ІІ. Білімді тексеру кезеңі: -Жыл мезгілдері неге өзгереді? -Жер орбитасы деген не?
- Жер күнді қанша уақытта айналып шығады?
-Қыс пен жаздағы күннің орналасуы қалай болады?
--Күн мен түннің ауысуы неге байланысты? -Жыл мезгілдерінің ауысуы ше?
-Күн мен түн ауысуына кеткен уақыт қалай аталады?
-Жердің Күнді айналып шығуына кеткен уақыт қалай аталады?
ІІІ. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын, мақсатын хабарлау. Қоғам. Отбасы –шағын қоғам.
ІV. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: . Кіріспе: Отбасы деген не?Отбасының мүшелері деп кімдерді айтамыз?
Қоғам деген не? Мысалы, Қазақстан Республикасының қоғамы, оның алып жатқан аймағы бар,басқарушысы, халқы бар.Осы қоғамның өркендеуіне әсер ететін түрлі өндірістер жұмыс істейді.Отбасын неге «қоғам»дейді? Оның да басшысы бар. Ол не әкесі немесе анасы.Басшы отбасындағы бүкіл шаруаны ұйымдастырады.Барлығына қамқор болып,бастарын біріктіреді.Отбасының тұратын мекенжайы, өз табысына қарай шаруасы болады.Отбасы мүшелері шамасына қарай іс атқарады.Жұмыс істейді, оқиды, үй шаруасымен айналысады.Барлығының ортақ ісі –отбасының татулығы,әр мүшесінің дамуына жағдай туғызу.Отбасындағы шаруа ақылдасып шешіледі.Табысы да ортақ.Отбасында «қор»деген бар.Ол қор қалай жиналады деп ойлайсың?(оқушылардың пікірін тыңдау)Отбасындағы ата-ананың ақылымен туған-туыспен қарым-қатынас реттеледі.Қарым-қатынас түрі көп: қонаққа шақыру, тойға көмек беру,ауырып-сырқағанға көмек беру, кәмелетке келгендерді үйлендіру.т.б.Адам өз басынан басқа да шаруаларға көмек қолын созса- ол оның адамгершілігі. Мейірім болған жерде адамдық қасиет те болады. Сен көмек қолын созсаң, саған да керек кезінде көмек қолын созатындар табылады.Осылайша отбасы шағын «қоғамның» жұмысын атқарады.
Отбасы туралы суреттермен әңгіме жүргізу.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Өз отбасы туралы қысқаша мәлімет беру.
(атасы,апасы,әкесі,анасы, бауырлары, олардың бір-бірімен қарым-қатынасы туралы)