Тақырыбы: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары. Мақсаты: Таулы жер өсімдіктері мен жануарлары жайында толық түсінік беру.
Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікке , оған жанашыр болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, үлестірмелер
Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Су қоймасы өсімдіктері мен жануарлары туралы мазмұнын сұрап, үй жұмысын тиянақтау.Дәптердегі жұмысын тексеру.