Дүниетану . 27.02.16. Тақырыбы: Балалардың ата-аналар алдындағы парызы Мақсаты: Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер тақырыбын мазмұнымен таныстыру.
Теориялық ойын, сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту.
Үлкенді құрметтеуге , ата-ананы қадірлеуге , кішіпейіл болуға, үлкенге көмектесуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас сабақ Көрнекілігі: суреттер.
Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық . Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.