үні.



Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын қара сөзбен айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды өлеңнің мазмұнын,ой-пікірлерін айта білуге,еркін сөйлей

білуге,сауатты жаза білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды үлкендерді сыйлауға,туған тілін,анасын құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:таблицалар, суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен әріптерді қайталау



3. Білімді тексеру кезеңі:

1Шағын диктант алу:Хат,орман,аяз,ферма,тау,алау,электр.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Тіл және сөйлеу.Анамның тілі,аяулы үні.” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі.

Бір-біріне хабар береді. Өзара пікірлеседі. Білмегенін сұрайды және кеңеседі.

Сөйлеу тек адамға ғана тән.Жас сәби сөйлеуді үлкендерден үйренеді.

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

-Тізбектеп оқыту.

С.Торайғыров өлеңін оқу,талдау.

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

- Сөйлеу не үшін керек?

- Пікіріңді,тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?

- Сөйлесу не үшін керек?

- Ол не арқылы жүзеге асады?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Тіл және сөйлеу” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Аа аппақ,аққала,ауа,арыстан,ақша,алтын,арқар,аю,алма.

\сурет бойынша әңгіме құрау\.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Өлеңді, оқу,мазмұндау,жаттау. 9.Бағалау

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

2



Тақырыбы:Сөйлем.Сөз.Дыбыс.Әріп.Қыс.

Мақсаты: 1.Сөйлем.Сөз.Дыбыс.Әріп тақырыбын еске түсіру.

2.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқи білуге,сөйлем соңында нүкте

қойылатынын еске түсіру,сауатты жаза білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды қысқы табиғаттың көрінісін сипаттай білуге,қыста жылы

киініп жүруге тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі:қысты сипаттайтын суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Тіл және сөйлеу.Анамның тілі,аяулы үні.”тақырыбына сипаттама беру, оқыту,мазмұндау,жатқа сұрау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

- Сөйлеу не үшін керек?

- Пікіріңді,тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?

- Сөйлесу не үшін керек?

- Ол не арқылы жүзеге асады?

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Сөйлем.Сөз.Дыбыс.Әріп.Қыс” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Сурет бойынша әңгіме құрау.\өзіндік жұмыс\.

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста далада қандай жұмыстар жасаймыз?

-Қыс мезгілі несімен ұнайды?

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.Әә\сөздер жазу\.

1-жаттығу.1.Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау. 2.Мәтінде неше сөйлем бар?

3.Үшінші сөйлемде неше сөз бар?

Қыс келді.Күн суытты.Қар көп жауды.Өзенге қалың мұз қатты.

“Қыс”өлеңін,оқу,талдау, қайталау. Жаңылтпашты тез айтуға үйрету.

Қар аппақ,дала аппақ.

Бәрі аппақ,қарап бақ.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау,жаттау.2 -жаттығу. 9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

3



Тақырыбы:Аққала.Ғ.Орманов.3-4 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету.

2.Оқушыларды сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқуға машықтандыру.

3.Оқушыларды сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Қыс” өлеңін мәнерлеп оқыту,мазмұндау,жатқа сұрау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Қыста ауа райы қандай болады?

-Қыста далада қандай жұмыстар жасаймыз?

-Қыс мезгілі несімен ұнайды?

2. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Аққала.Ғ.Орманов.3-жаттығу” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

“Сырғанақ” мәтінін мәнерлеп оқу,талдау.

1.Әрбір сөйлемнен соң дауыс кідірісін жасап оқыңдар.

2.Әңгімеде неше сөйлем бар?

3.Бірінші сөйлем неше сөзден құралған?

4.Екінші сөйлемде кім туралы айтылған?

5.Соңғы сөйлемде не туралы айтылған?

”Аққала”өлеңін мәнерлеп оқыту.

1.Өлең не туралы? 2.Қыс мезгілі жайлы әңгімеле.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Сөйлем” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Бб \сөздер жазу\.



4-жаттығу.

1.Сөйлемдерді оқыңдар. Күн суытты.Қар жауды.Аяз болды.Су қатты.

2.Неше сөйлем бар екенін анықтаңдар.

3.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазып,соңына нүкте қойып көшіріңдер.

Қорытындылау.”Қысқы ойын”тақырыбына әңгіме құрастыр.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.”Қысқы ойын”тақырыбына әңгіме құрастыр.9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

4



Тақырыбы:Қысқа дайындық.Қ.Мырза Әли.

Мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнымен танысу,сауатты да,көркем жаза білуді үйрету.

2.Оқушылардың еркін сөйлеулеріне машықтандыру.Мәтін бойынша

сұраққа жауап бере білуге дағдыландыру.

3.Оқушыларды еңбекқор болуға,қысқы азық әзірлеуге тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: жануарлар суреттері

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Қысқы ойын ”тақырыбына жазған әңгімелерін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қысқа дайындық.Қ.Мырза Әли” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Бал арасы мен Тиін қысқа қандай дайындық жасады?

-Саршұнақ неге егіске жақындау жерге көшіп келді?

-Ит өзіне қандай серт берді?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Сөйлем” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Вв \сөздер жазу\.



5-жаттығу.1.Берілген сөздерден сөйлем құрастырыңдар.

2.Әр сөйлемнің бірінші сөзін бас әріптен бастап жазыңдар.

3.Сөйлем соңына қандай тыныс белгісін қойдыңдар.

6-жаттығу.\өздік жұмысы\.1.Әр сөйлемде не туралы айтылған?

Машина жүрді.Кеме жүзді.Ұшақ ұшты.Құс қонды.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

“Қысқа дайындық”тақырыбына әңгіме жазу.

7-жаттығу.Сұрақтарға ауызша жауап беріңдер.

9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

5



Тақырыбы:Айнала күміс қар.Қ.Сыдықов.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын қара сөзбен айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды сауатты да, әдемі жаза білуге, өз ой- пікірін еркін айта

білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды еңбекқор болуға,әрдайым ұйымшылдықпен жұмыс

жүргізуге тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Қысқа дайындық ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Бал арасы мен Тиін қысқа қандай дайындық жасады?

-Саршұнақ неге егіске жақындау жерге көшіп келді?

-Ит өзіне қандай серт берді?

2. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Айнала күміс қар.Қ.Сыдықов” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “Дыбыс,әріп” тақырыбын қайталау.

Есте сақта!

Сөз дыбыстардан құралады,дыбыстар әріптермен таңбаланып жазылады.

Дыбыстарды естиміз,айтамыз,әріптерді көреміз,жазамыз.

Көркем жазу минуты.

Гг\сөздер жазу\.

8-жаттығу.1.Сөздерді көшіріп жазыңдар. \әр сөзге сөйлем құрап жазу\.

Қар.Шана.Қырау.Аққала.



9-жаттығу.1.Әрбір сөздің алдына үлгіге қарап әріп қосып жазыңдар.

2.Өзі-сөзінің алдына қай әріп қосылды?

Қорытындылау. Есте сақта: дыбыс саны өзгерсе,сөздің мағынасы да өзгереді.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 9-жаттығу.\аяқтау\ 9.Бағалау



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

6



Тақырыбы:Қыс.Жұмбақ.Ж.Аймауытов.10-жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге,мазмұнын айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды мәнерлеп оқыған өлеңін өз тілімен сипаттай білуге,сауатты

да әдемі жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларды көп оқуға,білімді,сауатты болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: қыс суреттері

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Айнала күміс қар”өлеңін жатқа сұрау, оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Қысқы ауа-райын сипаттап бер.

-Қыста дала қандай болады?

-Қысқы ойын түрлерін атап бер.

2. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.” Қыс.Жұмбақ.Ж.Аймауытов.10-жаттығу” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.

Жұмбақ шешу: Зулап түсіп төменнен,шықпас менсіз төбеге.

(шана)

4.Қысқы ойындар:атыспақ,аққала,шана,шаңғы,коньки,сырғанақ..

Аққала-оны қардан соғады.Оған көз,мұрын,ауыз жасап қояды.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.

Ғғ\сөздер жазу\.

10-жаттығу.1.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.2.Қара әріппен жазылған сөздердің

жазылуын біліп алыңдар.3.Бұл сөздерде неше дыбыс бар?

Қорытындылау.Дыбыс дегенді қалай түсінесіңдер?

Әріп дегеніміз не?\түсінгендеріңді мысал келтіріп айтыңдар\.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.

Сырғанақта- тақырыбына әңгіме жазу. 9.Бағалау

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

7



Тақырыбы:Қайталау.Өздік жұмысы.№1

Мақсаты: 1.Мәтіндерді қалай меңгергендігін тексеру,пысықтау.

2.Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеттерін

байқау,дыбыс,әріп,буын,сөз тақырыбын қайталау.

3.Оқушыларды тәртіптілікке,ұйымшыл болуға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер,өздік жұмысы дәптері №1

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: “Қыс”өлеңін оқыту,мазмұндау.

3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу. -Қысқы ауа райын сипаттап бер.

-Қар қалай жауды?

-Боран болмағанда дала қандай болады?

-Қыздар не бітірді?

-Қысқы табиғатты суреттеп бер.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Қайталау.Өздік жұмысы.№1” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өткен мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.3. Теріп оқыту.

7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

1.Сөздік диктант жазу:

Қар,қыс,суық,аяз,қырау,аққала,шаңғы,аппақ,жылы,мереке.

Қыста адамдар соғым сояды.Қыс мезгілінде қатты аяз болады.

2.Өздік жұмысы.

а)Әр сөздің алдына әріп қосып сөз құра.

б)Әр сөздің алдына әріп қосып сөз құра.

в)Буын қосып сөз құра: су-... су-... су-...

ту-... ту-... ту-...

ай-... ай-... ай-...

г)Алдына буын қосып,кісі атын құрап жаз:

Ару...,Аяу...,Ая...,Нұр...,Жан...,Сая...,Ғани...,Нұр... .

