ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Су қоймаларын қорғаудың маңызы қандай?
-Инелік туралы не білдің? Жетісу бақатісін не үшін аулайды екен?
-Құрып бара жатқан қандай балық туралы білдіңдер?
-Ол уылдырығын қайда шашатын еді?
ІV. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешіңдер.
1. Жасыл ине киімім, 2. Түрі шар сияқты,
Жайлаймын тау биігін. Түсі қып-қызыл.
Жаңа жылды тойласақ, Дәмі бал сияқты.
Төріңдемін үйіңнің.
Мұғалім түсіндірмесі
Картадан таулы жерлерді көрсету.Тау биіктеген сайын атмосферадағы ауа салқындайды. Тау басында жазда да қар жатады. Жата-жата тығыздалып, мұз боп қатады. Осы мұздан бұлақтар басталып, бір-біріне қосылып,өзенге айналады. Таудың күнгей беттері жылы,құрғақ келеді. Теріскей беттері салқын,дымқыл келеді. Осыған байланысты таулы жер өсімдіктері мен жануарлары алуан түрлі болады. Тау етегіндегі жазықта жапырақты ормандар бар. Көктерек,қайың,тал, терек сияқты ағаштар, ұшқат,тобылғы,итмұрын сияқты бұталар , арасында шалғындар бар.Жоғары тау беткейлерінде қылқанжапырақты орман өседі. Шырша,қарағай,арасында аздап көктерек те кездеседі. Бұталардан ұшқат пен ырғайды кездестіруге болады.Тау етегінде елді мекендер орналасқан. Бір кездерде жапырақты ағаштар мен бұталар аралас өскен. Қазір егістік, бау-бақша,жүзім шаруашылығы дамыған. Күреңот –балды өсімдік. Алтай өлкесінде омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Шалғынды алқаптан не алынатынын біз білеміз. Биік тауда барыс, сілеусін,арқар бар.Ұлар,қозықұмай, бүркіт, үкі, жапалақ, құр,шіл, тоқылдақ сияқты құстар тіршілік етеді. Алтайда бұға шаруашылығы да жақсы дамыған.
Сонымен, таулы жердің жануарлар әлемі де –ел дәулеті,табиғат көркі.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.