Сабақ типі:аралас сабақ. Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: суреттер, «Әлемді таны»кітабы.
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару . Бір-бірімізге қарап
хормен бүгінгі күнге тілек тілейміз.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық ,достарым,
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Жаңа тарау Жер-ғарыш денесі. Ғарыш деген не?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жұмбақты шешу:
Қараңғыда жымыңдайды жанады, Жарық түссе, бірден сөніп қалады. Жұлдыз --жерден өте алыс орналасқан орасан зор шарлар. Ең ірілері күннен бірнеше есе үлкен. Мөлшері Жермен қарайлас шағындары да бар. Жұлдыздар саны әлденеше миллиардтан асып кеткен.Жерге ең жақын жұлдыз---Күн. Оның төңірегінде аспан денелері планеталар айналып жүреді.(планета –грекше адасушы жұлдыз деген сөз)
Планеталар—өзінен жарық шығармайтын салқын денелер. Бірақ түнде жылтырап көрінеді. Ол күн сәулесіне шағылысуынан солай көрінеді.Планеталардың айналасында серіктері айналып жүреді. Жер серігі-Ай. Күн және күнді айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды.Күн жүйесі –Әлем кеңістігінің немесе Ғарыштың бір кішкене шағын мүйісі ғана. Ол Галактика деп аталатын жұлдыздар жүйесіне кіреді. Әлемде ондай галактикалар миллиондап саналады..
Жерді қоршаған бүкіл дүние –ӘЛЕМ немесе ҒАРЫШ деп аталады.
Адам ерте кезден –ақ Ғарышты зерттеуге тырысқан. Ғарышқа жол 1957 жылы 4қазанда ашылды. Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961жылы 12 сәуірде адам баласы бірінші рет ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. Ол—Ю.А. Гагарин.
Оқулық бойынша қосымша материалмен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.