ғ)Сөздегі бір дыбысты ауыстыру арқылы сөз құра: ата бала құр

ала тұр қыр

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.7 бет өздік жұмысы

9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

8



Тақырыбы:Дауысты,дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері.

Тоқылдақ.11-12-жаттығу.

Мақсаты: 1.Дауысты,дауысссыз дыбыстар және олардың әріптері жайлы түсінік беру.

Мәтінді мәнерлеп оқып,мазмұнын түсіне білуге үйрету.

2.Оқушыларды дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге

машықтандыру.

3.Оқушыларды зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Өткен мәтінді оқыту,мазмұндау.

3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Дауысты ,дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері.

Тоқылдақ.11-12-жаттығу” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,(у),ю,я,ё,э.

Ал қалғандары дауыссыз дыбыстар.\дәптерге жазу\.

“Торғай”өлеңін оқу.

-Торғай,жем деген сөздердегі дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

”Тоқылдақ”-мәтінін мәнерлеп оқу,талдау.

- Тоқылдақты неліктен “орман емшісі”дейді?

- Құстардың тағы қандай пайдасы бар ?

Жұмбақ: Орманда жоғары,ағашқа қонады.

Тұмсығын балта ғып,тоқ-тоқ-тоқ соғады. \тоқылдақ\.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

“Дауысты,дауыссыз дыбыстар”тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Дд\сөздер жазу\.

12-жаттығу. 1.Сөздерді қатесіз көшіріп жазыңдар.

2.Сөздердегі дауысты дыбыстарды атаңдар. Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Өлеңді жаттау.

12-жаттығу.\аяқтау\ 9.Бағалау.


Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

9



Тақырыбы:Шопан еңбегі.13-14 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын ашу,мәнерлеп оқи білуді үйрету.

2.Оқушыларды мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қоя білуге,толық жауап

беруге,өз ой-пікірін айта білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды малшы еңбегін бағалай білуге,жануарларды күтіп-баптауға

тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: таблица, суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Тоқылдақ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Тоқылдақты неліктен “орман емшісі” дейміз?

-Құстардың қандай пайдасы бар?

2 .Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Шопан еңбегі.13-14 жаттығу” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Малшы еңбегі туралы әңгімелеу.

- Қысқы ауа райын суреттеп бер.

- Шопан ата неге тысқа шықты?

- Шопан ата неге көз ілмеді?

- Шопан атаны неге “нағыз батыр”дейді?

- Малшы еңбегі туралы әңгімелеп бер.

-“Саққұлақ”өлеңін оқу,жаттау. 3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.

Ее \сөздер жазу\.Еңбек,еңбеккер,еңбекшіл



13-жаттығу.1. \өлеңді түсініп оқып,дауысты дыбыстарды теріп жазу\.

ә,і,ү,ө,е,ы,а,о,э,я,(у)



14-жаттығу.1.Сөздерді қатесіз көшіріп жазыңдар. Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 15-жаттығу.\аяқтау\. 9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

10



Тақырыбы:Қоян.Өздік жұмысы.№2\шығарма,диктант\.

Мақсаты: 1.Мәтіннің мазмұнын ашу,мәнерлеп оқи білуді үйрету.

2.Оқушыларды мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қоя білуге,толық жауап

беруге,өз ой-пікірін айта білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды жан-жануарларды күтіп-баптауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Шопан еңбегі”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қоян.



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жұмбақ:


Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады. (қоян)

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Түлкі қай аңды аулайды?

-Қоян тонын жылына неше рет ауыстырады?

-Ол неліктен алаңсыз ұйықтай береді?

-Басқа аңдар туралы не білесіңдер?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:

Дәптермен жұмыс.

Өздік жұмысы №2 шығарма,диктант жазу, қайталау.

Көркем жазу минуты . Ёё \сөздер жазу\.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Дауысты дыбыс әріптерін жатқа жазыңдар.

9.Бағалау




Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

11



Тақырыбы:Төрт түлік.Төлді шақыру.17-19 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтіннен төрт түлік малды шақыруды үйрету.

2.Оқушыларды өлеңді мәнерлеп оқи білуге,еркін ой-пікірлерін айта білуге

машықтандыру.Сауатты жаза білуді үйрету.

3.Оқушыларды төрт түлік малды күтіп-баптауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: төрт түлік мал суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Шопан,Қыс” мәтіндерінің мазмұнын сұрау, оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Шопан туралы білетініңді әңгімеле.

-Қоян қыста түсін неге өзгертеді?

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Төрт түлік.Төлді шақыру.17-19 жаттығу” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Төлді қалай шақырады? -Қой- пұшайт-пұшайт.

-Ешкі-шөре,шөре.

-Жылқы-құрау-құрау.

-Сиыр-аухау-аухау.

-Түйе-көс-көс.

-Төлдер туралы өздерің не білесіңдер?

-Мысықты,итті қалай шақырады?\кіс-кіс,ка-ка\.

3.Сергіту сәті




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет