Сабақ тақырыбы: Саяси қызмет. Тұлғаның саяси әлеуметтенуі және оның мағынасы Саяси мәдениет түсінігі, типтері
Пән атауы: Саясаттану және Әлеуметтану негіздері
Тобы: МК-215
Күні: 16.03.21
Сабақ типі; Теориялық
Саяси қызмет - саяси қатынастарды өзгертуге немесе оны сақтауға бағытталған белсенділік түрі. Саяси қызмет құрылымы: субъект (жеке тұлға, әлеуметтік топ), объект (субъект қызметі бағытталған нысан) және әрекеттің өзі. Саяси қызметте екі негізгі бағытты көрсетуге болады: саясатты қалыптастыру және оны жүзеге асыру. Ал бұл үшін саяси шындық туралы білім және құндылық бағыт болуы қажет. Осыған сәйкес саяси қызметтің үш түрі қалыптасқан: танымдық, құндылық және тәжірибелік. Саяси қызметті жүзеге асыру кезеңдері: объект жағдайын бағалау, болжау, объектінің нақты өмір сүру жағдайларына ұсынылған шараларын икемдеу, шараларды жүзеге асыру және қабылдағаннан кейін түзету енгізу. Саяси шешімдерді дайындау және жүзеге асырудың әртүрлі кезеңдерінде оған тұрғындардың барлығы қатыса алады.
Саясат бұл қызметін іске асыру үшін мемлекеттің,әртүрлі әлеуметтік топтардың , жекелеген адамдардың саяси мүдделерін қоргай білу керек, қоғамды оның барлық мүшелеріне ортақ мүдделер төнірегінде біріктіре білү керек.
Бұл қызмет ортақ мақсаттарды анықтау және сол мақсаттарға жету жолына бүкіл қоғамды бірегей саяси ерікке, арнаға жұмылдыру арқылы іске асырылады.
Осы қызметтер арқылы, айталық, коғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұлганың құқықтары мен еркіндіктеріне кепілдік беру, әлеуметтік қақтығыстарға жол бермеу, азаматтардың саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру сияқты мәселелер шешіледі.
Индивид- (лат. individuumбөлінбейтін) Объектілердің белгілі бір түрінен, тегінен класынан бөлініп шыққан жалқы, жеке объект. Казіргі логикада санадан тыс немесе оның ішіндегі объектоның белгілі бір қасиеттері бар және басқа объектілермен байланыса алады, бірақ сол қасиеттер мен байланыстар тарапынан қарастырылмайды.
Адам-адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипатайтын жалпылама ұғым.
Адамның аса күрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс қатынастары казіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түрінде байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі адамның бейнесіне әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.
Әлеуметтік рөл- қоғамдағы адамдардың белгілі бір алатын орнына, жағдайына, олардың басқалармен қарым қатынастарына байланысты және қабылдаған ережелерге сәйкес адамдардың атқаратын қызметтері
Тапсырма
Қамтылатын мәселелер: саяси қатынастарды өзгертуге немесе оны сақтауға бағытталған белсенділік
1-тапсырма Жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз
Әдебиеттер, сілтемелер:
1. Н.Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. А, 1996.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы 1999.
3. Саясаттануға кіріспе. Проф. Т.Т. Мұстафин. Алматы, 1994, 1,2,3 бөлімдер
Достарыңызбен бөлісу: |