Сабақ типі дәріс Сабақ мақсаты: Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау Тәрбиелік


Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна Пәні



бет3/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Мәміле ұғымы



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.

2. Стратегиялық бағыттар.

3. Конституциялық заң

4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері экономика да, құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынғанмемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.



  • Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.

  1. Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.

  2. Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.

  3. Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық-құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.

  4. Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.

  5. Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері. Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.

Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

  • Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.

Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:

  • шартты жасау еркіндігі;

  • шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;

  • жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;

  • тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;

  • тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.

Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтықсалдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін

Бекіту сұрақтары

1.Заңның анықтайтын дәрежесі

2. Құқықтың алғашқы элементі

3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны

4.Мінез-құлық дегеніміз

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 5 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Мәміленің жазбаша нысаны



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Заңның анықтайтын дәрежесі

2. Құқықтың алғашқы элементі

3.Құқықтың әлеуметтік өмірде алатын орны

4.Мінез-құлық дегеніміз
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Заңдар кейбір мәмілелер үшін тараптар қол қоятын құжатты қарастыруды ғана талап етпестен, сондай- ақ мәміленің мазмұнын белгілі бланкіде баяндауды, қойылған қолдарды мөрмен куәләндіру және т.с.с. талап ете отырып, мәміленің жай жазбаша түрін куәләндіре түседі. Егер олар заңда не тараптардың келісімінде көзделсе, мәміленің жазбаша түріне мұндай талаптар қою міндетті болады. Қалған жағдайларда, егер тіпті мәмілені заңды тұлғалар жасайтын болса да, аталған талаптардың сақталуы міндетті емес. Мұнда мәмілені жазбаша түрде жасаудың жалпы ережелерінің бұзылмауы жеткілікті болады.
Егер азамат дене кемістігіне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты құжатқа өзі қол қоя алмайтын болса, онда оның өтініші бойынша мәмілеге басқа азамат қол қоя алады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, басқа адамның қойған қолын нотариус немесе осындай нотариалдық әрекеттер жасауға құқөылы басқа лауазымды адам мәміле жасаушының оған тікелей өзі қол қоя алмауының себептерін көрсете отырып, куәләндыруы тиіс.
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап келесі тараптан да орындағанын растайтын құжатты талап етуге құқылы. Жасалуы кезінде орындалатын мәмілелерден басқа, ауызша жасалған кәсіпкерлік мәмілені орындаған тарап та осындай талап қоюға құқылы. Қолхат, квитанция, жүк қағаздары, әдетте, осындай құқық бола алады.
Заң құжаттарына немесе тараптардың келісімімен белгіленген реттерде жазбаша мәмілелер олрды нотариат куәләндырғаннан кейін жасалады деп саналады.
Мәмілелерді нотариалдық куәләндыру қажеттігі туралы талаптарды заң мәммілелердің нақты түрлеріне ғана қояды. Мысалы, АК-ның 58-бабының 5 тармағы шаруашылық серіктестік құру жөніндегі құрылтай шартын нотариалдық куәләндыруды талап етеді. Заң талап етілетін нысанды оны қарапайымдату жолымен бұзуға тыйым салады. Мәмілені нотариалдық куәләндыруды талап ету кезінде оны жай жазбаша түрде жасаумен не жазбаша түрде жасаудың орнына ауызша түрді қолдануменшектелуге болмайды. Керісінше, мәмілеге қатысушылардың өзара келісіп отырып, белгіленген нысаннан оны күрделендіруге қарай шегінуіне әбден күрделі және ол тараптар үшін ешқандай теріс зардаптар туғызбайды. Мысалы, заң ауызша мәміле жасауға жол беретін реттерде де, тараптар мәмілені жазбаша түрде жасауға құқылы; заң мұны талап етпесе де, тараптар жазбаша мәмілені нотариалдық куәләндыруға құқылы.
Мәмілелердің түрлері.Мәмілелердің тараптардың санына, жасалды деп саналған уақытына, өтелмелілігіне т.б. жайттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және сол жеткілікті болатын мәмілелер – бір жақты мәмілелер деп саналады. Мысалы, меншік құқығынан бас тарту(Азаматтық Кодекстің 250бабы), сенімхат беру (Азаматтық Кодекстің 167бабы) сияқты мәмілелер жатады. Бірақ, біржақты мәмілені екі немесе одан да көп адамдардың жасауы да жоққа шығарылмайды. 
Жасалуы үшін екі жақтың ерік білдіруі талап етілетін мәмілелер екі жақты мәмілелер деп танылады. Шарттар деп аталатын мейлінше көп тараған мұндай мәмлелерге сатып алу-сату, мүлікті жалдау т.б. шарттар жатады.
Әрбір қатысушысы дербес тарап болып табылатын үш және одан да көп тараптар жеке ерік білдіретін мәмілелер – көп жақты мәмілелер болып табылады. Мысалға Азаматтық кодекстің 228-бабы бойынша жасалатын бірлескен қызмет туралы шартты атап өтсек болады. 
Осылармен қатар, белгілі бір себеп бойынша да бөлінеді. Бұл белгі бойынша мәмілелер: казуалдық және абстрактылы болады.
Казуалдық мәмілеледің жарамдылығы оны жасау ушін негіз болған нәрсеге байлансыты болады. Жасалғандығының ешқандай негізі жо, әншейін көз алдау үшін жасалған мәмілеледің әсіресе заңды күші болмаймайды.
Егер мәмілеге қатысушылардың шынайы еркі көрінбесе онда олар абстрактілі мәмілелерге жатады.

Бекіту сұрақтары

1.Азаматтық құқық туралы түсінік

2.Азаматтық құқық субьектілері

3.Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары

4.ҚР азаматтық заңдары

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: § 6лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары




Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Мәміленің жарамсыздығы



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Азаматтық құқық туралы түсінік

2.Азаматтық құқық субьектілері

3.Азаматтық заңдардың негізгі бастаулары

4.ҚР азаматтық заңдары

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру



Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқык теориясында мәмілелердің жарамсыз
Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді.
Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің
Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады: 
а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелер
ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі
б) есуастық немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан әрекет
в) сот әрекет кабілетгілігін шектеген адам жасасқан мәмілені
г) әрекет кабілеттілігі болғанымен, мәміле жасаған кезде
Жоғарыда аталған мәмілелер бойынша әрекет кабілеттілігі бар тарап
Азаматтық кодекстің 159-бабында заңды түлғалардың жарамсыз мәмілесін жарамсыз
ақауы бар мәмілелер екі топқа бөлінеді:
Бірінші топка бір тараптың екіншісін алдау, зорлық, қорқыту.Ерік ақауы бар жоғарыда аталған мәмілелердің жарамсыз болуының Зорлап мәміле жасату дегеніміз, мәмілеге қатысушыны мәжбүрлеп онын Қорқыту — тұлғаға мәміле жасамаған жағдайда онын өзіне
Қорқытудың салдарынан мәмілені жарамсыз деп тану үшін коркыту Бір тараптың екіншісімен зүлымдық ниетте келісімге келуі ерік Алдау аркылы және жаңылысу немесе кіріптарлыкпен жасалатын мәмілелермен бар
Мәміле жарамды болуы үшін ерік және ерік білдіру
2.1 Мәміле нысаны және оның мәні. 
Мәміле еріктің мәлімдеуінен туындайтын құқықтық мәнге заңмен бекітілген
Мәміле ауызша және жазбаша нысанда жасалады. Егер мәмілеге
Заңдармен немесе тараптардың келісімімен жазбаша (жай не нотариалдық)
Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзгеде растайтын белгі
Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәмілелер,
Конклугентті әрекет (латынша concludere-жасау) сол арқылы тұлғалардың мәмілеге
Мәмілелердің жазбаша түрі өз кезегінде жай және нотариалдық
Жазбаша келісім шартының графиктік 
Кәсіпкерлік іс жүргізгенде жасалған мәміле жазбаша нысанды талап
Жазбаша түрде жасалған мәмілені орындаған тарап екінші
Жазбаша нысандар жасалуға тиіс: 
Айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттердің нысанына
Кепіл пұл туралы келісім кепілпұлдық сомасына қарамастан жазбаша
Кепілдік немесе кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға
Егер кепілдік беруші немсе кепіл болушы борышқордың міндеттемені
Мәмілемен жазбаша нысанда жасау жиі хатпен, телеграммамен, телефонограмма
Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен
Акцепт толық әрі бұлтарсыз болуға тиіс. Егер
Мәміленің кейбір түрлерін жасау үшін бірдей 
Комерциялық құқығымен жасалған және µз қызметінің сипатына қарай
Комерциялық ұйымның заңдарға кµзделген жайғдайлардан басқасында, жәрдем шарт
Бұндай жағдайда құжат мәлімне кµрсететін, бірдей белгіленген нысанда
Кейбір мәмілелерге заңнама жай жазбаша нысанды
Егер азамат кемтарлығы, науқастығы немесе сауатсыздығы салдарынан µзі
Заң актілерімен бекітілген жағдайда немесе тараптан, келісімімен, жазбаша
Нотиаттық куәләндыру мәселені талап ету қажеттілігі мәліленің белгілі
Талап етілген нысанды жеңілту жолымен бұзуға заң тиым
Заң кейбір жағдайда мәміленің тіккеліке жасалуын талап етеді.
Қозғалмайтын заттарға меншік құқығы басқа да құқықтар, бұл
Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге
Заң актілеріне сәйкес мемлекеттік немесе сµзге де тіркеуге
