Сабақ типі дәріс Сабақ мақсаты: Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау Тәрбиелік


Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна Пәні



бет2/8
Дата18.02.2017
өлшемі1,52 Mb.
#10233
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Азаматтық құқық

Жалпы тақырып ҚР азаматтық заңдары



Сабақ типі дәстүрлі сабақ

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.ҚР Конституциясы туралы сипаттама беріңіздер.

2.Конституцияның құрылымы.

3.Конституцияның заңдық күші

4.1995ж Конституция туралы түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру



Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен, Қазақстан Республикасының оған сәйкес қабылданған өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарынан, Парламенттiң қаулыларынан, Парламенттiң Сенаты мен Мәжiлiсiнiң қаулыларынан (заң актiлерiнен), сондай-ақ осы Кодекстiң 1-бабының 1,2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларынан тұрады. 
      2. Осы Кодекстiң 1-бабының 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, азаматтық құқықтың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде қамтылған нормалары осы Кодекстiң ережелерiне қайшы келген жағдайда осы Кодекстiң ережелерi қолданылады, Қазақстан Республикасының заңдарында қамтылған және осы Кодекстiң нормаларына қайшы келетiн азаматтық құқық нормалары Кодекске тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылады.
      Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының негізгі бастауларына қайшы келмейді.
      3. Банктер мен астық қабылдау кәсiпорындарының құрылуына, қайта ұйымдастырылуына, банкроттығына және таратылуына, банк қызметiн бақылау мен оны аудиторлық тексеруге, астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн бақылауға, банк операцияларының жекелеген түрлерiн лицензиялауға, банктерді қайта құрылымдауға, астық қабылдау кәсiпорындарының қойма куәлiктерiмен операцияларды жүзеге асыруға байланысты қатынастар банк қызметiн және астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн реттейтiн заң актiлерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде осы Кодекспен реттеледi. 
      Банктер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, сондай-ақ клиенттер арасындағы банк арқылы қатынастар азаматтық заңдармен осы баптың 2-тармағында белгiленген тәртiп бойынша реттеледi. 
      4. Азаматтық қатынастар, егер әдеттегi құқықтар, соның iшiнде iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтар Қазақстан Республикасы аумағында қолданылып жүрген азаматтық заңдарға қайшы келмесе, солармен реттелуi мүмкiн. 
      5. Министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, осы Кодексте және өзге де азаматтық заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен шектерде азаматтық қатынастарды реттейтiн актiлер шығара алады. 
      6. Азаматтар мен заңды тұлғалардың осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң құжаттарында белгiленген құқықтарын мемлекеттiк басқару органдары мен жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құжаттары шектей алмайды. Мұндай құжаттар қабылданған кезден бастап жарамсыз болып табылады және қолданылмауға тиiс. 
      7. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шетелдiк жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар азаматтық заңдарда Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары үшiн қандай құқықтар мен мiндеттер көзделсе, нақ сондай құқықтарға ие болуға қақылы және сондай мiндеттердi орындауға мiндеттi. 
      8. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады. Халықаралық шарттан оны қолдану үшiн заң шығару талап етiлгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар тiкелей қолданылады. 
Бекіту сұрақтары

1.ҚР азаматтық заңдары немен реттеледі?

2.

3. Конституциялық заң

4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.

Сабақты қорытындылау:

Ұлт көшбас­шысы Нұрсұлтан Назар­баев­­тың айтуы бойынша, «Бү­гіндері Қазақ­

стандағы реформалар тәжірибе­сінің нәтижелі екендігін халық­аралық



сарапшылар ғана емес, сонымен бірге әлемдегі бас­ты мемлекеттер лидерле­рінің

өзде­рі де мойындап отыр. Қазақ­станның көш­басшылығы сәтті таңдап алын­ған

өтпелі дәуірдің саяси-эко­номикалық үлгісіне негізделген».

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: ІІ Бөлім,§4 лекцияны толықтыру






Сабақ жоспары




Тобы






















Мерзімі






















Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Азаматтық құқықтар мен міндеттер



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.

2. Стратегиялық бағыттар.

3. Конституциялық заң

4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады. 
      Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
 
      1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
 
      2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;
 
      3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
 
      4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
 
      5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
 
      6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
 
      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
 
      8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.


Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. 
Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құқықтардың жүзеге асырылмауы, заңнамалық актілерде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкеп соқпайды.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс.
 Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. 
      Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi.Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi.


Бекіту сұрақтары

1.ҚР тәуелсіздігі туралы сипаттама беріңіздер.

2. Стратегиялық бағыттар.

3. Конституциялық заң

4.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияға түсініктеме.

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: лекцияны толықтыру,конституцияның баптарын

қайталау

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Заңды тұлға ұғымы



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы



Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

2. Заңды тұлғаның құрылтайшылары

3. Заңды тұлғаны қайта құру

4.Заңды тұлғаны тарату негіздері
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Заңды тұлға дегеніміз адамның кез – келген жиынтығы емес, ұйымдық бірлігімен бөлшектенетін, яғни мақсаттарымен міндетпе, құқықтары айқын көрсетілген өз жарғысы және ережесе бор ұйымдық бірлік.

Құқықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33- бабында оған мынадай тұжырым берілген:   «Меншік, шаруашылық жүргізу  немесе жедел басқару құқығындағы  оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүиеге асыра алатын ұйым заңды тұлға деп таңылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады»

Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынандай белгілері бойынша айқындайды:

1. ұйымдасқандық бірлігі;

2. мүліктік оқшаулығы;

3. Дербес мүліктік жауапкершілігі;

4. Азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.

Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан  бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан  заңның  өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымнан көрінеді, сол арқылы  қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін,егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы немесе құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.



Мүліктік оқшаулық – заңды тұлғаның экономикалық  құқықтық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргүзу немесе оралымды басқару құқығы  туралы болып отыр.Комерциялық ұйымдағы  дербес балансын мөлшері мен мекемедегі  смета заңды тұлғаның  оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.

Дербес мүліктік  жауапкершілік дегеніміз-Ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиеселі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже .Ал, меншік  иесі қаржыландыратын мекеме мен қазыналық  кәсіпорындар Азаматтық кодекстің  44- бабының 1- тармағы 2-бөлігіне  сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді.Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның  міндеттемелері бойынша қосымша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық- құқықтық белгісі.Ол оның  сотта талапкер және жауапкер болуына ,өз атынан шарт жасасуға, бір жақты мәміле жасауына мүкіндік береді.

Азаматтық құқықтың негізгі субъектілерінің бірі заңды тұлғалар болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 33 бабының 1тармағының  1бөліміне сәйкес меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. 2002 жылы 12 желтоқсанда қабылданған  Азаматтық кодексте берілген түсініктен, заңды тұлға анықтамасының алдыңғы азаматтық заңнамаларында берілген түсініктерге қарағанда өзгермегенін байқаймыз.

Заңды тұлға – мүліктік қатынастардың басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтары мен міндеттер берген субьект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардың субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік азаматтық – құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының тәжірибелік маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар».

Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық — құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардың жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.

Сонымен жоғарыда айтылып кеткендей заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33 бабының 1 тармағының 1 бөлімінде баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс

Бекіту сұрақтары

1.Алғаш адам құқығының бекітілуі туралы түсініктеме

2.Адам құқықтарының категориясы

3.Тәуке ханның жеті жарғысы

4.15-20 ғғ.адам құқығының келісімдері туралы сипаттама

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: ІІІ Бөлім,§1 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі
























Оқытушы: Серікбаева Рахат Айдарбаевна

Пәні Құқық негіздері

Жалпы тақырып Азаматтық құқықтың обьектілері мен субьектілері



Сабақ типі лекция

Сабақ мақсаты:

Оқу (оқыту) тақырып бойынша жұмыс жасау

Тәрбиелік Оқушыларды білім алуға, құштарлыққа, іскерлікке, байқампаздық

қа, талғампаздыққа тәрбиелеу.

Дамыту Оқушылардың есте сақтау, тез ойлау, дұрыс және толық жауап беру

қабілетін, білімін дамыту.

Көрнекілігі ҚР мемлекеттік атрибуты, оқулықтар.

Пән аралық байланыс ҚР Конституциясы
Сабақ жүрісі

І. Ұйымдастыру моменті

1)Амандасу;

2)Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;

3)Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру

Қайталау сұрақтары:

1.Алғаш адам құқығының бекітілуі туралы түсініктеме

2.Адам құқықтарының категориясы

3.Тәуке ханның жеті жарғысы

4.15-20 ғғ.адам құқығының келісімдері туралы сипаттама

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру


Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен  қатынасқа түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас  субъектілері деп қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп. Азаматтық құқық қатынас  адамдар  арасында  қалыптасады.  Сондықтан  субъект  түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының  азаматтары  ғана емес, шет ел азаматтары жеке  азаматтығы жоқ тұлғалар бола алады.

Сонымен, азаматтық  құқық қатынас субъектілері мыналар:



  1. Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар

  2. Қазақстандық және шет елдік  заңды тұлғалар

  3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер

Азаматтық құқық қатынас объектілері.  Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге  бағытталған  әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.

Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың  спецификасы оның мүшелері өз әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы, мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық меншік нәтижелері.

Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке  мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.

Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда рәсімдеуге болады



Бекіту сұрақтары

1.Жеке тұлға дегеніміз.

2.ҚР Азаматтық құқығы бойынша жеке тұлға.

3.Азаматтың міндеттері

4.Әрекет қабілеттілік

Оқушыларды бағалау:

Үйге тапсырма беру: §3 лекцияны толықтыру

Сабақ жоспары



Тобы






















Мерзімі
























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет