Бақылаушының бағалау парағы
№
|
Бағалау өлшемдері
|
Лидер
|
Хатшы
|
Баяндамашы
|
Уақыт сақшысы
|
1
|
Тақырыптың ашылуына үлес қосу
|
|
|
|
|
2
|
Міндетін атқару
|
|
|
|
|
3
|
Топтық жұмысқа атсалысуы
|
|
|
|
|
Жарық дисперсиясын оқуға – 4минут.
Жұмысты қолдануға енгізуге – 4 минут
Білім алушыларға тақырыптың маңыздылығын ашу мақсатында жұппен жұмыс орындалады. Әр жұпқа шыны ыдысқа суды құйып, ішіне айнаны салып, сол айнаға жарық түсіру арқылы ақ параққа 7 түстің түсуін бақылайды. Осы құбылыс жарық дисперсиясы негізінде орындалғанын айтып, өз ойларын ортаға салады, қорытындылайды.
Жарық интерференциясы. Фазалар ығысуы тұрақты және жиіліктері бірдей толкындардың қосылуы жарық толқындарының өзара әрекеттесуіндегі көңіл аударатын жағдай. Мұнда кеңістіктің кейбір нүктелерінде толқындардың қабаттасуынан бір-бірін күшейтетін, ал басқа бір нүктелерінде керісінше бір-бірін әлсірететін интерференция құбылысы байқалады. Экранда күңгірт және ашық жолақтар кезектесіп орналасады. Бұл интерференция құбылысы.Когерентті толқындарды интерферометрлердің көмегімен алады. Ең қарапайым түрі — бір жарықты екіге жіктеу.
Ағылшын физигі Томас Юнг жарық толқындарының кеңістіктік когеренттігін алды. Ол S жарық көзінің алдына кішкентай саңылауы бар S1 тосқауылды орналастырды. Жарық толқындары ол саңылаудан өтіп, бірдей фазамен бір уақытта екі кішкене S2 және S3саңылауларға жетеді. Бұл саңылаулар бір-біріне жақын және жарық көзіне қатысты симметриялы орналастырылған (1-сурет).
Сондықтан S2 және S3 саңылаулары бір толқындық бетте жатыр деп есептеуге болады. Гюйгенс принципі бойынша толқындық беттің әрбір нүктесі екінші толқын көзі болып табылады.
Френель әдістері. Когерентті жарық толқынын алудың басқа жолын француз физигі Огюстjн Кан Френель ұсынды. Ол қос призма (бипризма) мен қос айнаны пайдаланды. Бипризма әрқайсысының сыну бұрышы өте аз болып келген бірдей екі призмадан тұрады. Олар бір-біріне табандарымен беттестірілген. Френельдің қос призмасының табанындағы бұрышы өте доғал -175° 179°. S жарық көзінен шыққан сәуле бипризмаға түседі де одан екі жарық толқыны S1 және S2 алынады. Олар шеңбердің бойында орналасқан.
Экранда тұрақты интерференциялық көрініс — кезектесіп орналасқан күңгірт, ақ жолақтар пайда болады. Қос айнаның жұмыс істеу приндипі де жоғарыдағы тәрізді Z1және Z2 айналары центрі О нүктесі болатын шеңбердің радиусы болсын дейік. Жарық көзі S шеңбердің бойында орналасқан. Z1 және Z2 айналары жарық сәулесін екіге жіктейді, олар экранның бір А нүктесіне жиналады.
Жұқа пленка әдісі. Су бетіне майдың, мұнайдың, бензиннің тамшысы тамғанда әр түсті сурет пайда болатынын білеміз. Ондай суреттер сабынның көпіршігінде де, инеліктің қанатының үстінде де байқалады (түрлі-түсті қосымшадағы 1-сурет). Бензиннің жұқа қабыршағының бетіне жарық түскенде қандай процесс жүретінін қарастырайық. Бензиннің жұқа қабыршағы жазық параллель пластиналардан алынады. S жарық көзінен шығатын сәуле қабыршақтардан өткенде бірнеше когерентті сәулелерге бөлінеді. Біз жарық интерференциясын түскен жарықтан да, шағылған жарьщтан да байқай аламыз. Бензин қабықшасы қалыңдығының үздіксіз өзгеруінен, жұқа қабыршақтағы интерференциялық сурет түрленіп отырады. Ньютон сақиналары жұқа қабыршақтардағы интерференцияның дербес түрі, ол жұқа қабыршақ қалыңдығының біркелкі өзгеретін жағдайында байқалады. 1675 жылы Ньютон астрономиялық рефрактордың дөңес объективі мен жазық шыны арасындағы жұқа ауа қабатының түсін бақылаған. Ньютон тәжірибесінде тығыз сығылған шыны мен объективтің арасындағы ауаның жұқа қабатының қалыңдығы шыны мен объективтің түйіскен жерінен объективтің сыртқы шетіне қарай біркелкі ұлғая бастайды.
Түстердің бір-бірінен ерекшелігі
Түстер ерекшелігі: қызыл–күш қуаттың символы;қызғылт сары– қызу қанды; сары–күн шуағы ,жылу символы,жасыл–тіршілік түсі,жағымды түс, көк– ашық аспан,өмір,өсу;көгілдір–сенімділікті,білгірлікті; күлгін –байлықты,жеңісті бейнелейді;ақ–тазалық,пәктіктіңм белгісі ; қара-қайсарлықты білдіреді.
Дисперсия – заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.
1. Кемпірқосақтың пайда болуы. Жарық жаңбыр тамшыларына түсіп, шағылып аспанда жарық шоқтарының жіктелуінен кемпірқосақ пайда болады.
2.Шөп пен жапырақтың түсі жазда жасыл боп, күзде сары боп көрінеді. Жазда жапырақ жасыл түстен басқасын шағылдырады, ал күзде сары түсті шағылдырады.
«Сигнал карталары» арқылы саралау – 4мин
Ақ парақ төрт бөлікке бөлінеді. Әрбір бөлікке дұрыс/бұрыс, жауабын білмеймін/жартылай білемін деген сөздер жалзылады. Оқытушының қойған сұрағына білім алушылар осы жазылған сөздері бар парақтың бөлігін көрсету арқылы жауап береді.
|
Практикалық, тәжірибелік жұмыстар
Қалыптастырушы Бағалау әдістері
|
Жаңа сабақты пысықтау – 10минут
«Жарық интерференциясы» мен «Жарық дисперсиясы» ұғымдарын бекіту үшін «Prasy» бағдарламасын қолданып, Де Бононың 6 ойлау қалпағы әдісін пайдаланамын. (3 минут)
Ақ (ақ бұлттар) - фактілер, цифрлар және мәліметтерді таза күйінде беру
Қызыл (от) – ішкі сезім, эмоция, сезінулер және интуицияны білдіру
Қара (тұман) – негативті ойлау, мысалы: “бұл орындалмайды, себебі....”
Сары (күн) - оптимизмді, ашықтықты, позитивті және конструктивті ойлар, ұсыныстар, мысалы: «неге, бұл міндетті түрде орындалады!»
Жасыл (дала) – жаңа идеялар ағымын тудыратын шығармашылық ойлар
Көк (аспан) – жоғары деңгейдегі жалпы көзқарастарды, білдіреді, қорытындылайды.
Бұл әдістің мақсаты: әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”
«Стоп кадр» - 2минут
«Голограмма» ұғымына бейнеролик көрсету
3 . 15-жаттығудың 2-есебін шығару – 5минут
Дескриптор:
Есептің берілгенін жазады;
Физикалық шамаларды ХБЖ келтіреді;
Қажетті шаманы анықтау үшін формуланы түрлендіреді.
Математикалық түрлендіруді орындайды;
Белгісіз шаманы анықтайды.
Есептердің дайын жауабы бойынша білім алушылар өздерін бағалайды
|
Рефлексия
Үй жұмысы
|
Екі жұлдыз, 1 ұсыныс арқылы кері байланыс жасаймын – 2минут
«Өзіңізді тексеріңіз» тапсырмасын орындату арқылы «Жарық дифракциясы» сөзін шығарып үй тапсырмасы екенін айту -3минут
|
Достарыңызбен бөлісу: |