Тіркеуден бас тартылу жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және
Егер мемлкеттік тіркеуді керек ететін мәнім тиісті нысанда
Мәнім заң бойынша тіркеуге қажетті заң бойынша тіркеуді
мәселе толық заңдық кешке ие болады. 
Тіркеу құжатты мәлімеде алынған субективтік құқығын дәлелденді. 
Тіркеудің бірдей жүйесі толық есебін дұрыстыруға мүмкіндік береді,
Мәселенің нотариаттық куәләндіруді немесе олардың мемлекеттік тіркеуі ұқсас
Талаптардың толық жүргізілуі үшін тәуелсіз мекемелер мүдделерді тіркеу
Наториатты куәлендру қажеттлігі талабымен және мемлекеттік тіркеу еін
Бұл жағдай жауаптылықты бекіту жолымен шешіледі. 
Заң құжаттарында немесе тараптардың келісімге белгіленген реттерде жазбаша
Мәміленің жазбаша нысанын сақтамау салдары. 
Әдеттегі талапты сақтамау салдары мәселеге қалысатын, оларды эарамсыз
Заңда екі жауап шығады; біреуі жалпы қағида ретінде
Жалпы қағида, мәселенің жазбаша нысанының ауызша оның жарамсыздығына
Бірақ бұл жағдайда бұзылғанғ салдары белгісін болып танылады.
Қарызданушы ақшаны қайтармайды, және сотқа несие берушіден алмайды
Сондықтан бұл жағдай мәмілеге міндетті талаптардың бұзылуы жалпы
алып тµлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан
Егер кепілдік беруші немесе алушы басқарудың міндеттемені орындауын
міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не
Ішкі экономикалық мәні сауда мәмілесі Қазақстанмен шет ел
Мәселенің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып
Заң құжаттарда немесе тараптардың келісімде тікелей кµрсетілген реттерде
Ішкі экономикалық мәселенің жарамдылығын растау үшін құжырадан мµр
Жоғарыда қµрсетілген кейбір жағдайлар мәселені жазбаша жасау үшін

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:»Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады». Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.


Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық — заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз — ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда  мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК- тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы);  2)кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің  96-бабының 3-тармағы); 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы); 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-бөлігі),сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі(АК- тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы); 5)  серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі  ) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.

Заңды тұлғаға қатысты халықаралық жеке құқық теориясында 2 ұғым қолданылады:1. Заңды тұлғаның жеке мәртебесі

2. Заңды тұлғаның ұлттылығы.

Заңды тұлғаның жеке мәртебесі дегеніміз – ол заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын анықтау.Заңды тұлғаның ұлттылығы дегеніміз – ол белгілі бір заңды тұлғаның, белгілі бір мемлекетпен байланысын білдіреді.Заңды тұлғаның ұлттылығы жөнінде халықаралық жеке құқықта 4 доктрина қалыптасқан.

1. Инкорпорация – заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, заңды тұлғаның жеке жерінің заңы қолданылады.

2. Отаршылдық немесе тұрақтылық доктринасы – заңды тұлғаның басты органы қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңы қолданылады. Яғни, оның әкімшілік органы орналасқан жерінің заңы қолданылады.

3. Қызмет ету немесе шаруашылық жүргізу доктринасы. Заңды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады.

4. Бақылау доктринасы – бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңы саналады.Қазақстан заңы бойынша, заңды тұлға құрылған елдің құқығы осы заңды тұлға заңы болып саналады.Заңды тұлғаның азаматтық құқық қабілеттілігі де осы заңды тұлғаның жеке заңымен реттеледі.Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет