Сабақ типі: Аралас сабақ. Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу. Көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелер



бет40/56
Дата05.02.2022
өлшемі0,71 Mb.
#7608
түріСабақ
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
VІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 132-133- беттерді оқу, мазмұны.
«Отбасындағы татулық»тақырыбына шығарма жазу. ІХ. Бағалау.

Дүниетану . 24.02.16.


Тақырыбы: Отбасындағы құқықтық нормалар

Тақырыбы: Отбасындағы құқықтық нормалар.


Мақсаты: Отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері және қоғамдық топтар жайлы түсінік қалыптастыру;
Іздену, ойлау, топта жұмыс жасау дағдыларын дамыту,іс –әрекеттері үшін жауап беру, туысына қамқор болу сияқты дағдыларды қалыптастыру;
Отбасы мүшелерін қадірлеуге үлкенді сыйлауғатәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс, шығармашылық тапсырмалар.
Көрнекілігі: ҚР Конституциясы, Бала құқығы туралы Конвенция, түрлі суреттер, плакат, бояулар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Кестені толтыру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
А) Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді оқу, топпен талдау.
1- топ «Әкелер» тобы әкенің отбасылық міндеттерін,
2-топ «Аналар» тобы аналардың отбасылық міндеттерін,
3-топ «Балалар» тобы балалардың отбасылық міндеттерін зерттеп, талдайды.

Б) Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Бала құқығы туралы заңмен таныстыру.


-Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі. Сондықтан негізгі заңды елдің Туы, Ән - ұраны және Елтаңбасы секілді қадірлеу, құрметтеу – біздің парызымыз» – деген.
Конституция – елдің барлық ережелері жинақталған мемлекеттің негізгі құжаты. Сондықтанда біз оны Ата Заң деп құрметтейміз.
2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң» қабылданды. Бұл заң 9 тарау, 53 баптан тұрады. 2002 жылы 2 қыркүйекте Қазақстан «Бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды», сөйтіп Қазақстанның «Балалар құқығы туралы заңы» енгізілді.
Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.
Сұрақ: Сендерге бала құқығының қандай түрлері таныс?
Әр топ жауап береді.
БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ
21-бап. Баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы.
Баланың мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, әрбiр баланың отбасында өмiр сүруге және тәрбиеленуге құқығы, өзiнiң ата-анасын және басқа да жақын туыстарын бiлуге құқығы, олардың қамқорлығы мен тәрбиесiн алуға құқығы бар.
22-бап. Баланың отбасындағы құқықтары
Әрбір бала отбасында Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында белгіленген жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие.
«Біліп жүрейік!»
1-маусым – халықаралық балаларды қорғау күні
20-қараша – дүниежүзілік балалар күні
10-желтоқсан – адам құқығы күні
10.12.1948ж – адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясын БҰҰ қабылдады
1959ж – әлемде бала құқығының халықаралық күнін мерекелеу Декларацияны жариялаудан басталды
1979ж – халықаралық балалар жылы өтті
20.11.1989ж - БҰҰ-да Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды
28.01.1993ж - ҚР-ның тұнғыш Конституциясы қабылданды.
8.06.1994ж – Қазақстан Республикасы Бала құқықтары туралы Конвенцияны бекітті
30.08.1995ж - ҚР-ның Конституциясы бүкілхалықтық референдумда баяндалып, екінші рет қабылданды.
1993 жылдан бастап 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып аталады.
ІҮ. Қорытынды.
Сонымен балалар әр отбасының мүшелерінің атқаратын өз міндеттері болады.
— Бүгінгі сабақта не түсіндік?
— Отбасы –шағын қоғам. Отбасы өзін –өзі қамтиды, асырайды. Отбасы адамдары әрқашан үлкен сүйіспеншілікпен тату, бір –біріне қамқоршы, көмекші болуы керек.
Ү.Үйге тапсырма.
1. Мәтінді түсініп оқу.
2.« Отбасы-шағын қоғам» тақырыбына әңгіме жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет